Cайын Мұратбеков (1936-2007)
15 қазанда Алматы облысының Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында туған. 1957-1963 жж. 1963 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген ҚазМУ-де сырттай оқыған, 1971 жылы Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген.
Еңбек жолын 1954 жылы жұмысшы болып бастаған. 1962-1972 жж. «Жұлдыз» журналының, «Қазақ әдебиеті» газетінің редакцияларында бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры. 1954-1962 жж. туған ауылында колхозшы, мұғалім, аудандық, облыстық газеттердің әдеби қызметкері, 1962-1972 жж. «Жұлдыз» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші, Көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, 1972-1977 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде жауапты қызметкер, 1977-1980 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980-1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1984-1986 жж. «Жазушы» баспасының директоры, 1988-1991 жж. ҚЖО-ның екінші хатшысы болған. XI сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Жазушының алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған.
Сайын Мұратбековтің алғашқы әңгімелер жинағы «Менің қарындасым» 1961 жылы жарыққа шықты. Одан кейін «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) атты әңгімелер мен повестер кітаптары басылып шығады. Автор өз шығармаларында қарапайым халықтың мақсат-мұраттарына жету жайлы әңгімелейді. Оның шығармаларының басты кейіпкерлері – ауыл зиялылары, қойшылар, оқушылар.
Сайын Мұратбеков Ә.Әлімжановтың шығармаларын: «Жаушы» романын және «Көгілдір таулар», «Отырардан жеткен сый» повестерін; Г.Толмачевтің «Елбасы» және «Д.А.Қонаевпен кездескен 50 сәт»; Алекс ла Гуманың «Тас ғалам» романын қазақ тіліне аударды.
КСРО-ның «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған (1981). ХІ шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты (1984-1989). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1997). М.Әуезов атындағы сыйлықтың (1990), «Тарлан» сыйлығының (2004) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының (2006) иегері атанды.
Кітап көрмесіне Сайын Мұратбековтың өмірі мен қызметі жайында материалдар және жазушының шығармалары ұсынылған.
Содан бергі уақытта әңгімелері мен повестерінің «Менің қарындасым» (1961), «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы (1981), 1986 және 1991 жж. екі томдығы, 2004 жылы «Ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген.1989 жылы «Қалың қар», 1995 жылы «Өліара» повестері кітап боп шықты.
Алматы баспаларынан орыс тілінде «Дом молодых», «Камен тугай», «Дикая яблоня», т.б. кітаптары, Мәскеу баспаларынан әр жылдары жарық көрген «Дикая яблоня», «На вершине Учкары», «Запах полыни», «У теплого родника», т.б. кітаптары, Ташкентте өзбек тілінде «Евшан иісі», Қазанда татар тілінде «Әрем иісі», украин, белорус, грузин, армян, Әзірбайжан, литва, т.б. туыстас халықтар тілдерінде әңгіме, повестері, араб тілінде «Жусан иісі» повестері мен әңгімелері жеке кітап болып шықты.
Аударма саласында Әнуар Әлімжановтың белгілі роман-повестерін, сондай-ақ Г.Толмачевтің Д.Қонаев, Н.Назарбаев туралы деректі повестерін Алекс ла Гуманың «Тас ғалам» романын қазақшалаған.
«Тел өскен ұл» (реж. Ш.Бейсенбаев, 1976) кинофильм сценарийінің авторы. 2003 жылы «Жабайы алма» повесі үшін Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды.
«Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.
1990 жылы «Қалың қар» повесі үшін Қазақстан Жазушылар одағының М. Әуезов атындағы әдеби сыйлығы, 1998 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағы берілген. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2006).
Ұлы Отан соғысынан кейiнгi кезеңде халық құрметiне бөленген жазушы, Қазақстан Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, көркемсөз зергерi, бөлекше дарын иесi Сайын Мұратбековтың алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған.
