Сынып жетекшісі: өзінің тәрбиелік мақсатын көре және құра білуді; өз сыныбында тәрбие жұмысының жоспарын жасауды; тәрбиелік шараларды өткізуді; ата-аналар жиналысын ұйымдастыру және өткізуді; өзінің жеке іскерлігін және жауапкершілігін үлгі ете және балалардың белсенділігін, жауапкершілігін дамыта отырып, балалармен қарым-қатынас жасауды; психологиялық – диагностикалық тесттерді, сауалнамаларды, басқа да диагностикалық әдістемелерді пайдалануды және оларды тәрбие жұмысында дұрыс қолдануды білуі керек. - Сынып жетекшісі білуі керек:
- ҚР «Білім туралы» заңын;
- Бала құқығы туралы Конвенцияны;
- педагогиканы, педагогикалық психологияны, валеологияны, мектеп гигиенасын;
- тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін;
- еңбектің заңнамалық негіздерін.
- Сынып жетекшісінің қызметтік міндеттері:
- журнал жүргізеді;
- оқушылардың жеке іс қағаздарын жүргізедіі және олардың дұрыс сақталуын қадағалайды;
- сынып ұжымын ұйымдастырады: тапсырмаларды бөледі, белсенділермен жұмыс жасайды, оқушыларды бағыттап отырады;
- аға кезекшінің жұмысын ұйымдастырады және оған көмектеседі;
- сыныптағы, мектептегі, асханадағы кезекшілікті ұйымдастырады;
- бекітілген кабинеттің санитарлық жағдайын бақылайды;
- тәрбиеленушілердің сыртқы түрлеріне қамқорлық жасайды;
- тамақтануды ұйымдастырады
- сыныптың қажеттіліктерінің қаржылық қанағаттандырылуына қамқорлық жасайды (сынып қоры, әртүрлі қызмет көрсету жұмыстарына ақы төлеу т.б);
- оқушылардың сабаққа қатысымын бақылау, ата-аналармен бірлесе отырып, себепсіз сабаққа қатыспайтындарды бақылауға алады;
- оқуға қолайлы жағдай туғызу;
- сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерінің қызметін үйлестіреді;
- оқушылардың күнделіктерімен жұмыс істейді, оқушылардың сабақ үлгерімі бойынша ата-аналармен байланыс жасайды;
- неғұрлым дарынды балалардың дамуына, олардың танымдық қызығушылықтарының артуына, олардың ой-өрісін кеңейуіне ерекше жағдай туғызады (үйірмелерге, факультативтерге, байқауларға, викториналарға, олимпиадаларға, сайыстарға қатыстырады, театр, көрмелерге экскурсия ұйымдастырады т.б)
- психологты оқушылармен ақыл – ой еңбегін ұйымдастыруға қатыстырады (әңгімелесу циклы, жеке ұсыныстар);
- сыныпта қолайлы микроклимат құрады, жағымды тұлғааралық қатынас қалыптастырады, түзейді және бағыттап отырады;
- сыныптағы шығармашылық істерді ұйымдастырады;
- балалардың денсаулығын нығайтады, оқушыларды дене шынықтаруға, спортқа тартады;
- балалардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарының қызметіне көмектеседі;
- айына бір рет тақырыптық сынып сағатын өткізеді; пән мұғалімдерінің, ата-аналардың пікірлерін ескере отырып, қолданылып жүрген әдістемеге сай оқушылардың жеке тұлғасын зерттейді; оқушыларға мінездеме беру жұмысымен айналысады;
- оқушыларға мамандық таңдауға көмектеседі;
- егер сыныпта ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар боласа олардың құқықтарының сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етеді; әлеуметтік педагогпен ынтамақтастықта әрекет етеді;
- әлеуметтік жағынан қорғалмаған оқушылар категорияларын тауып, оларды есепке алады;
- қолайсыз отбасылардың балаларын тауып, оларды есепке алады;
- «қиын» жасөспірімдердің, «тәуекел тобындағы»оқушылардың және есепте тұрғандардың тәртіптерін қадағалайды;
- тоқсанға бір рет тақырыптық ата-аналар жиналысын өткізеді;
- отбасындағы тәрбие жағдайын зерттейді;
- ата-аналармен жеке жұмыс жүргізеді;
- ата-аналарды сыныптан тыс шаралар ұйымдастыруға тартады.
|