Сынып: 10 Тәрбие сағаты: «Ауғанстан- жүректегі жара» Мақсаты: Білімділігі



Дата07.05.2017
өлшемі74,48 Kb.
#16189
түріСабақ
Ауғанстан- жүректегі жара

Сынып: 10

Тәрбие сағаты:

«Ауғанстан- жүректегі жара»

Мақсаты:

Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.

“Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу.



Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.

Әдісі: еске алу сабағы

Көрнекілігі:  Тақырыпқа сай слайд. Интерактивтік тақта.

Сабақ барысы

Жүргізуші:

Сол Ауғанда талай досты жерледік

Қарлы шыңға күн түн демей өрледік

Сұрапылда ерледік те шерледік

Намыс туын қолдан бірақ бермедік

 Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кездесуіміздің  аса құрметті қонақтары!

   Гимн.

Жүргізуші:

Сөз мектеп директоры Закенов Болат Нигметұлына беріледі.



Жүргізуші:

Соғыс жан алып – жан беру

Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт

 Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына  байланысты

«Ауғанстан- жүректегі жара» тақырыбындағы кешімізді ашық деп жариялаймыз. 

Жүгізуші:

1989 жылы, Ақпан айының 15-де талай аналарды перзеттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз  қаза  тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы»  аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі  ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді?  деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын  Отан алдындағы борыштарын  адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.

Сыныбымыздың оқушысы( Закен Айжан).  Соғыстың тарихынан қысқа баяндама жазып келіпті соны тыңдаңыздар.

         КОКП ж/е КСРО басшылығы Ауғаныстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген "Халықтық-демократиялық үкіметті" қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп интернационалдық әскери жәрдем береміз деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. 1965 жылы қаңтарда Ауғаныстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті тыңшыларының қатысуымен астыртын қызмет атқарған Ауғаныстан халықтық-демократиялық партиясы құрылып, біраздан соң ол екіге бөлініп "Халық" тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал "Парчам" тобын Б.Кармал басқарды. 1977 жылы мамырда Мәскеудің нұсқауымен Ауғаныстан халықтық-демократиялық партиясының екі тобы бірігіп астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі халықтық-демократиялық партиясына қысым жасап, 1978 жылдың 26сәуірінде оның бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғаныстанда АХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға көшті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік романдарды көбірек пайдалану жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. бұхара халықтың наразылық тудырды. 1978 жылы қазанда ірі қақтығусылар басталды. Ауған үкіметі КСРО мен достық тату көршілік ж/е ынтымақтастық туралы шартқа отырып Мәскеу арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда АХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп оның өзін Чехославакияға елші етіп жіберді. Келесі жылы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, АХДП мен мемлекет басына Амин отырады. Бұл жағдайда Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Аминді қызметінен шеттетіп "парчамшыларды" билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Л.И.Брежнев, Ю.В.Андропов, М.А.Суслов, Д.Ф.Устинов Ауғаныстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғаныстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Қазақстаннан  ауған соғысына 22 000 адам қатысты, 21 адам хабарсыз кетті. 

 Жүргізуші:

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!

  Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут  үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз. 

Рахмет отырыңыздар! 

  Жүргізуші: 

Ардагерлер

Айтса ертек көгендері

Тайбандары таймаған өрден кері

Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда,

Кеуде толы жарқырап ордендері.

  Сөз «Ауған соғысының ардагеріне» Оразов Қабылқақ Төлегенұлына беріледі.

   Жүргізуші

  Сыныбымыздың оқушылары соғыс кезінде жазылған өлең жырлардан үзінді.



Бейбарыс:

Жау дейміз-ау қолдан жасап жауынды,

Саясаттың сайқалдығы уландырған тамырды.

Бауырыңа бауыздатып, балдай ішкен қаныңды

Заманы еді Кеңестің ол, сұрапылды, дауылды.

Гүлжанар:
Жастығыңмен жауға атылдың оқ болып

Әндететін кездеріңде ауылыңда төс керіп.

Жаудың оғы сом мүшеңді төрт бөліп,

Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып.



Баян:

Сол Ауғанда талай досты жерледік


Қарлы шыңға күн түн демей өрледік
Сұрапылда ерледік те шерледік
Намыс туын қолдан бірақ бермедік
Орынбасар:

Армысыңдар,ауғандық жауынгерлер

Жырым бар жараланған жаныңды емдер

Өлгендердің жәннатта болсын жаны,

Тірілерің мың жаса,дәуірлеңдер.
Расул:

Өзі батыр,өзі қайсар,төзімді,

Бір полкқа ерлігімен өзі үлгі.

Оралғалы Ауғаныстан елінен

Талай болды көрмегелі өзіңді.
  Жүргізуші 

Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан,

Сен құлаган  көлбетіп таулы алыстан.

Елестейсің көзіме қасірет боп

Қайғам  да сен мәңгілік- Ауғаныстан!

Ендігі сөз кезегі мектебіміздің  алғашкы әскери  дайындық  пәні мұғалімі Кожаков Ерлан Өсербайұлына беріледі.

  Жүргізуші

Бәріміз де Отанды сүйетін, елін, жерін қорғайтын батыр атаның ұрпақтарымыз. Егеменді Қазақстанның патриот ұландарымыз.

Әзімұлы Нұрсұлтан «Ілме» күйін орындайды

  Жүргізуші

О, олардың көз жасының татымын

Татып көрсен ойланар ең пақырым

Халық болып ешқашанда оңбайды

Жылатқан ел ақыны мен батырын



Бейнетаспа

Жүргізуші: - Өтер жылдар, айлар тағы алыстап Тағдыр талай тауқыметін табыстар. Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмытылмақ емес.

Жүргізуші: Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ағалар уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.  
Кешімізді «Бейбітшілік- ел ұраны» әнімен аяқтағымыз келіп отыр.

Солтүстік Қазақстан облысы

Ақжар ауданы

Бестерек орта мектебі



«Ауғанстан-жүректегі жара»

(атты мерекелік кеш)



Дайындаған:АӘД пәнінің мұғалімі: Е.О.Кожаков

КОКП ж/е КСРО басшылығы Ауғаныстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген "Халықтық-демократиялық үкіметті" қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп интернационалдық әскери жәрдем береміз деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. 1965 жылы қаңтарда Ауғаныстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті тыңшыларының қатысуымен астыртын қызмет атқарған Ауғаныстан халықтық-демократиялық партиясы құрылып, біраздан соң ол екіге бөлініп "Халық" тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал "Парчам" тобын Б.Кармал басқарды. 1977 жылы мамырда Мәскеудің нұсқауымен Ауғаныстан халықтық-демократиялық партиясының екі тобы бірігіп астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі халықтық-демократиялық партиясына қысым жасап, 1978 жылдың 26сәуірінде оның бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғаныстанда АХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға көшті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік романдарды көбірек пайдалану жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. бұхара халықтың наразылық тудырды. 1978 жылы қазанда ірі қақтығусылар басталды. Ауған үкіметі КСРО мен достық тату көршілік ж/е ынтымақтастық туралы шартқа отырып Мәскеу арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда АХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп оның өзін Чехославакияға елші етіп жіберді. Келесі жылы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, АХДП мен мемлекет басына Амин отырады. Бұл жағдайда Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Аминді қызметінен шеттетіп "парчамшыларды" билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы
басшыларының шағын тобы Л.И.Брежнев, Ю.В.Андропов, М.А.Суслов, Д.Ф.Устинов Ауғаныстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғаныстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.
Қазақстаннан  ауған соғысына 22 000 адам қатысты, 21 адам хабарсыз кетті. 
Каталог: uploads -> doc -> 0aed
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0aed -> Сабақтың түрі : Сайыс сабақ Сабақтың әдісі: Ойын элементтер Сабақтың көрнекілігі : Слайдтар, карточкалар, кестелер
0aed -> Сабақ тақырыбы: Етістікт ің райларын қайталау Қатысқандар саны 24


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет