өзінің жеке іскерлігін және жауапкершілігін үлгі ете және балалардың белсенділігін, жауапкершілігін дамыта отырып, балалармен қарым-қатынас жасауды;
психологиялық – диагностикалық тесттерді, сауалнамаларды, басқа да диагностикалық әдістемелерді пайдалануды және оларды тәрбие жұмысында дұрыс қолдануды білуі керек.
Сынып жетекшісі білуі керек:
ҚР «Білім туралы» заңын;
Бала құқығы туралы Конвенцияны;
педагогиканы, педагогикалық психологияны, валеологияны, мектеп гигиенасын;
тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін;
еңбектің заңнамалық негіздерін.
Сынып жетекшісінің қызметтік міндеттері:
журнал жүргізеді;
оқушылардың жеке іс қағаздарын жүргізедіі және олардың дұрыс сақталуын қадағалайды;
сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерінің қызметін үйлестіреді;
оқушылардың күнделіктерімен жұмыс істейді, оқушылардың сабақ үлгерімі бойынша ата-аналармен байланыс жасайды;
неғұрлым дарынды балалардың дамуына, олардың танымдық қызығушылықтарының артуына, олардың ой-өрісін кеңейуіне ерекше жағдай туғызады (үйірмелерге, факультативтерге, байқауларға, викториналарға, олимпиадаларға, сайыстарға қатыстырады, театр, көрмелерге экскурсия ұйымдастырады т.б)
психологты оқушылармен ақыл – ой еңбегін ұйымдастыруға қатыстырады (әңгімелесу циклы, жеке ұсыныстар);
сыныпта қолайлы микроклимат құрады, жағымды тұлғааралық қатынас қалыптастырады, түзейді және бағыттап отырады;
сыныптағы шығармашылық істерді ұйымдастырады;
балалардың денсаулығын нығайтады, оқушыларды дене шынықтаруға, спортқа тартады;
балалардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарының қызметіне көмектеседі;
айына бір рет тақырыптық сынып сағатын өткізеді; пән мұғалімдерінің, ата-аналардың пікірлерін ескере отырып, қолданылып жүрген әдістемеге сай оқушылардың жеке тұлғасын зерттейді; оқушыларға мінездеме беру жұмысымен айналысады;
оқушыларға мамандық таңдауға көмектеседі;
егер сыныпта ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар боласа олардың құқықтарының сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етеді; әлеуметтік педагогпен ынтамақтастықта әрекет етеді;
әлеуметтік жағынан қорғалмаған оқушылар категорияларын тауып, оларды есепке алады;
қолайсыз отбасылардың балаларын тауып, оларды есепке алады;
«қиын» жасөспірімдердің, «тәуекел тобындағы»оқушылардың және есепте тұрғандардың тәртіптерін қадағалайды;
тоқсанға бір рет тақырыптық ата-аналар жиналысын өткізеді;
отбасындағы тәрбие жағдайын зерттейді;
ата-аналармен жеке жұмыс жүргізеді;
ата-аналарды сыныптан тыс шаралар ұйымдастыруға тартады.