Көркемсөз өрнегi ерекше, сұлу сөз иесi, сүйкiмдi шығармалар жазған халық жазушысы Сайын Мұратбеков Алматы облысындағы бұрынғы Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында 1936 жылы, 15-шi қазанда дүниеге келген Сайынды жастайынан атасы Мұратбек бауырына салып, өсiрiп-тәрбиелеген. Өз әкесi Сапарғали Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер.
Сайын Мұратбеков – қазақ прозасында орны айқын, көркемдік әлемімен баураған жазушының бірі. Жазушының шығармалары орыс, өзбек, татар, украин, белорус, грузин, әзірбайжан, литва, араб тілдерінде жарық көрген. Жазушы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының, М. Әуезов атындағы әдеби сыйлықтың және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
Қазақтың көрнекті қаламгері Сайын Мұратбековтың шығармалары оқырмандарға кеңінен мәлім. «Жусан иісі» повесін кезінде оқырмандар жылы қабылдап, ыстық ықыласын білдірген. Қаламгер әңгімелерінің басты тақырыбы мен көтерген өзекті мәселесі - ауыл өмірі мен әлеуметтік жағдайдың өзара байланысын суреттеу арқылы кейіпкердің азаматтық табиғи болмысын, адамгершілік позициясын, рухани тазалығын, жан сұлулығын, нәзік құбылыстарын, сан қырлы қайшылықтарын, психологиялық этюдтермен өрнектеу. Осы мақсатта, ауыл адамдарының адалдығын, аңқылдақ, кіршіксіз ақкөңіл мінездерін, бауырмалдығын, ішкі ой-сезім иірімдерін, мұңы мен мұратын көркемдейді, күйкі тірлікті мінеп, оқырмандарына ой салады.
Муратбеков С. Жусан иісі: Повестер, әңгімелер. - Астана: Аударма, 2010. - 624 б. - (Қазақ әдебиетінің кітапханасы).
Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» атты повесінде екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы кішкентай бір ауылдағы балалардың бастан кешкен оқиғасы, көрген ауыртпашылықтары, қазақ ауылының ауыр жағдайы, халықтың басына түскен қайғы-қасірет суреттеледі. Әңгімедегі басты кейіпкер – Аян. Оған ақылдылық, ұқыптылық, мақсаткерлік тән. Аянның маңайындағы балаларға айтқан ертегілері адамға ой саларлық құндылығымен ерекше.
Биылғы жыл бойы еліміздің барлық кітапханалары мен мектептерінде, сондай-ақ оқу орындарында, әскери бөлімдерде аталған кітап оқылып, халқымыз, жастар жазушы шығармаларымен кеңінен танысатын болады. Сондай-ақ Сайын Мұратбековтың шығармашылығына арналған әр түрлі іс-шаралар өтеді.
Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «жастар өмірінің энциклопедиясы» атанған Сайын Мұратбековтың «Жусан исі», «Басында Үшқараның...» атты шығармаларын қалың оқырмандар арасында насихаттау мақсатында кітап көрмелері, оқырмандар конференциясы, әдеби кештер мен саяхаттар, кітапханалық анонс, әдеби клуб отырыстары, пікірталастар, оқу марафондары және т.б. көптеген мазмұнды әрі қызықты шаралар ұйымдастыру жоспарланған.
Муратбеков С. Басында Үшқараның...: Повестер және әңгімелер. - А: Көркем әдебиет, 1982. - 399 б.
Осы шаралар аясында С.Мұратбековтың шығармалары талқыланатын болғандықтан кітапхана ұжымы барлық оқырмандарды, жалпы қала тұрғындары мен қонақтарын бір кісідей Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» және «Басында Үшқараның...» атты повестерін оқуға, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты кітапхана-бөлімшелерінде өткізілетін шараларға белсене қатысуға шақырады.
1
«В цветущем и плодоносящем саду
нашей многонациональной литературы
молодому дереву чуткой прозы
Муратбекова суждено уверенно расти и
быть видным издалека».
Достарыңызбен бөлісу: |