1. Экология сөзінің мағынасы қандай? Экология (лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым.
2. Ауаның құрамы? Ауа – жер атмосферасын құрайтын табиғи газдар қоспасы: азот (78,09%), оттек (20,95%), инертті газдар (0,94%), көмірқышқыл газ (0,03%).
2-Жүргізуші: Алтынай, біздің табиғатымыз қазіргі уакытта тап-таза деп ойлайсың ба?
- Қоғамдық өндірісті, экономиканы игеру мен дамыту барысында табиғатты тоздырып жібергенімізді байқамай қалдық. Табиғи байлықты игеріп, оның дүлей күшін жеңдік деп жүріп, өзімізге қастаңдық жасадық.
Семейді полигонға айналдырдық,
Аралды апатқа ұшыраттық,
Тың жерлерді эрозияға душар еттік, өзендерді жойдық, көлдерді құрғаттық.
2-Жүргізуші: Осы орайда, бұдан басқа күнделікті зиян келтіріп жатқанымызды білеміз бе? Экранға назар аударайық.
Фильм көру http://www.bilimland.kz/kk/content/lesson/11881-tabihatty_qorhajyq_ayalajyq
Мұғалім: Бұл фильмнен біз қандай сабақ аламыз?
Таза ауа тобы.....
Бұл фильмне біз кокыстарды кез келген жерге тастамауымыз керек.....;
Мөлдір бұлақ тобы....... Баклажканы, темір қалбырларды тиісті жәшіктерге салатын боламыз.......
Жаксы, Жерімізді аман сактап калу үшін, ауамыз таза, суымыз мөлдір, сарқылмас үшін кандай үлес косасыңдар?
Оны алдарыңыздағы қағаз қиындыларынан көрсетейікші.
Мұғалім: Бұл сұраққа Дана мен Алан не деп жауап берер екен? Экранға назар аударамыз.
2-Жүргізуші: Инабат, Қалдықтарды көбейтпеуіміз үшін бір рет қолданатын заттардың орнына кайта пайдаланатын заттар қолдануымыз керек екен ғой.
Сергіту сәті
Сабақты қорытындылау Иә, республикамыздың табиғат жағдайы нашар. Алайда жағдай қиын деп туған мекенді, Отанымызды тастап кетпейміз. Ендеше, ауыр табиғат жағдайына қарсы күресу әрқайсымыздың азаматтық борышымыз,
Мемлекетіміз табиғаттағы жойылып бара жатқан жануар мен өсімдіктерге арнайы қорыктар ашкан болатын.
Кері байланыс
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.Қазақстанда қанша қорық бар?
Қазақстанда қазіргі уақытта 10 қорық ұйымдастырылған.
1. Ақсу-Жабағылы қорығы — 1926 Талас Алатауының солтүстік-батыс бөлігінде
Алматы қорығы- Іле Алатауының орталық бөлігінде 1931ж құрылған.
2. Наурызым мемтекеттік табиғи қорығы, Қостанай облысында 1931 ж
3. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы Қызылорда обл. 1939 ж құрылған.
4. Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы Алматы және Қарағанды обл. 1968 ж құрылған
5. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс Қазақстан обл. 1976 ж құрылған.
6. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы Қызылорда обл. 1939 ж құрылған.
7. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы Маңғыстау обл. 1984 ж құрылған.
8. Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс Қазақстан обл.1982 ж құрылған.
9. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы Алматы, Шығыс Қаз. обл. 1998 ж құрылған.
10. Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы Оңтүстік Қазақстан обл. 2004 ж құрылған.