Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері: Тәрбиеші-педагог назарынан тыс қалдырмайтын


Саналылық және белсенділік принципі



бет18/20
Дата06.06.2023
өлшемі20,02 Mb.
#178351
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
ПЕДАГОГИКА

Саналылық және белсенділік принципі. Өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді. Білімді саналы меңгеруге оқу желісі, өз бетімен жұмыс, белсенділік, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушының танымдық іс-әрекетін басқару, мұғалімнің әдіс-құралдары көмектеседі. Оқушының өзінің танымдық белсенділігі оқытура аса қажет жағдай және оқу материалын терең және берік түсінуге орасан зор ықпал етеді.
Шарттары:
• жұмыстың нақты мақсаты мен міндеттерін білу;
• түсінікті етіп оқыту;
• танымдық іс-әрекеттің барлық түрлерін қолдану;
• талдау, жинақтау, индукция, дедукция, салыстыру әдістерін қолдану;
• аналогияны жиі қолдану;
• бастауыш сыныпта оқытуды индукциядан бастау;
• оқушыларға әр сөздің, сөйлемнің, ұғымның мағынасын түсіндіру;
• оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйену;
• оқушылардың бірін-бірі оқытуы. Дұрыс жауапты бәрі бірігіп табуы, себебі бала өз жолдасының айтқанын жақсы түсінеді. Сондықтан жақсы оқитын оқушыларға сабақ бергізу;
• белгілі мәліметтерді белгісіздерімен байланыстыру;
• ең бастысы, сіз оқытатын пән емес, пән бойынша атқарылатын жұмыстар;
• оқушы факті мен білім арасындағы айырмашылықты көретіндей етіп оқыту;
• әрбір ережеге мысал келтіру;
• негізгіні түсіндіруге назар аудару, қолданылатын мысалдардың санын анықтап алу;
• тек қана беделмен оқыту жеткіліксіз;
• сезімге, ақылға әсер ететін дәлелдермен оқыту;
• оқушыға оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін үйрету;
• әрбір ережеге мысал келтіру;
• негізгіні түсіндіруге назар аудару;
• оқушыларды сабақтан алаңдататын жағдайларға жол бермеу;
• "Неге?" деген сұрақты көп қойып, оқушыны дамыту;
• дәйекті дәлелдермен оқыту;
• дұрыс оқыту баяндап беру емес, білімді тәжірибеде қолдану;
• оқушылардың қызығушылықтарын зерттеу, дамыту;
• білім-сенімге айналып, іске басшылық ететіндей етіп оқыту;
• баланы өз бетімен ойлауға, жұмыс істеуге үйрету;
• түрлі мәселелерді талдату арқылы шығармашылықты дамытып, танымдық міндеттерді бірнеше тәсілдермен орындату. Шығармашылық тапсырмаларды жиі беру;
• оқушыларға сұрақ қойып, жауаптарын мұқият тыңдау;
• зат құбылыстарды, оқушыларға бақылатып, оларды өз бетмен меңгерулеріне жағдай жасау;
• дидактикалық ойын, пікір талас, ұжымдық шығармашылық істі қолдану.
70-билет
Технология - өнім алу үшін керекті материалдарды өңдеу әдістері мен өнім шығаруға керекті жүйелі процесс. Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнімнің қандай болатындығы анықталса, оны жасау құралдары белгіленсе, жағдай жасалса, онда өндірістік және әлеуметтік саладағы процестер "технология" деген атауға ие болады.
Артықшылықтары:
Біріншіден, технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады. Дәстүрлі педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды. Технологияда мақсат негізгі болғандықтан, оны дәл анықтауға мүмкіндік бар.
Екіншіден, мақсат диагностикаға сүйеніп қойылғандықтан, оған жету үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі.
Үшіншіден, мұғалім дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды.
Төртіншіден, әдістемеде сабак жоспарлары-мұғалімнің жоспары, оқыту процесінде жұмыс істейтін мұғалім. Ал технологияда оқушылардың оқу іс-әрекетінің түрлері жөне мазмүны көрсетілген жоба жасалады. Әдістеме бойынша әр мүғалім сабақ жоспарын өзінше жасайды, демек сабақта оқушылардың іс-әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет