Байланысты: Портфелі Сыныпты т рбие ж йесін ру мен модельдеу ар ылы т рби
Тәрбие жүйесінің қалыптасып, дамуында келесі 4 кезеңді атауға болады: 1-кезең – жүйені жобалау (бұл кезеңде сынып оқушыларының қызығушылығын, қабілетін,мінез-құлқын, т.б ерекшеліктерін зерттеу жұмысы атқарылады);
2 кезең – жүйенің қалыптасуы (бұл кезеңде оқушылардың өзара қарым-қатынастарының қалыптасып, ұжымдық бірлікті сезінуіне бағытталған бірлескен әрекеттерге ерекші мән беріледі, сыныптың жеке дәстүрлері қалыптасады.);
3 кезең - жүйенің тұрақты жұмыс істеуі (өзіндік бастаманы,өз бетімен әрекет етуді дамыту, қабілеттерінің дамуына қолайлы орта қалыптастырылады);
4 кезең – жүйе жұмысын аяқтау немесе қайта жаңарту (бұл жерде екі бағыт болуы мүмкін: бірі сыныптағы ең үздік әрекеттің,әдістің барлық мектептің игілігіне айналуы; екіншісі – жаңа әдіс, әрекет, тәсілдерді табу арқылы сынып тіршілік-әрекетін жаңарту).