3. Сөздің грамматикалық құрылысын меңгерту. Әр бір тілді түсіну үшін оны құрайтын сөздердің лексикалық мағынасын білу аз. Сонымен бірге осы сөздердің грамматикалық мағынасын түсіндіру керек.
Сөздің грамматикалық мағынасы дегеніміз – сөздердің байланысқа түскендегі мағынасы. Мектеп жасына дейінгі балаларға сөздің грамматикалық формасын меңгерту дидактикалық ойындар, грамматикалық жаттығулар арқылы жүзеге асырылады. Мектепке барғанға дейін балаларға ереже айтылмайды.
4. Мектеп жасына дейінгі балаларға сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру. Бұл міндет бойынша мектеп жасына дейінгі бала жеке құбылыстардың, буындарды, сөздерді дұрыс айтуға үйренеді және дыбыстық мәдениетті қалыптастыруда тәрбиешінің өзінің сөзді анық , қатесіз айтуға басты роль атқарады.
5. Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиетті таныстыру. Бұл міндет тәрбиешінің баяндауы немесе мәнерлеп оқуы арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар мектепке барғанға дейін бала оқылған әр бір шығарма бойынша толық баяндама айтуға, сол шығарманың оқиғасына деген пікірін білдіруге дағдыланады. Жалпы баланың көркем әдебиетпен таныстығы тақпақтар, шағын ертегілермен танысудан басталады. Сонымен қатар көркем әдебиет балаларға педагогикалық әсер берудің тиімді құралы . көркем шығармаларды оқу арқылы бала жалқаулық, қорқақатық, өзімшілдік сияқты жағымсыз әдеттерден жиіркеніп, жақсы мінез құлыққа тәрбиеленеді.
6. Мектеп жасына дейінгі балаларды сауат ашуға даярлау. Балабақшада жүргізілетін жұмыстардың барлығы баланы мектепке даярлауды көздейді. Сондықтан ересек тобынан бастап тіл дамыту сабақтарында сауат ашу жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Тіл дамыту әдістерін талдау, жинақтау әдісіне сәйкес балалар сөздерді буындарға, дыбыстарға бөле отырып, сөйлем құрауға үйренеді.
Осы аталған міндеттер бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы, сөздің дыбыстық мәдениетін балаларға үйреткен кезде грамматикалық формаларға көңіл бөлмеуге болмайды, яғни жеке сөздер арқылы дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыланған кезде белгілі бір морфологиялық тұлғаны да меңгертуді де естен шығармау керек. Сол сияқты сабақтың мақсаты байланыстырып сөйлеуге үйрету болса, бала тілінің сөздік қорын дамыту жағы да ескерілуі қажет.
2. Сөздік қорды дамытудың негізгі әдістері. Мектеп жасына дейінгі балалар тілінің дамуын зерттеген ғалымдардың пікірлерінше, олардың сөздік қоры мына түрде: екі жастағы балалардың сөздік қоры-500 сөзден астам, үш жастағы балалардың сөздік қоры шамамен-1200 , төрт жастағылардың сөздік қоры-1900 , алты- жеті жастағылардың сөздік қоры 2500-3500 сөз мөлшерінде болады екен.
Ұзақ жылдар арнайы жүргізілген зерттеу нәтижелері балалардың сөз меңгеруі отбасында, балабақшада жүргізілетін тәрбие жұмыстарына, ата-аналар мен тәрбиеші педагогтардың бұл аса маңызды мәселеге көңіл бөліп, баланың сөйлеу тілін дамыту, айналадағы өмір құбылысын ұғындыру, олармен сөйлесе отырып, пікірлесе білуге жетелеу, бала қызыққан сұрақтарға дұрыс жауап беріп отыру жұмыстарына байланысты екенін көрсету. Ал, тәрбиеші басшылыққа алатын білім мазмұны бағдарламада нақты көрсетілген. Сондықтен жас ерекшеліктеріне қарай жұпталған әр топта өтілген сабақтардың алдына қоятын мақсатын, бағдарламалық білім мазмұнын тәрбиеші жете білуге тиіс. Бұл жөнінде бағдарламада: тілді барлық жағынан дамыту керек: сөздің ана тілі нормасына сәйкес айтылуын, бағдарламаға сай болуын, бейнелілігін қамтамасыз етуі керек делінген.
Тәрбиеші балалардың жан жақты дамуы үшін барлық қажетті бағдарламаларды шараларды пайдаланып, балабақшаның қызметін балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының орындалуына бағыттап, білім беру сапасын арттыруға міндетті.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын байыту, дүниетанымын, ой өрісін кеңейтіп, адамгершілікке баулу ісінде көркем әдебиеттің алатын арны ерекше.
Ертегі, шағын әңгіме , өлең, мақал мәтел жұмбақ, сияқты балаларға лайықты көркем сөз жанрларының ежелден ақ тәрбие ісінде зор көмекші екені белгілі. Балабақшада тәрбиеленген, әлі мектеп жасыеа жетпеген балалар ата аналарынан, әже аталарынан естіген халық ауыз әдебиеті нұсқаларынн нәр алып өсетіні белгілі. Мұндай шығармаларды сәбилер қызыға тыңдайды, жылдам жаттап алады. Мысалы: «торғай», «Бақа, бақа, балпақ», «Санамақ», т.б. сияқты халық өлеңдері ойнақы тілімен, қайталама сөзімен, музыкалық үнімен бөбектерді баурап, сөз өнеріне брулиды.
Сол себепті де «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу» бағдарламасында 5 жасқа дейінгі балаларға әдеби шығармаларды оқу, тіл дамыту жұмысы үшін арнайы білім берілді.
Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезінен-ақ құмартып қызығады. Қысқа ертегі, өлең оқып берсе тез жаттап алады. Жаттау арқылы оның тілі жетіледі. Әдеби кейіпкерлердің жақсы ісіне сүйсінеді. Жаманнан жиренеді, бойын қорқыныш билейді. Балаларда жақсы және жаман іс -әрекет жөнінде түсінік пайда болады. Сөйлеу тілі жетіле түседі. Ал, тілінің дамуы баланың бойында қабылдай, ести білу сияқты психологиялық процестердің бірте-бірте қалыптасуына негіз болады.
№6Балабақшадағы тіл дамыту жұмысының жүйесі
1.Сөздің грамматикалық құрылысын меңгерту, дыбыстық мәдениеті, көркем әдебиетпен таныстыру, балалардың сауатын ашу, бала тілін дамыту жұмыстарын жоспарлау мен есепке алу, мектепке дейінгі педагогикалық колледжде «Тід дамыту әдістемесі» курсының оқытылуы.
2. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» (ҚР МЖМБС) стандартындағы индикаторлардың мазмұны, «Қатынас» білім беру саласы.
1.Сөздің грамматикалық құрылысын меңгерту, дыбыстық мәдениеті, көркем әдебиетпен таныстыру, балалардың сауатын ашу, бала тілін дамыту жұмыстарын жоспарлау мен есепке алу, мектепке дейінгі педагогикалық колледжде «Тід дамыту әдістемесі» курсының оқытылуы. Педагогикалық колледжде тіл дамыту әдістемесін оқыту арнаулы бағдарлама бойынша жүргізіледі. Бағдарламада Балаларды теориялық та, практикалық та жағынан әзірлеу міндеттері анық көрсетілген, сонымен бірге студенттердің сөйлеу мәдениетін жетілдіру, олардың болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын ояту міндеттері де қойылған:
Бағдарлама құрылысы мынадай:
Түсінік хат, оқу сағатының тақырып бойынша бөліну үлгісі, көркем мәтін бойынша логопедиядан практикум прграммасы, мұғалімдер мен Балаларға арналған әдебиеттер тізімі. Оқу жоспарына сай тіл дамыту әдістемесі ІІІ – IV семестрде оқытылуы керек. Тіл дамыту әдістемесіне 120 сағат берілген.
Тақырыптар былай бөлінген
|
Тақырыптар
|
Теориялық
|
Практикалық
|
Барлығы
|
1.
|
Ана тілінің рөлі
|
4
|
5
|
9
|
2.
|
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысының әдістемесі
|
4
|
6
|
10
|
3.
|
Сөздік қорды дамыту және айналадағы қоршаған ортамен таныстыру
|
6
|
10
|
16
|
4.
|
Грамматикалық құрылысты қалыптастыру әдістемесі
|
2
|
3
|
5
|
5.
|
Дыбыстық мәдениетті тәрбиелеу әдістемесі
|
4
|
5
|
9
|
6.
|
Байланыстырып сөйлеуге үйрету
|
13
|
16
|
29
|
7.
|
Көркем әдебиетпен таныстыру
|
7
|
9
|
16
|
8.
|
Жоспарлау және есепке алу
|
3
|
10
|
13
|
9.
|
Сауат ашуға даярлау
|
6
|
7
|
13
|
Барлығы
|
49
|
71
|
120
|
Бағдарламадағы тақырыптар белгілі бір жүйемен жасалған. Қалыптасқан заңдылық бойынша, практикалық сабаққа лекцияға қарағанда көп уақыт бөлінеді.Пед.коллледжде тіл дамыту әдістемесін оқытуда сабақтың бірнеше типтері қолданылады:
Жаңа ұғым, түсінік берілетін сабақ: мұндай сабақта лекция, әңгімелесу, топсаяхат секілді әдістер қолданылады. Балаларға тіптен таныс емес тақырыпты лекция әдісімен түсіндіруде болады. Осы пән бойынша өтілетін бірінші лекцияда пәннің мақсаты, не үшін оқытылатыны жайында айта келіп, Балаларды пәнге қызықтыра білу керек. Бірінші лекцияға көрнекі құрал пайдаланылса, тіптен тартымды болады. Онда балабақшадағы балалардың жазылған сөздерін тыңдату т.б. сондай-ақ бұл сабақты әңгімелесу әдісімен де өткізуге болады. Әр тарау бойынша бірінші оқытылатын лекцияға тиянақты дайындалу керек. Жаңа тарауды бұрынғы материалдармен байланыстыруға ерекше мән беріледі. Балабақшада өткізілетін топ саяхат, сабақтың да рөлі күшті. Теория мен практиканы байланыстыра өткізген сабақты Балалар қызыға тыңдайтын болады. Мысалы, «Балабақшадағы кітап бұрышы» деген арқылы ұйымдастырса, сабақ тартымды да әсерлі өтеді.
Білімді бекіту және қайталау сабағы. Мұндай сабақта өткен материалды тереңдетіп бекітуге арналған әдістер қолданылады. Мысалы, практикалық сабақтар, қорытынды әңгіме, жазба жұмысы т.б. тақырып бойынша негізгі мәселелер сұрақтар арқылы қорытылады. Практикалық сабақтың да кейбіреулерін балабақшада өткізуге болады.
Балалар білімін тексеру сабағы. Негізінен пед.колледжде мектептердегідей аралас сабақ өткізіледі, ал кейде сабақ тұтас Балалар білімін тексеруге арналады. Үлкен тараулардан соң, бақылау жұмысын өткізуге болады. Семинар сабақтарында Балалар алдын-ала берілген сұрақтар бойынша баяндамалар даярлайды, сөйлейді. Ал мәнерлеп оқуда Балалар үйге берілген шығарма бойынша сынақ тапсырады.
Мектептегідей аралас сабақтарда пед. колледждерде жиі қолданылады. Мұндай сабақ Балалардың білімін өтілген материал бойынша дер кезінде тексеріп, Балалармен жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Аралас сабақты мына тұрғыда өткізуге болады:
Ұйымдастыру.
Өтілген материалды қайталау және бағалау.
Жаңа сабақ түсіндіру.
Жаңа сабақты бекіту және үйге тапсырма.
Аралас сабақ мұғалімдерге Балаларды жете тануға, олардың қабілетін байқауға мүмкіндік береді.
Сабақта тек қана білім беріліп қоймайды, сонымен қатар, тәрбиелік жағына да көңіл бөлу керек. Сабақта қолданылатын көрнекілік, техникалық құралдар, диафильмдер көрсету, мәнерлеп оқудан грам.жазбаларды тыңдату т.б. жұмыстар іске асырылуы тиіс.Мұғалім Балалардың сабақта жазған конспектілерін тексеріп, ақыл-кеңес беруі, сабақ өткізу әдістемесінде әрбір Балалардың сабаққа деген ынтасын арттырып, жеке жүргізе білу ерекше орын алады.
Балаларды белсендіруде:
1.Мұғалімнің жағымды, көңілді даусы, жылы жүзі бәрі әсер етеді. Ұйымдастыру кезінде мұғалім әр Балалардың сабаққа ынтасын аудара білуі керек.
2.Кім көп мақал – мәтел, жұмбақтар, жаңылтпаштар айтады, кім жоспарды тез құрады деген жарыс тапсырмалар жүргізуге болады.
3.Балалар білімін ауызша айтып, әділ бағалау да оларды қызықтыра түседі.
4. Балаларға жекелеген тақырыптар бойынша баяндамалар жаздыру да пайдалы жұмыс. Мысалы, «Ойыншықтар бойынша әңгімелеу» тақырыбынан өздерінің жақсы көретін ойыншықтарын естеріне түсіріп, сол туралы әңгіме жаздырту.
5. Балалардың жазба жұмыстарын уақытылы тексеріп отыру да, олардың сабаққа деген ынтасын арттырады.
6. Балаларға өз беттерімен жұмыс істеуге тапсырма берілгенде, екі оқушыға бір тапсырма беруге болады. Мысалы, естиярлар мен ересектер тобында сөздік қорды дамыту сабағының конспекті жоспарын жасату, содан соң салыстыру т.б.
Балалардың белсенділігін арттыруда сәтті келтірілген мысалдар, иллюстративті материалдар көрсету, әңгімелесу т.б. әдістер де үлкен рөл атқарады.
Тіл дамытудан сабақтан тыс та жұмыстар жүргізілуі тиіс. Қазақ тілі мұғалімімен бірлесіп, Балалардың дұрыс сөйлей білуіне, жалпы тіл мәдениетіне көңіл аударуы керек. Пед.кеңестерде Балалардың тіл мәдениетін көтеру үшін қандай жұмыстар жүргізу керектігі туралы сөйлеуге, баяндамалар жасауға тура келеді.Онда Балалардың тіліндегі кемшіліктері: дикция, бір тонмен сөйлеу, диалекті, жаргон сөздер т.б. айту керек.
Тіл дамыту әдістемесі мұғалімінің бастауымен пед.колледжде «Тіл мәдениеті» атты стенд шығаруға болады. Онда қысқа ақыл-кеңес, таблицалар, жақсы жазылған жазба жұмыстар, сөйлеген сөздердің үлгілері т.б. материалдар іліп қоюға болады. Сонымен бірге оқу-әдістемелік әдебиеттер балаларға арналған көркем шығармалардың жаңа туындыларынан көрмелер ұйымдастыруға болады. Мұғалім пед.колледждегі көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысып, Балаларға көркемсөз оқудан консультация беруіне болады.
Қуыршақ үйірмесін, конференциялар даярлау т.б. жұмыстар. Белгілі артистер, жазушылармен кездесу өткізу, театрларға апару т.б. Сондай – ақ пед.колледждің түлектері, қазіргі үлгілі тәрбиешілермен кездесулер өткізу де пайдалы.
Тіл дамыту әдістемесін оқыту ісін одан әрі жақсарту үшін колледждегі әдістемелік бірлестіктен жүйелі жұмысты роль атқарады. Бірлестік жетекшісі жылға арналған жоспар жасайды, онда айына бір рет өткізілетін мәжілісте қаралатын мәселелер көрсетіледі. Бұл бірлестік мұғалімдердің өздерінің теориялық білімдерін тереңдетіп, педагогикалық, әдістемелік жаңа басылымдармен танысады, семестрге арналған сабақ жоспарын талқылап бекітеді, педпрактика, өзара қатысу жоспары да осында талданады. Бірлестік жетекшісі өзінің әріптестерін жақсы білуі керек. Өзара сабаққа қатысу дәптердегі жазулармен танысып отырады. Озат тәжірибелер таратылады.
Колледждегі пәндік жабдықтар, керекті көрнекті құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс.
2. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» (ҚР МЖМБС) стандартындағы индикаторлардың мазмұны, «Қатынас» білім беру саласы.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 24-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітіліп, 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер пайдаланылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:
1) индикатор – бала дамуының көрсеткіші;
2) интеграция – жүйенің сараланған жеке бөліктері мен функцияларын тұтас жүйеге байланысқан жай-күйі, сондай-ақ осы жай-күйге келтіретін процесс;
3) құзыреттілік – мектеп жасына дейінгі баланың тәрбие, даму, білімділік деңгейі, қалыптасқан жеке басының қасиеттері, білім нәтижесінің типі;
4) негізгі құзыреттіліктер – күнделікті, кәсіби немесе әлеуметтік өмірлік жағдайларда қолданылатын, өмірдегі әралуан проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін білім, шеберлік, дағды, қабілет жиынтығы;
5) құзыреттілік тәсіл – стандарт талаптарына сәйкес оқу-тәрбиелеу процесін өз бетімен ұйымдастыру, педагогикалық әдіс-тәсілдерді таңдау;
6) білім беру ортасы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді тұлғалық, эмоционалдық, әлеуметтік және зияткерлік дамуы үшін пайдаланылатын перспективалық міндеттер мен құралдар жиынтығы қисынында құрылған мектепке дейінгі ұйымның ішкі өмірінің тұтас сипаттамасы;
7) білім беру саласы – мектепке дейінгі балалардың физикалық, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін білімді, практикалық дағды мен шеберлік жиынтығын қамтитын білім беру стандартының бір бөлігі;
8) білім беру траекториясы – педагогтің ата-аналармен және басқа мамандармен бірге белгілі мақсатқа қол жеткізу үшін межелеген бала дамуының үздіксіз процесі;
9) ұйымдастырылған оқу қызметі – педагог ұйымдастырған және тәжірибеде қолдануға қажетті білім, шеберлік, дағдыларды меңгеруге бағытталған қызметтің бір түрі;
10) үлгілік оқу жоспары – оқу мекемелерінің (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының) белгілі бір типтері үшін стандарттың бір бөлігі ретінде бекітілген негізгі мемлекеттік нормативтік құжат.
2. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары білім беру қызметін:
1) осы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына;
2) үлгілік оқу жоспарларына;
3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында Қазақстан Республикасының уәкілетті органы белгілеген тәртіппен әзірленген басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын, мектепке дейінгі ұйымдардағы пәндік-дамытушы ортаның мазмұнын анықтайды;
2) тәрбиеленушілер мен білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, тәрбиеленушілер мен білім алушылардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының педагогтеріне, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды анықтайды.
4. Стандарт талаптары:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде міндетті, олар мыналарға бөлінеді:
негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін негізгі (базалық, вариативті);
баланың қызығушылығы мен бейімділігін іске асыруға бағытталған қосымша;
2) ведомстволық бағыныстылығына, меншік нысанына, типіне және түріне қарамастан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру кезінде міндетті;
3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін дидактикалық оқу құралдары мен әдістемелік нұсқауларды әзірлеу кезінде міндетті;
4) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының және педагогтердің қызметін мемлекеттік аттестаттау кезінде міндетті.
2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
5. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары балалардың өмір бойына әлеуметтік табыстылық пен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге қажетті физикалық, тұлғалық, зияткерлік қасиеттерін дамытуға, негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған.
6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту:
1) баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды, толыққанды физикалық дамуын, Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салт-дәстүрлері негізінде салауатты өмір салтының құндылықтарын қалыптастыруды;
2) мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуының толыққанды кеңістігін құруды және кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз етуді;
3) тілді және ана тілін, қатынас мәдениетін дамытуды, сауаттылық негіздерін меңгеруге дайындауды;
4) мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік, құндылық бағдарын адамның оң мінез-құлқы, мінез-құлық нормалары мен ережелері, қазақстандық қоғамда қалыптасқан халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар үлгісінде қалыптастыруды;
5) өз Отанына, туған өлкесіне сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға, қоршаған орта, отбасы, түрлі ұлт өкілдеріне деген ізгі қарым-қатынасқа тәрбиелеуді;
6) балада қоршаған ортаның тұтас бейнесі, өзі және әлеуметтік ортасы туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыруды;
7) баланың танымын дамытуды, интеллектуалдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыруды, білуге құштарлықты дамытуды;
8) баланың бейнелеу, көркем тілдік, музыкалық іс-әрекетінде эстетикалық сезімдерін, шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз етеді.
7. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны мынадай бес білім беру саласын қамтиды: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».
8. Білім беру салаларының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, балалардың өзіндік іс-әрекеті және ересек адам мен баланың бірлескен іс-әрекеті арқылы іске асырылады.
9. «Денсаулық» білім беру саласы
Мақсаты: өз денсаулығына саналы қарауды, денсаулықтың адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін түсінуді тәрбиелеу, қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту және физикалық сапаларын қалыптастыру.
«Денсаулық» білім беру саласындағы ұйымдастырылған оқу қызметі:
1) дене шынықтыру;
2) қауіпсіз мінез-құлық негіздері, валеология.
10. «Коммуникация» білім беру саласы
Мақсаты: ана тілінің базалық құндылықтарын меңгерген, мемлекеттік және басқа тілдерде мәдени-әлеуметтік өзара қатынасқа дайын, айналасындағы ортамен ауызша және ауызша емес құралдардың көмегімен қатынас жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу.
«Коммуникация» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
1) тіл дамыту;
2) көркем әдебиет;
3) сауат ашу және жазу негіздері;
4) мемлекеттік, орыс және басқа тілдер.
11. «Таным» білім беру саласы
Мақсаты: танымдық іс-әрекет дағдыларын меңгерген, әлемнің тұтас бейнесін түсінуге және ақпаратты өмірлік маңызды проблемаларды шешуде қолдануға қабілетті мектеп жасына дейінгі тұлғаны қалыптастыру.
«Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:
1) сенсорика;
2) қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;
3) құрастыру;
4) экология негіздері;
5) қоршаған ортамен таныстыру.
12. «Шығармашылық» білім беру саласы
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік-эмоционалдық саласы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлау мәдениеті мен қиялын дамыту.
«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:
1) сурет салу;
2) мүсіндеу;
3) жапсыру;
4) музыка.
13. «Әлеуметтік орта» білім беру саласы
Мақсаты: әлеуметтік ортадағы жағымды мінез-құлық пен қарым-қатынасқа қабілетті әлеуметтік-бейімделген, шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілікке, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.
«Әлеуметтік орта» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:
1) өзін-өзі тану;
2) қоршаған ортамен таныстыру;
3) экология;
4) көркем әдебиет.
Мемлекеттік тілде оқытатын мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен топтарында «Қазақ тілі» пәні ұйымның қалауымен басқа пәндерге ауыстырылады.
Үлгілік оқу жоспарында әрбір жас кезеңдеріне арналған оқу жүктемесінің шегі белгіленген.
16. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының негізінде аптадағы нормативтік оқу жүктемесі білім беру ұйымдарындағы мектепалды сыныптары педагогикалық қызметкерлердің айлық жалақысын есептеу үшін 24 сағатты құрайды, оған:
1) базистік оқу жоспарын іске асыру бойынша білім беру қызметіне бөлінген 20 сағат;
2) күн тәртібінде жүзеге асырылатын білім беру іс-әрекетіне және балалардың түрлі іс-әрекеттеріне (ойын, еңбек, шығармашылық), ойын-сауық іс-шараларын өткізуге, сабақтарға дайындалуға бөлінген 4 сағат кіреді.
4. Тәрбиеленушілердің және білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Коммуникативті-тілдік құзыреттілік
№Құзыреттілік көрсеткіштері
1 жастан бастап 3 жасқа дейін
3 жастан бастап 5 жасқа дейін
5 жастан бастап 6 жасқа дейін
1.Қатынас мәдениеті
Құрдастарымен байланысқа түседі
Ересектердің сұрақтары мен өтініштеріне жауап береді, қарым-қатынас жасайды
Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережесін сақтайды
2.Тілдің-грамматикалық құрылымы
Түсінікті болу үшін ойын дұрыс айтуға тырысады
Сөздерді өзгертеді, басқа сөздермен сәйкестендіреді, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданады
Грамматикалық дұрыс сөйлеуге тырысады, тілге сыни қатынасын білдіреді
3. Тілдің дыбыстық мәдениеті
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтады
Ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтады
Сөздерді орынды қолданады, дыбыстарды ажыратады, мәнерлеп оқудың түрлі тәсілдерін қолданады
4. Сөздік
Өзі, отбасы мүшелері, сүйікті ойыншықтары туралы сұрақтарға жауап береді
Бейнелі ұсынылған жағдайларға сүйенбей, сөздерді қолданады, сөйлеу барысында етістіктерді жиі қолданады
Антоним, синоним және көп мағыналы сөздерді түсініп, сөйлеу барысында қолданады
5. Байланыстырып сөйлеу
Тілегін, сезімін және ойын білдіру үшін сөздерді қолданады
Қарым-қатынастың негізгі түрі - диалогты меңгеріп, 2-3 сөйлеммен өз ойын жеткізеді
Түрлі сөз таптарын, эпитеттер мен теңеулерді қолданып, монолог қалыптасады
6. Шығармашылық тілдік қызмет
Саусақ ойындарын, тақпақтарды жатқа айтады
Таныс ертегілерді айтады, ойыншықтар жөнінде шағын әңгіме құрастырады
Оқиғаларды құрастырады, ауыспалы және астарлы мағыналы ойларды түсініп, оларды қолдана біледі
7. Шығармаларды қабылдау
Халық ауыз әдебиеті шығармаларына эмоционалды түрде өз ойын білдіреді
Өзіне ұнайтын бірнеше шығармаларды атайды, ойында әдеби бейнелерді қолданады
Кітапқа деген қызығушылық білдіреді, өлеңдерді мәнерлеп жатқа айта алады
№7. Балабақшадағы тіл дамыту жұмысының жүйесі
1. Әдіс-тәсілдердің түрлері, мәні.
2. Сабақтарда сөздік, көрнекілік әдістерін қолдану.
3. Балабақшадағы тәрбиелеу, білім беру бағдарламасы. «Балбөбек», «Мәдени мұра», «Алғашқы қадам» (1-3 жас), «Зерек бала» (3-5 жас), «Біз мектепке барамыз» (5-6 жас), «Кемпірқосақ», «Балалық шақ» бағдарламаларының мазмұны, мәні.
Достарыңызбен бөлісу: |