– адам. Сол адамның эстетикикалық, этикалық талғамы, арман-мақсаты, өмірінің мәні, сезімі мен түйсігі, болмысы мен ұлттық ойлау ерекшелігі ұлы ойшылды терең тебіреніске түсірген. Шығыс ойшылы ретінде Абай адам проблемасын үлкен ауқымда, яки қоғамдық, руханилық, құндылық, этикалық, эстетикалық тұрғыдан зерделеді. Ол адам табиғатын этикалық тұрғыда қарай отырып, «сегіз қырлы, бір сырлы» сырбаз адам, яки кемеліне жеткен, «толық адам» кейпінде алға тартады. «Абайға шығыстан кірген бұйымдардың басы ислам діні», - дейді Әуезов. Шындығында, Абайдың «жан сыры», «жан құмары», «жан қуаты», «жан жарығы», «хауас», «хауас сәлим», «хауаси хамса», «хауаси хамса заһири», «толық адам», т.б. философиялық ұғым танымдар жөніндегі көзқарасы Ислам философиясын терең танығанын байқатады. «Әрбір ғалым