73. Электрондық оқулықтарды құрастырудың педагогикалық технологиясы
Электрондық оқулық — ғылыми-педагогикалық құрал. Элетрондық оқулықтардың жасалуы модульдік оқудың педагогикалық теориясы болып есептеледі. Оқулықтар мемлекеттік оқу бағдарламасына сəйкес жасалады. Оған əрбір пəннің мамандары, көрнекті саланың ғалымдары мен педагог-дидакттар, əдіскерлер, программист-дизайнерлер, операторлар қатысады.
Электрондық оқулықтармен жұмыс негізгі үш деңгейде атқарылады: оқу; оқыту; бақылау жəне тексеру.
Электрондық оқулықтар оқушылардың өз бетінше жұмысын жəне олардың жоғары танымдық белсенділігін арттырады, олардың терең де тиянақты білім алу сапаларын көтереді. Сонымен бірге барлық оқу процесінің алға қойған мақсатынан бастап, қол жеткен нəтижесіне дейінгі аралықты қамтиды, оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді. Ақпараттық білім беру танымдық ойлау мен ақпараттық өзіндік анықтамалар, білімді автоматты түрде бағалаудың тестілік əдістерін даярлап береді. Электрондық оқулықтар əр түрлі ақпарат жиынтығын, оқушыларға білім берудің негізгі пайда болу орталықтары туралы толық мəлімет бере алады.
Қазіргі таңда «электронды оқу басылымы» (ЭОБ), «электронды оқулық» (ЭО) немесе «электронды оқу құралы» (ЭОҚ) түсініктері қалыптасып қалған, кең тараған деп айту қиын.
«Электронды (компьютерлік, мультимедиалы) оқулық» түсінігінің ресми анықтамасы еліміздің заңнамасында айқын көрсетілген. Бұл құжаттарды қазіргі заманға оқыту жүйесін жасаушыларға басшылыққа алу керек, себебі онда электронды оқу басылымдарының түсініктердің анықтамалары, техникалық, оқу-əдістемелік, эргономиялық жəне тақырыптық саралау талаптары қамтылған
74. Пікірталас әдісі
Пікірталас әдістері. Пікірталас (дискуссия) өте ежелден белгілі, орта ғасырларда өте кең қолданылды (мысалы, пікірталас арқылы шындықты табу). Бұл әдістің негізгі қызметі белгілі бір мәселе бойынша көзқарастардың пікірталасы арқылы жаңа білімді игеру, өз пікірін бекіту болып табылады. Дискуссияның міндетіне таным процесін дамыту, стимулдау жатады.
Айтысу, ұстанымдардың қарама-қайшылығы, талқыланып отырған материалдың мазмұнына ерекше маңыз беру секілді пікірталас әлементтері оқытудың барлық формаларында тіпті лекцияларда да қолданылуы мүмкін. Пікірталас-лекцияларда әдетте көтерілген мәселеге қарама-қайшы көзқарастары бар екі оқытушы шығады немесе артистік дарыны бар бір оқытушы шығады. Бұндай жағдаятта дауысты өзгерту, маска пайдалану тәсілдері де қолданылады.
Пікірталасқа мүмкіндігінше оқытушылар емес, студенттерді қатыстыру керек. Бұл жағдайда әлеуметтік механизмдерді қалыптастыратын белгілі бір топтар құрылғаны дұрыс. Олар іс-әрекеттің жаңа әдістерін күшейтеді немесе жаңа тәсілдерді ойлап табады.
75. Әңгіме әдісі
Достарыңызбен бөлісу: |