Сынып: 8-10 Сайыстың тақырыбы: "The Kingdom of three languages"



Дата17.06.2018
өлшемі24,36 Kb.
#43214
Күні:20.09.2016ж

Сынып: 8-10

Сайыстың тақырыбы: “The Kingdom of three languages”

Мақсаты:


1.     Оқушыларды өз ана тілін қастерлеуге баули отырып,ағылшын тілін үйрету.

2.     Өзге тілді білуге, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.

3.     Өз тілін құрметтеп, өзге тілді білетін еліміздің білімді де, жан жақты патриот азаматын тәрбиелеу.

жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, оқушылар! Қазақ, орыс және ағылшын тілі  пәндерінің бірігуімен  22 қыркүйек « Тілдер күніне » орай өткізгелі отырған «Үш тұғырлы тіл »  атты сайысымызға қош келдіңіздер!

жүргізуші: Good afternoon, dear teachers and students! Today is the «Languages day» therefore we want to invite you to our competition. The lesson consists of 5 parts.

1-жүргізуші: Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған 8-10 сынып оқушылары.

Біздің жарысымыз 5 кезеңнен тұрады.

1)    Адасқан әріптер

2)    Бәйге

3)    Жорға

4)    Полиглот

5)    Көкпар

-         Қымбатты қонақтар, жарысымызды бастамас бұрын әділ қазылармен, құрметті ұстаздарымызбен таныс болыңыздар!

Ал енді жарысқа қатысатын топтарды ортаға шақырамыз.

8 сынып

10 сынып


11 сынып

1 – кезең. «Адасқан әріптер» кезеңінің тапсырмасы бойынша берілген сөзтізбеден 2 минут ішінде 10 сөзді тап.



         Бұл тапсырмаға қойылатын ұпай – 10.

t

E

r

a

i

n

S

E

u

n

b

n

m

c

c

n

b

g

c

W

o

r

o

g

e

l

d

e

r

z

t

l

t

a

b

i

o

c

l

i

e

n

u

l

s

y

a

s

a

d

s

s

e

n

n

h

L

o

n

d

o

n

d

x

2 – кезең. «Бәйге» 1 минутта 10 сұраққа жылдам жауап беру керек. Әр бір берілген дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.



8 сынып

  1. Англияның астанасы (Лондон)

  2. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдер тобына)

  3. Қазақ жазба әдеби тілінің негізін салушы кім? (А.Құнанбаев)

  4. Биг-бен дегеніміз не, мұнара ма, сағат па, әлде қоңырау ма? /сағат/

  5. Ұлыбританияның мемлекеттік тілі қай тіл? (ағылшын)

  6. Жұмыс , сабақ ,сағат сөздерінің ағылшын аудармасы ? /work.lesson. clock /

  7. Ағылшын тілінде қанша әріп бар және нешеуі дауысты дыбыс?? (26 дауысты дыбыс 6)

  8. Рождество қарсаңында ағылшындар қандай тамақ әзірлейді? (индейка)

  9. ҚР тілдер күні қай күн? (22 қыркүйек)

  10. Ағылшындардың сүйікті гүлі. (Раушан гүлі)

9сынып

  1. Шотландияның астанасы. (Единбург)

  2. Тіл туралы заң қашан қабылданды?

  3. «Ана тілің – арың бұл, ұятың боп тұр бетте» деп айтқан кім? (Қ.Мырза Әли)

  4. ҚР ұлтаралық тілді атаңыз. (орыс, ағылшын)

  5. Ағылшын алфавитіндегі D _ F арасындағы әріпті ата? (Е)

  6. Сколько падежей в русском языке? (6)

  7. Where is the Republic of Kazakhstan situated? (The Republic of Kazakhstan is situated in the Central Asia)

  8. How many square kilometers in KZ? (2.754000 )

  9. Ұлыбритания халқының саны қанша? (57 миллион)

  10. How many people in KZ? / 17 million /

10 сынып

  1. Ұлыбританияның ең үлкен өзенін ата. (Северн, 354 km (220 miles long))

  2. Шекспирдің бір драмасын ата. (Гамлет)

  3. Ұлыбританияның ең биік тауын ата. (Бен Невис)

  4. Ұлыбританиядағы саяси билік: Республика ма, әлде Монархия ма?

  5. Орыс алфавитінде неше әріп бар? (33)

  6. Мен мектепке бара жатырмын ағылшынға аудар /I am going to school /

  7. «Мен ана тілімді сүйемін» сөйлеміндегі бастауышты ата. (Мен)

  8. Англия астанасы Лондон қай өзеннің үстінде тұр? (Thames)

V. «Жорға»

Бұл сайыста оқушылар берілген сөздерден сөйлемдер құрайды.

I топ

1.     subject \  my \   is   \  English   \  favourite



2.     wants   \ to \   be \   he \ lawyer  \  a

II топ


1.     o’clock  \  go \  I  \  9  \   school  \ morning  \  the  \ in   \to / at

2.     USA  \ I  \ have  \ to  \ the    \ never   \  been

III топ

1.     language  \ Kazakhstan  \ is  \ state   \ Kazakh   \ of  \ the



2.     I/ three / speak / language
4-кезең «Полиглот» Бұл кезеңнің шарты мақал – мәтелдерге түсіп қалған сөздерді тауып, үш тілдегі баламасын айтады.

Жоғары ұпай саны 5.



8 сынып

1)    Өнер алды қызыл - ..... (тіл-язык-language)

2)    Оқу .... азығы,

... ырыс қазығы. (білім – знание – knowledge)

3)    ... өрге баспас. (өтірік – лож – lie)

4)    .... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. (тоқсан – девяносто – ninety)

5)    Көп сөз күміс,

Аз сөз ... (алтын – золото – gold)



10 сынып

1)    Ойнап ... де,

Ойлап ... (сөйле – говори – speak)

2)    Тіл адам ойының ...(айна – зеркало – mirror )

3)    ... тамған тілден у тамар. (бал – мёд – honey)

4)    Сөз тапқанға қолқа ... (жоқ – нет – not)

5)    ... сөз – жарым ырыс. (жақсы – хорошо – good)

 

11 сынып

1)    ... оттан да ыстық. (Отан – родина – motherland)

2)    ... азбайды,

Білім тозбайды. (ақыл – ум – mind)

3)    ... жоқ адам – тұзы жоқ тағам. (дос – друг – friend)

4)    ... өнері кілемде, сөз өнері өлеңде. (қол – рука – hand)

5)    Сабыр мен ... бәрін де жеңбек. (еңбек – труд – labor)

 

5 –кезең «Көкпар» адасқан сөздерді орнына қой. Бұл кезеңде әр топ берілген тақырып қа мағыналы мәтін құрайды. Ұпай саны 5.



8 сынып My school (Менің мектебім)

9 сынып My favourite language (Менің сүйікті тілім)

10 сынып KZ is my Motherland (Менің Отаным –Қазақстан )

5 кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаз топ анықталады.



         «Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту», - деген Б.Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір-бірімізбен қазақша сөйлесейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт, - дей отырып, бүгінгі «Үш тұғырлы тіл » атты сайысымызды аяқтаймыз.     

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет