Сынып жетекшісі қызметінің мақсаты – оқушының өзін-өзі дамытуына және өзін-өзі жүзеге асыруына, оның қоғамда табысты әлеуметтенуіне жағдай жасау.
Баланың қабілеті мен оптималды даму мүмкіндіктерінің дер кезінде анықталуына, олардың қорғалуы мен қауіпсіздігіне, эмоционалдық жайлылықтарына психологиялық-педагогикалық жағдай туғызу.
Тәрбиеленушілердің әлеуметтік ортада қолдана алатын өмір тәжірибесінің: қазіргі және болашақ ересек өмірінде өзін-өзі дамытудағы, өзін-өзі анықтаудағы және өзін-өзі жүзеге асырудағы білімінің, біліктілігі мен дағдыларының қайнары ретіндегі саналуан шығармашылық, тұлғалық және қоғамдық маңызды қызметтерін ұйымдастыру.
Өзара байланыста тәрбиеленушілердің әлеуметтік құнды қарым-қатынасын ұйымдастыру.