Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері: Тәрбиеші-педагог назарынан тыс қалдырмайтын


Гуманизациялау (ізгілендіру) принципі



бет5/20
Дата06.06.2023
өлшемі20,02 Mb.
#178351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
ПЕДАГОГИКА

Гуманизациялау (ізгілендіру) принципі - оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Балаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным әрекетінің жемісті болуына ңолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау керек.
Оқу процесінде, сабақтарда балаларды қорқытпай, қысымшылық-жасамай, керісінше, олармен жылы қарым-қатынас жасау міндет.
Бұл принцип гуманитарлық бағдарды жүзеге асыруды керек етеді. Мектептерде білім мазмұнын жалпы адамзаттық және ұлттың рухани игіліктерге қарай бағыттау, қазақ халқының тарихын, мәдениетін, тілін, дәстүрін, көркемөнерін, қолөнерін, т.б. терең оқып-білу міндетін іске асыру керек.
Бұл принципті іске асыруда халық педагогикасының маңызы зор. Халық педагогикасы қазақ халқының ғасырлар бойы атадан балаға өлмес мирас, өмірлік мұра болып келе жатқан тәрбие жөніндегі жинақталған тәжірибесі. Әсіресе балаларды ізгілікке тәрбиелеуде халық педагогикасының қағидалары мен салт-дәстүрлерінің орыны ерекше.
Ізгілендіру принципінің шарттары:
• оқытуда жеке тұлғаның ар-намысына тиетін жазалау әдісін қолданбау;
• оқушының өз міндетін орындауға деген ықыласын мақұлдау;
• үлгерімі нашар, жауапкершілігі төмен оқушыларды әдепті, бірақ қатаң түрде айыптау, оларға қателіктерін шыдамдылықпен түсіндіру;
• баланың өзі туралы жақсы бағасын өзіне сенімін, сый-құрметін қалыптастыру;
• қол жеткен жетістіктерді бекітіп, тұрақты түрде талап қою;
• жеке тұлғаның іс-әрекетін дұрыс бағыттап, теріс қылықтардың көрінуіне жол бермеу;
• баланы түсіну, жақсы көру, бірақ талапта қою;
• оқушының табысына шынайы түрде қуану;
• баланың көңіл-күйін ескеру;
• баланың дене кемістігін сөз етпеу;
• баланың өздігін баспау;
• балаларды басқа балалармен салыстырмау;
• баланың ар-намысына тиетін сөз айтпау.
14-сұрақ
15- сұрақ
16-сұрақ
Оқушылар білімінің беріктігі принципінің шарттары.
Оқушылар білімінің беріктігі. Бұл принципте мына заңдылықтар бар: білім мазмұны және оқушылардың танымдық күштерін дамыту оқыту процесіндегі бір-бірімен өзара байланысты бөліктер; оқу материалын түсініп есте сақтау оның мазмұнына, оқушының материалмен жұмыс істеуіне, оқытуға, мұғалімге байланысты; білімнің беріктігіне оқытуды ұйымдастыру, оқыту түрлері мен әдістерінің алуан түрін қолдану, оқытатын уақыт әсер етеді. Оқушы есінде қалуға тиісті материалдарды таңдайды, сондықтан оның есінде оған пайдалы және қызықты білімдер ғана жақсы сақталады.
Шарттары:
• қазіргі оқытуда естен гөрі ақыл-ойға баса назар аударылады. Сондықтан оқушылардың күшін құндылықтары аз білімдерді есте сақтауға жұмсамау керек. Есте шамадан тыс оқу материалдарын сақтауға болмайды, ол ақыл-ойға зиян келтіреді;
дұрыс қабылданбаған, түсініксіз нерселердің есте қалып қоюына жол бермеу. Бала тек саналы меңгерілген, түсінікті материалды ғана есінде сақтау керек;
• әр түрлі анықтамалық әдебиеттерді, сөздіктерді, энциклопедияларды қолдануға үйрету;
• есте сақталу керек материалдар өте көп болмау керек, мұғалімнің қандай білімдер есте сақталу керек екенін анықтауы;
• оқытудан кейін білімді ұмыту басталады, сондықтан қайталаудың уақыты және жиілігі үмыту туралы психологиялық теорияларға сәйкес белгіленеді;
• жаңа материалды оқып болған соң қайталауды көп жүргізу керек, содан кейін қайталау азаяды, бірақ оны тоқтатуға болмайды;
• әр оқушыны өз мүмкіндігіне қарай, бірақ бар күш-жігерімен жұмыс істеуге үйрету. Жалқаулықпен күресу;
• қызығушылықты қалыптастырмай тұрып, жаңа материалды оқып-үйренуді бастамау;
• оқу материалын жүйемен беру;
• егер оқыту қарңыны төмендесе, онда бірден себебін анықтау. Көп кездесетін себептер: оқу процесіне қызығушылықтың төмендеуі және шаршау. Оларды жою жолдарын іздестіру;
• тіке тапсырмалар және нұсқауларды көп бермеу. Балаларды ақыл-кеңесті тыңдауға үйрету. Өте қызықтысын салмақтап айтықыз. Әзіл-сықақ айтуға болады, бірақ шамадан аспаған жөн;
• өзара оқытуды кең қолданып, оны бағыттау. Өзара оқыту мұғалім қалыптастыра алмайтын сапаларды қалыптастырады;
• оқушыларды оқу материалын есте сақтай білуге үйрету. Ол үшін есте сақтауды жеңілдететін мнемотехникалық (керекті мәліметтерді есте сақтауға көмектесетін ережелер мен тәсілдердің жиынтығы) тәсілдерді қолдану;
• баланың жағымды әсерін туғызбай тұрып, жаңа білім беруді бастамау. Жазалау әдістерімен берілген білім берік болмайды;
• қайталау және бекіту кезінде оқушылардың естерін, ақыл-ойларын, сезімдерін жұмыс істетіп, білімдерін тереңдетіп, жаңа мысалдар келтіріп, қорытындыларды нақтылау;
• оқыту қисындылығын қадағалау.
• оқушының оқу материалына деген он көз қарасын қалыптастыру;
• жаттығулар санын, орындалатын мерзімін белгілеу;
• оқыту нәтижелерін жүйелі түрде тексеру және бағалау;
17-сұрақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет