Сынып: 9 сынып Сабақтың тақырыбы



Дата29.01.2018
өлшемі65,07 Kb.
#36058
Сынып:9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Біз өз Отанымыздың азаматтарымыз.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан Республикасы жайында танымдарын кеңейту.Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. 


Дамытушылық: Топпен жұмыс істеу, байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру, қисынды ойлау қабілеттерін , тілдік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Өз елінің тілін, мәдениетін, тарихын білуге, отаншылдыққа, елжандылық-қа тәрбиелеу.

Ынталандыру: Оқушылар болашақта алған білімдерін тәжірибе барысында жүзеге асыра алуы қажет.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ; топтық жұмыс.

Сабақтың әдісі: бейнетаспаны тамашалау, слайд б/ша сұрақтарға жауап беру,оқулықпен, «полиглот» ойыны, жұмыс дәптерімен жұмыс істеу, жоба қорғау.

Сабақтың көрнекілігі: бейнетаспа, слайд, плакат.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Оқушылармен амандасу.

2) Оқушыларды ортаға шақырып шеңбер құрғызу және бір-біріне деген бүгінгі күнге жылы лебізерін білдірту. ІІ. Оқушылардың көңілін бейнетаспаға аудару. (Жаса, қазағым !)

3) Бейнетаспаны тамашалағаннан кейін слайдтқа қарай отырып, оқушылардан жауап алу.

1.Қазақ хандығы қашан құрылды? ( ХҮ ғ.)

2. Қазақ хандығының құрылғанына биыл неше жыл толады? (550 ж.)

3. Қай жылы «ҚР-ның тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды? (1991 жылы 16 желтоқсанда).

4. Жалпыхалықтық сайлауда Н.Назарбаев қай жылы ҚР Президенті болып сайланды?

5. Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері болып ғарышқа самғаған кім? (Т.Әубәкіров)

6. ҚР рәміздерін атаңдар.

7. Рәміздер ҚР Жоғарғы Кеңесінің сессиясында қай жылы қабылданды?

8. ҚР Ұлттық ақшасы-Теңге қай жылы айналымға енді? (1993 ж . 15 қарашада).

9. Қай жылы жаңа Ата Заңымыз қабылданды? (1995 ж. 30 тамызда)

10. Қай жылы Астана қаласы елорда болып жарияланды? (1997 ж. 10 желтоқсанда)

11. ҚР қарулы күштері қай жылы құрылды? ( 7 мамыр 1992жыл)

12. ҚР Статистика агенттігінің мәліметіне қарағанда елімізде қазір қанша ұлт өкілдері тұрады?

( 140 түрлі ұлт өкілі бар.)

13. ҚР қай құрлықта орналасқан және қандай елдермен шектеседі?

14. Қазақстанның табиғаты, қазба байлықтары туралы не білесіңдер? т.б.
ІІІ. Жаңа тақырып.

Мұғалімнің сөзі:

-Отанды өркендететін, дәулетін арттыратын кімдер? 


- Сол жерді мекендейтін адамдар, азаматтар. 

-Оқушылар,олай болса, бүгінгі сабағымыздың

тақырыбы «Біз өз Отанымыздың азаматтарымыз» деп

аталады.


ІV.Жаңа сөздермен танысып,сөз тіркесін, сөйлем құрастыру.

Балғын-юный

Игілік-достояние, богатсво

Міндет жүктеу-обязать

Елжанды-патриот

V. Топтық жұмыс .Оқушыларды екі топқа бөлу.

1-тапсырма

Берілген сұрақтарды топ арасында талқылау.

І-топ

  • «Азамат» сөзінің мағынасы қандай?

  • Мемлекет өзінің азаматтарына қандай жағдай жасау керек?

ІІ-топ

  • Азаматтың мемлекет алдында қандай парызы бар?

  • Өз Отанының азаматы деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

2-тапсырма

«Полиглот» ойыны.

Сөздердің қазақша, орысша, ағылшынша аудармасын, синонимін табу.



(Әр топ ұяшықты таңдау арқылы)

  • Азамат-гражданин- citizen / жігіт, ер адам

  • Мемлекет- государство-country / ел

  • Отаншыл-патриот- patriot /отансүйгіш, ұлтшыл, елжанды



  • Парыз- долг- dept /қарыз, борыш, міндет

  • VІ. Оқылым.Оқулықпен жұмыс.

  • 84-ші беттегі мәтінді екі топқа тең бөліп, ауызша аударту,

  • мәтінге ат қойғызу.

  • VІІ. Жазылым.Грамматикалық тапсырма.

  • Жұмыс дәптеріндегі 37-ші бет, 1-т.

  • Оқушылардан алдымен есімшенің жасалу жолы туралы

  • түсініктерін сұрау. Содан кейін келесі тапсырманы әр оқушы

  • \ өз бетінше орындау керек екенін ескерту.

  • VІІІ. Айтылым.

  • Әр топ өздеріне тиісті жобаны қорғайды.

ІХ. Рефлексия.

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша пікірлерін смайликтер арқылы көрсетеді. 

Мен білдім!

Әлі де оқуым керек

Түсінбедім

Х. Қорытынды.

Мұғалім сөзі:

Отанымыздың ертеңі – сендердің қолдарыңда.

Тәуелсіз мемлекетіміздің ғасырдан-ғасырға тамырын тереңдету үшін әр азамат өз үлесін қосуы керек. 



ХІ.Үй тапсырмасын беру.

ХІІ. Оқушылардың білімдерін бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет