Эссе жазу бойынша қойылатын талаптар: Эссе мыналардан тұрады: Кіріспе



Дата08.02.2022
өлшемі14,67 Kb.
#118278
Байланысты:
Требования к написанию эссе
1570548532-KTZh-Algebra-10-synyp-ZhMB, 1570548532-KTZh-Algebra-10-synyp-ZhMB, 0004885e-7511833d

Эссе жазу бойынша қойылатын талаптар:

Эссе мыналардан тұрады:


1. Кіріспе. Мұнда қарастырылатын тақырып пен оның жоспары құрастырылып, құрылымы мен өзектілігі негізделінеді, әралуан пікірлер қарама-қайшылығы анықталады, одан соң негізгі көзқарасыңызды дәлелдеуге өтесіз.
2. Негізгі бөлім. Оған мыналар кіреді:
- автор ұсынатын екі-үш дәлелді дәйек (аргумент) пен ой-тұжырымдар келтіру;
- автордың көзқарасы мен пікірін толықтырып, қолдайтын айғақтар (факті) және мысалдар келтіру;
- контр-дәлелдер мен қарама-қайшылықты пікірлерге талдау жасау, осы жерде оның әлсіз жақтарын да көрсету қажет.
3. Қорытынды. Негізгі ой-пікірге қайта оралып соғу, негізгі пікірді қорғау үшін дәйектер келтіру, аталмыш негізгі ойдың пайдалылығы мен қажеттілігі жөнінде жалпы қорытынды жасалынады.
Эссені техникалық рәсімдеу:
Эссенің ұсынылатын көлемі – 700-800 сөз, ол Word редакторында беріледі.
Шрифт: Times New Roman, кегль - 14, интервал – 1,0. Барлық шеткі алаң 20 мм.
Сол жақ жоғары тұсында эссе авторының аты-жөні мен тегі жазылады. Одан кейін бір интервалдан соң, эссенің тақырыбы қалың қара шрифтпен беріледі. Бұдан соң бір интервалды өткізіп барып, эссенің мәтіні орналастырылады.

Бағалау критерийлері

Баллдар

1. Мәселені ашу барысында өзінің жеке көзқарасы мен пікірін жеткізе білген.
2. Жауапта ғылыми терминдер мен түсініктерді тиімді әрі дұрыс пайдалана отырып, мәселе тақырыбын оңтайлы ашқан.
3. Өз пікіріне дәйектер келтірген, әлеуметтік-экономикалық шындылық фактілеріне сүйенген.

24-25 балл

1. Мәселені ашу барысында өзінің жеке көзқарасы мен пікірін жеткізген.
2. Жауапта ғылыми терминдер мен түсініктерді тиімді әрі дұрыс пайдалана отырып, мәселе тақырыбын оңтайлы аша білген. Бірақ, дәлелдеу жоқ, логикалық бірізділік байқалмайды.
3. Әлеуметтік-экономикалық шындылық фактілеріне сүйенген кезде келтірген дәйектері әлсіз.

18-23 балл

1. Өзінің жеке көзқарасы бар.
2. Мәселе әлсіз ашылған.
3. Өз пікіріне келтірген дәйектері әлсіз.

13-17 балл

1. Жеке көзқарасы анық емес.
2. Мәселе ашылмаған. Көзқарасы дәйексіз қалыптастырылған.
3. Өз пікірін дәйектеу мәселе контекстінен тысқары қалған.

7-12 балл

1. Жеке көзқарасы жоқ.
2. Мәселе мүлде ашылмаған.
3. Дәйектеме сенімділік туғызбайды немесе мүлде жоқ.

0-6 балл

Маңызды! Жұмыстардың түпнұсқалығы тексеруден өткізіледі. Түпнұсқалықтың мүмкін болар шегі - 65%. (түпнұсқалық пайызы одан кем болған жағдайда, жұмыс жойылады, есепке алынбайды). Жүктелетін файлдың көлемі 30 Мб- тан аспауы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет