Сабақтың тақырыбы: Менің досым Сынып: 1б,в Күні: 21. 11. 16 Сабақтың мақсаты



Дата17.06.2018
өлшемі34,14 Kb.
#42274
Сабақтың тақырыбы: Менің досым

Сынып: 1б,в

Күні: 21.11.16

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға «дос» деген сөз туралы айт түсінік беру, жаңа материалды көрнекіліктер арқылы түсіндіру, сұрақтарға жауап алу, сөйлемдерді аударту, сөздікдерді қайталау, суретпен жұмыс орындату, орысшадан-қазақшаға аударту;


2. Оқушылардың ауыз екі сөйлеу тілін, көру, есту, есте сақтау, ойлану қабілеттерін жан-жақты дамыту;
3. Табиғатты аялап қорғауға, достыққа, адал, адамгершілікке, сыйластыққа,үлкенді сыйлай білуге, оқып білім алуға үйретіп тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: жаздыру, оқыту, әңгімелеу, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату, аударма, сұрақ-жауап, өзара сөйлестіру әдістері.

Көрнекі құралдар: Суреттер, мәтіндер, карточкалар, сөздіктер т. б.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:


— Оқушылармен амандасу;

— Сәлеметсіздер ме, оқушылар.

— Кезекші арқылы оқушыларды түгендеу;

— Сынып тазалығын қарау;

— Оқу құралдарын тексеру;

— Сұрақ — жауап әдісін жүргізу;

— Тіл дамыту сұрақтарын қою;

— Бүгін кім кезекші?

— Сынып таза ма?

— Қазір қандай сабақ?

— Ақпанның нешесі?

— Қандай жыл мезгілі?

— Бұл мезгіл ұнай ма?

— Бұл мезгілде қандай мерекелер болады?

2 слайд. Психологиялық жағдай:

Амансыз ба, жер ата!


Амансыз ба, күн ана!
Амансыз ба, достарым!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Сәлеметсіз бе, мұғалім!

II. Сабақтың мақсатымен таныстыру


— Балалар, бүгін біз бір тақырыпты әңгімелейміз. Ол тақырып жасырылып тұр.

— Тақтаға қарандаршы, дұрыс сөзді табыңдар.



Д Т О Ы С Қ

Мұғалім сөзі: Оқушылар, «Дос» деген кімдер? Сенің досың бар ма? Әрбір адамның досы бар. Досың болса, онымен әңгімелесесің, бірге сабақ дайындайсың, бірге ойнайсың. Қиын кезде досың саған қол ұшын береді. Достық, дос туралы көптеген мақал-мәтелдер бар.

III. Үй тапсырмасын тексеру:


3 слайд. Ұжымдық жұмыс: Достық, дос тақырыбына қай топ көп мақал-мәтелдер айтар екен?

  • Күлме досқа — келер басқа.

  • Жаман достан жақсы дұшпан артық.

  • Дос көп болмайды.

  • Байлықтан артық достық бар, достықтан артық байлық жоқ.

  • Досы жоқ адам — тұзы жоқ тағам. Жить без друзей, что есть пищу без соли.

  • Жігіт жолдасынан белгілі. О жигите судят по его друзьям.

  • Ауыр сөз айтқан дос емес.

  • Босқа бергенше досқа бер.

  • Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол.

  • Ағаш тамырымен, Адам досымен мықты.

  • Нағыз дос дұшпан болмас.

  • Жаман жолдастан мықты таяқ.

  • Досыңа ат берме, Ат берсең, ақырын жүр деме.

  • Жүз теңген болғанша, Жүз досың болсын.

— Оқушылар барлығың бері қараңдар, дәптерлеріңді, ашып тақтадағы күнді, айды бүгінгі жаңа тақырып атын жазыңдар. Тақырып «Менің досым».

Мақсатымыз: Бір бір-бірімізбен дос болуға үйрену, сызба арқылы сөйлемді аяқтап сөйлеу, сөйлемдерді аудару, сұрақтарға жауап береу, орысшадан — қазақшаға сөздерді аудару.

«Тыңдайық та, ойлайық» — проблемалық сұрақ. Осы мәтінді тыңдап, кім туралы екенін табыңдар.

Мәтін «Менің досым» — аудирования.

Менің досым бар. Оның аты — Берік. Ол тоғыз жаста. Үшінші сыныпта оқиды. Берік спортпен айналысады. Ол бос уақытында компьютер ойнайды, кітап оқиды, музыка тыңдайды. Ол шахмат ойнауды да жақсы көреді.

Жаңа сөздер: Енді осы сөздерді аударайық, сөз тіркесін құрастырайық.

Ақылды — умный


сенімді — верный
әдепті — примерный
әдемі — красивый
зерек — способный
қамқоршы — заботливый
ұқыпты — аккуратный
білімді — образованный
бос уақытында — в свободное время
айналысады — занимается

1-топ аударады. (сөздік арқылы аудару).

2-топ сұрақтарға жауап беру. Осы жұмысқа 5 минут беремін. («Армандастар» әні)

Тексеру

Енді осы мәтін бойынша сұрақтарға жауап берейік.

1. Досымның аты кім?
2. Берік неше жаста?
3. Нешінші сыныпта оқиды?
4. Берік немен айналысады?
5. Берік бос уақытында не істейді?
6. Берік не ойнағанды жақсы көреді? Жарайсыңдар!

Осы кезеңге рефлексия жасайық.

4Ой шақыру. ДОС — деген сөзді естігенде ойларыңа қандай сөздер келеді. Қане балалар ассосиация жасайық.

ДОС → Адал, мейірімді, шыншыл, қайырымды, көмектеседі, ұқыпты, жанашыр,

— Кіммен дос болгың келеді?

— Партада кіммен бірге отыргың келеді?

— Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?

Жеке жұмыс: Досыңның отбасы туралы айт.

Бұл — менің досым (құрбым).


Оның аты.... .
Отбасында... адам бар.
Олар...,....., .... .
Ол... тұрады.

Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауды жалғап жаз. (притяжательные окончания)



Менің дос..(ым,ім)
Сенің дос..(ын,ің)
Сіздің дос..(ыңыз,іңіз)
Оның дос..(ы,і)

VІІІ. «Венн» диаграммасы


Антонимдер

.

Ойын: «Ренжістік, достастық»

— Балалар, бүгін біз «Ренжістік, достастық» ойын ойнаймыз.

— «Ренжістік» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрылыңдар. Содан кейін «Достастық» деген бұйрық берілгенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрыласыңдар (3 рет қайталау).

— ПІКІР АЛМАСУ: — Сендерге татуласу ұнады ма?

— Не сездіңдер? (қуаныш, бақыт)

— Сендерге ренжіскен ұнады ма?

— Не сездіңдер? (уайым, қайғы)

Дос туралы тақпақтар

1. Достық деген таусылмайтын қазына,


Көктемде де солып қалар гүл емес,
Қарамайды ол сыйдың көп пен азына
Нағыз достар тіпті сый да тілемес.

1. Достар бірге жүреміз,


Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне біздер қандаймыз.

2. Орман, көлге, шыңға біз,


Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашан да біргеміз.

3. Достарымды сүйемін бірге жүрген,


Бірге ойнап, менімен бірге күлген.
Достар деген жаныңның бір бөлшегі
Орын алған жүректің бір түбінен.

4. Нағыз достар бір — біріне ұнаған.


Қиындықта бірін — бірі сынаған.
Мүмкін емес доссыз емес өмір сүруде,
Сүйеу болар шақтарыңда құлаған.

ІХ. Сұхбаттасу. Өзі туралы, досы туралы әңгімелесу


— Сенің атың кім?

— Сен нешінші сыныпта оқисың?



— Сенің досың бар ма?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет