Тәрбие шарасы мазмұнының бағасы Тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің қызмет әдістерінің бағасы Тәрбиелік шараның мақсаты мен нәтижесінің бағасы - 3 нұсқа. Сыныптан тыс шараны талдау
- Шараның атауы
- Тәрбие шарасының бағыты
- Өткізілу уақыты
- Сыныбы
- Қатысушылардың саны
- Жағымды жақтары
- Жағымсыз жақтар
- Ұсыныстар
- Сынып сағатын қалай дайындап өткізуге болады?
- Сынып сағаты – оқушыларда қоршаған әлемге қарым-қатынас жүйесін қалыптастыруға жағдай жасайтын, арнайы ұйымдастырылған құндылықты-бағдарланған қызмет (Н.Е Шуркова, Н.С Финданцевич).
- Сынып сағаты – сынып жетекшісінің сынып ұжымымен жүздесуіне бөлінетін уақыт, онда ол өзара қатынастың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін және құралдарын пайдаланады (Е.В Титова).
- Сынып жетекшісінің сағаты – бұл сынып оқушыларының қоршаған әлемге қатынас жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін, педагогтың жетекшілігімен арнайы ұйымдастырылатын тәрбие жұмысының формасы (Л.В Байбородова).
- Барлық қатысушыларға қызықты болатын
- сынып сағатын өткізу туралы ұсыныс:
- сынып сағатының тақырыбын анықтамас бұрын оқушылармен сауалнама жүргізу;
- сынып сағаты тақырыбын таңдағанда оның өзекті болуын ескеру;
- тақырып балалардың жас ерекшелігіне сай болу керек;
- өздері бастама жасаған ұйымдастырушыларды анықтау, олардың ресми емес лидерлер болғаны жақсы;
- көрнекі материалдарды дайындайтын шығармашылық топты анықтау;
- қосымша әдебиеттерді, ақпараттарды табу;
- ұжымды түгел қатыстыруға тырысу;
- сынып сағатын үйреншікті емес, инновациялық формада ойындар, көріністер т.б.) арқылы өткізу;
- сынып сағатын өткізудің оптималды уақытын таңдау (ерте де емес, кеш те емес), балалар тамақтанғаннан кейін.
- сынып сағатының басталу және аяқталу сәтін жақсылап ойластырған дұрыс. Оны әзілмен бастап байсалды аңызбен (мысал) аяқтау қажет.
- сынып сағатын өткізуге қолайлы орын таңдау (үстел, орындықтар шеңбер түрінде қойылғаны жақсы).
- тұлғалық ерекшеліктер ескерілуі қажет;
- ойлау үрдісін белсендіретін және назарларын аудартатын әдістерді пайдалану, мысалы: назар аударып тыңдаңыз, бұған басқа жағынан дұрыстап қараңыз...
- әңгіме барысында шешендік шеберліктерді пайдалану;
- сынып сағатын өткізу үрдісіне ойын сәттерін қосу;
- кездесулер ұйымдастыру, оларға қызықты адамдарды, ғылым мен қоғам қайраткерлерін шақыру: жазушылар, актерлер, музыканттар, ақындар т.б.
- көрнекі материалдарды пайдалану: видео – аудиоматермалдарды т.б.
- ынталандыру стимулдарын пайдалану қажет: сыйлықтар, марапаттау, грамота т.б.
- сынып сағатының соңында қорытынды шығару, шығармашылық топты атап өту, барлығына алғыс жариялау және келесі сынып сағатының тақырыбын таңдау қажет.
- ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !
Достарыңызбен бөлісу: |