Сынып жетекшісінің қызметі Сынып жетекшісі


Мектеп бітіруші сыныптың жетекшісі



бет9/9
Дата08.02.2022
өлшемі4,22 Mb.
#123248
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Мектеп бітіруші сыныптың жетекшісі:
  • түлектердің болашақтағы оқу және еңбекке орналасу жоспары туралы мәлімет жинақтайды (соңғы оқу жылы бойына);
  • оқушылармен және олардың ата-аналарымен өз сыныбының мектеп бітіруіне арналған шараларды дайындауды ұйымдастырады (жыл бойы);
  • өз түлектерінің оқуға және еңбекке орналасқандықтары туралы толық ақпарат алады (кезекті оқу жылының басына қарай).
    • Сынып жетекшісінің құжаттары:
    • сынып журналы;
    • сынып ұжымымен тәрбие жұмысының жоспары;
    • оқушылардың жеке іс қағаздары;
    • оқушы тұлғасын зерттеудің психологиялық-педагогикалық картасы;
    • ата-аналар жиналысының хаттамалары;
    • оқушылардың күнделіктері;
    • тәрбие шараларының папкасы, сыныпты педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық зерттеудің қорытындылары.
    • Тәрбие жоспарына қойылатын талаптар
    • Жоспар алты бөлімнен тұрады:
    • Өткен жылғы тәрбие жоспарының талдауы.
    • Тәрбие қызметінің мақсаты мен міндеті.
    • Сынып қоғамдастығының негізгі бағыттары мен істері.
    • Оқушылармен жеке жұмыс.
    • Ата-аналармен жұмыс.
    • Сыныптағы тәрбие үрдісінің жағдайын және тиімділігін зерттеу.
    • Сынып сағатын қалай дайындап өткізуге болады?
    • Сынып сағаты – оқушыларда қоршаған әлемге қарым-қатынас жүйесін қалыптастыруға жағдай жасайтын, арнайы ұйымдастырылған құндылықты-бағдарланған қызмет (Н.Е Шуркова, Н.С Финданцевич).
    • Сынып сағаты – сынып жетекшісінің сынып ұжымымен жүздесуіне бөлінетін уақыт, онда ол өзара қатынастың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін және құралдарын пайдаланады (Е.В Титова).
    • Сынып жетекшісінің сағаты – бұл сынып оқушыларының қоршаған әлемге қатынас жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін, педагогтың жетекшілігімен арнайы ұйымдастырылатын тәрбие жұмысының формасы (Л.В Байбородова).
    • Барлық қатысушыларға қызықты болатын
    • сынып сағатын өткізу туралы ұсыныс:
    • сынып сағатының тақырыбын анықтамас бұрын оқушылармен сауалнама жүргізу;
    • сынып сағаты тақырыбын таңдағанда оның өзекті болуын ескеру;
    • тақырып балалардың жас ерекшелігіне сай болу керек;
    • өздері бастама жасаған ұйымдастырушыларды анықтау, олардың ресми емес лидерлер болғаны жақсы;
    • көрнекі материалдарды дайындайтын шығармашылық топты анықтау;
    • қосымша әдебиеттерді, ақпараттарды табу;
    • ұжымды түгел қатыстыруға тырысу;
    • сынып сағатын үйреншікті емес, инновациялық формада ойындар, көріністер т.б.) арқылы өткізу;
    • сынып сағатын өткізудің оптималды уақытын таңдау (ерте де емес, кеш те емес), балалар тамақтанғаннан кейін.
    • сынып сағатының басталу және аяқталу сәтін жақсылап ойластырған дұрыс. Оны әзілмен бастап байсалды аңызбен (мысал) аяқтау қажет.
    • сынып сағатын өткізуге қолайлы орын таңдау (үстел, орындықтар шеңбер түрінде қойылғаны жақсы).
    • тұлғалық ерекшеліктер ескерілуі қажет;
    • ойлау үрдісін белсендіретін және назарларын аудартатын әдістерді пайдалану, мысалы: назар аударып тыңдаңыз, бұған басқа жағынан дұрыстап қараңыз...
    • әңгіме барысында шешендік шеберліктерді пайдалану;
    • сынып сағатын өткізу үрдісіне ойын сәттерін қосу;
    • кездесулер ұйымдастыру, оларға қызықты адамдарды, ғылым мен қоғам қайраткерлерін шақыру: жазушылар, актерлер, музыканттар, ақындар т.б.
    • көрнекі материалдарды пайдалану: видео – аудиоматермалдарды т.б.
    • ынталандыру стимулдарын пайдалану қажет: сыйлықтар, марапаттау, грамота т.б.
    • сынып сағатының соңында қорытынды шығару, шығармашылық топты атап өту, барлығына алғыс жариялау және келесі сынып сағатының тақырыбын таңдау қажет.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет