Сабақтың ортасы
Жаңа білім
5 минут
10 минут
5 минут
10 минут
|
Мәтінмен жұмыс
Ой-шақыру. Мұғалім ой шақыру үшін оқушыларға «Отаршылдық» ұғымын қалай түсінесіздер? және XX ғ. басында отаршылдық қандай сипат алғандығы туралы проблемалық сұрақ қойып, топтық талқылауға ұсынады. Оқушылардың болжамдары тыңдалады.
Сол кездегі саяси ахуалды жеткізу үшін суреттер топтамасы беріледі.
Мәтінмен жұмыс. Мұғалім оқушыларға туралы мәтінді таратады.Оқушылар мәтінді оқып, түсінгендігін тексеру үшін мына кестені толтырады:
Өндіріс орындарында адамдар неше сағат жұмыс істеді?
|
Бірінші дүниежүзілік соғыс қай жылдары болды?
|
Бірінші дүниежүзілік соғысқа неше мемлекет қатысты?
|
Бірінші дүниежүзілік соғыс қаңдай одақтар арасында болды?
|
ЕБҚ оқушыға дереккөздің форматын үлкейтіп, қолдау
. Суретпен жұмыс. (Интерактивті тақта)
ЕБҚ: оқушыға тапсырманың нақты бір бөлігін ерекшелеп көрсетіп беріледі.
Цитаталарды авторлармен сәйкестендіріңіз және талдаңыз.
IDEA әдісі бойынша А.Байтұрсыновтың «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деген цитатасы қандай оқиғаға байланысты айтылғанына талдау жасап, отарлық саясаттың салдарына кем дегенде 4-5 дәлел келтіріңіздер.
I-Identify) - мәселенің себептерін анықтау
|
|
D (Describe) - сәйкесінше дәлелдерді сипаттау
|
|
E (Explain) - осы себептердің мәселеге қалай ықпал еткенін түсіндіру
|
|
A (Analyze) - осы себептердің маныздылығына талдау жасау
|
|
ЕБҚ: оқушыға жеке жұмыс кезінде қасындағы сыныптастары және мұғалім диалог арқылы қолдау жасайды
|
Оқушылар ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушылардың міндеті:
1. Суреттерді мазмұнына қарай ретімен орналастыру (бірінші дүниежүзілік соғыс);
2. Берілген суреттер негізінде үш сөйлем құрастыру (қоныстандыру саясаты);
3. Негізгі ойды білдіретін үш сөзді анықтау (ереуілдер);
4. Осы оқиғалардың Қазақстанға әсерін көрсететін суреттерді жіктеу.
Талқылаудан кейін бүгінгі жаңа сабақпен сабақтастырады.
Оқушылар өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушылар бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.
|
|