Сынып жетекші Нартаева А. А сынып сағатының түрі



бет15/17
Дата20.11.2023
өлшемі76,17 Kb.
#192429
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
1-тоқсан Тәрбие қмжлары толық (1)

Сабақты қорытындылау
Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір – қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.

Кері байланыс

Маған мынаны айтып беріңдерші, балаларым.
Дүниеде не қымбат?
Не қатты?
Не тәтті?
Жеті тойымсыз бен жеті жұрты атап беріңдерші?
Балалар жауабы тыңдалады.

Рефлексия

Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.



18.10.2021.



Сынып 4

Сынып жетекші

сынып сағатының түрі
сұрақ-жауап

Тақырыбы

«Ұлттық валюта »

Күні

08.11.2021ж

Жалпы мәліметтер

Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.

Негізгі мақсаттар

Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру

Күтілетін нәтижелер

Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.

Түйінді идеялар

Сынып сағатындағы жоспарланған іс-әрекет

Ұйымдастыру

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақ барысы
Қайырлы күн, оқушылар!: Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ең қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Бүгінгі іс-шарамды жұмбақпен бастамақшымын:

Ой қозғау
Меңгеру



Әлемнің тынысы
Байлықтың белгісі
Ол не? -... (ақша, теңге)
Олай болса Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! - дей келе «Ұлттық валюта-теңге күні» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Міне, бүгін теңге күнім – мерекем,
Қандай дұшпан «олай - бұлай» дер екен.
Осы теңге арқасында келешек,
Елге келер тойымшылық, берекем.
Әр мемлекеттің өзіне тән белгілері болады. Бүгінгі сабағымызда сол басты белгілердің бірі Қазақстанның ұлттық валютасы теңге туралы әңгімелейміз.Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Әлемде күн сайын қыруар адам тауар сатып алғанда, қызмет атқарғанда ақшамен байланыста болады. Ақша дегеніміз не?Топтық жұмыс: І топ: Ақша(теңге) деген не?
І топ: Ақша не үшін қажет?
ІІІ топ: Ақша қайдан келеді?
Ақша-жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді.
Ой қозғау: ақша қандай қызмет атқарады? ақша – құн өлшемі, айналыс құралы, қазына, қор, төлем құралы. 7 ғ. ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалды. Алтын айналысына бірқатар елдер 19 ғ. екінші жартысында өтті.
Түсіндірме жұмыс: теңгенің шығу тарихы туралы баяндалады
(Алғашқы қағаз ақшалар қай елдерде пайда болды?
Алғашқы қағаз ақшалар б.з. 12 ғ. Қытайда, 1690 ж. Ұлыбритан отары болған солтүстік Америкада, 1762 ж. Австрияда және 1769 ж. Ресейде пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды.
Кез-келген ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының бейнесін , яғни тарихын көруге болады. Бүгінгі таңда ақша тарихын зерттейтін арнайы ғылым саласы бар. Ол нумизматика деп аталады.Онда тиындар, құйма ақша кесектері, т.б. ескерткіштер арқылы тиын соғу тарихы кеңінен зерделенеді. Нумизматика ғылым ретінде 18 ғ. Екінші жартысында пайда болды, оның негізін салушы-Вена нумизматигі И. Х. Эккель.
Алғашқы металл тиындар Грекия мен Кіші Азияда күмістен соғылған.
Қазақ жерінде пайда болған монеталар мен қағаз ақшалар туралы не білесіңдер?
Б.з. 704-706 ж. Таразда арнайы теңгелер құйылып айналымға енгізілген. Оның бетінде « Түргеш қаған теңгесі» немесе «Түркінің көк ханының теңгесі» деген анықтама жазулар болған. Орта ғасырда Қазақстан жерінде Тараз, Отырар, Испиджаб қалаларында теңге соғатын сарайлар болған. 1271 ж. айналымға енген жаңа реформа бойынша алтын ақша орнына күміс ақшалар көбірек қолданысқа енгізілді. Сонымен қатар ақша тарихында Өзбек хан , Жәнібек хан, Бердібек, Наурызбек, Қызыр хандардың атынан шығарылған Алтын Орда теңгелерінің Жетісу мен Түркістаннан бастап Еділ жағалауына дейін таралғаны белгілі.
Қазақстан валютасының пайда болу тарихы
1991 жылға дейін КСРО құрамына енген 15 республикалардың ортақ ақшасы-рубль болды. Тәуелсіздік алғаннан кейін әр ел өзінің теңгелерін шығара бастады. Елімізде ақшаны бастыратын фабрика жоқ болатын. Тіпті құнды қағаз бастыратын қаржы да тапшы болатын. Теңгені дайындау үрдісі өте құпия түрде жүргізілді. Оның бәріне қаржы керек болды, сондықтан Жоғарғы Кеңестің және Елбасының келісімімен Қазақстанда өндірілетін алтын мен күмісті сатып ала бастады. 1990 жылдардың басында Қазақстан бар болғаны 6 тоннадай алтын шығаратын. Бір жылдың ішінде бұл көрсеткіш 8 тоннаға жетті, екінші жылы 10 тоннадан асып кетті. Осылайша алтын қор құрылды. Артынша 600 тоннадай күміс сатып алынды. Одан кейін күмісті щетелге шығарып сатты, осыдан қаражат табылды. Франция, Германия, АҚШ, Жапония, Испания секіді ірі мемлекетерге барып, олардың ақша шығару технологиясы зерттелді. Сол кезде мақсат шет елде валютаны шығару емес, сол технологияны елге әкелу болатын. Теңге Ұлыбританиядағы “Харрисон және оның ұлдары” деп аталатын банкнот фабрикасында басылатын болды. Елбасының сөзінен: «Ил-76» төрт ұшағын жалдап алып, ақшамыздың 60 пайызын тасып әкелдік. Құжаттарға: «Мемлекет басшысының салынып жатқан резиденциясына керекті мүлік» деп жазылды. Оған дейін облыстарда жерасты қойма жасатып қойдық. Төрт ұшақ аптасына Лондон-Орал, одан облыстарға дейін әрлі-берлі он сегіз рейс жасап тұрды. 12 қарашаны мен ақшаны енгізу күні деп жарияладым. Жиырма күнге жетер жетпес уақыт қалды. ҰҚК басшыларының бәрін операцияны өткізуге жұмылдырдым. Ең қиыны – ақшаны барлық аудандарға, барлық банкілерге жеткізу. Ол сегіз күннің ішінде атқарылып шықты. Бәлкім дүние жүзінде жаңа ақшаны енгізу тап осындай тез әрі табысты жүзеге асырылған жоқ шығар» деп сонау 1993 жылдарды еске алады Елбасы Н.Ә. Назарбаев.1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты.15 қарашада сағат 8-де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта –теңге енгізілді. Ақша белгілері- теңге мен тиынды Қазақстанның озық суретшілерінің қатысуымен Ұлттық банк әзірленді. Теңге Қазақстанның алғашқы ақшасы емес. Ежелгі Қазақстан аумағында ақша бұдан көптеген ғаырлар бұрын пайдаланылған. Сырдарияда, Отырар алқабында түркі билеушілері, ал Жетісуда түргештер 7-8 ғасырларда өз ақшаларын шығарған. Отырар мен Исфиджабта монет сарайлары жұмыс істеген. Оныншы ғасырлардың ортасы мен сегізінші ғасырларда қалалар тез өсіп,тауар өндірісі мен сауда көлемі ұлғая түсті.
Сом отыр шай құйып.
Доллар отыр қан-жоса,
Франк болса далбаса.
Лира жатыр ес-түссіз,
Иена отыр үн-тұнсіз.
Рубль отыр жымиып,
Риял келеді тыриып.
Бәрі теңгеге қарайды,
Оған бата алмайды.
Аузына қарайды,
Айтқанын орындайды.
Теңгеден озбайды,
Оны тыңдайды.
Артық іс қылмайды,
Себебі теңге
Жамандық қылмайды,
Әділдікті қолдайды.
Тапсырма. Ұлы ғұламалар – теңгемізде. Төл теңгемізде ұлт қайраткерлерінің, батырлардың, хандардың суреттері салынған.
1 теңгеде – Әл Фараби
3 теңгеде – Сүйінбай
5 теңгеде – Құрманғазы
10 теңгеде – Шоқан
20 теңгеде – Абай
50 теңгеде – Әбілхайыр хан
100 теңгеде – Абылай хан

Сергіту сәті



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет