Бөлім:
|
Практикалық программалау
|
Педагогтің аты-жөні
|
Тілеубергенова Әйгерім
|
Күні:
|
15.03.2021
|
Сынып: 7 «А»
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Мәселені қалыптастыру
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары
|
7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар:
Есеп моделін құру
|
Көптеген оқушылар:
Есеп шығару барысында проблеманы қою кезеңін қолдану
|
Кейбір оқушылар:
Python программалау тілінде есептің программалық кодын жазу
|
Бағалау критерийі
|
Есептің моделін құрады
Есеп шығару барысында проблеманы қою кезеңін қолданады
Python программалау тілінде есептің программалық кодын жазады
|
Ойлаудағдылары
|
Білу, түсіну, қолдану
|
Тілдік мақсаттар
|
Есептің моделі, проблеманы қою
|
Құндылықтарды дарыту
|
Өмір бойы білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге дайын, сын тұрғысынан ойлайды, қарым-қатынасқа ашық және ықыласты.
|
Пәнаралық байланыс
|
Математика
|
Алдыңғы білім
|
Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу;
Python программалау тіліндегі кірістірілген шарттарды қолдану;
Python программалау тіліндегі құрамды шарттарды қолдану;
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5-минут
|
Оқушылармен амандасу
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру
«ТӨДК» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау. Сыныптастардың пікірін тыңдай отырып, оқушылар берілген пікірді ТОЛЫҚТЫРЫП, ӨЗГЕРТІП, ДАМЫТЫП немесе КҮРДЕЛЕНДІРЕ алатынын шешуі керек. Барлық оқушылар қалай жауап беретіндерін шешуі қажет, ал мұғалім олар таңдаған мəнерде жауап беру үшін бір оқушыны таңдайды.
|
Мұғаліммен амандасады
Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. Сабақтың мақсаттарымен танысады
Үй тапсырмасын талдайды
|
ҚБ: Тиімді кері байланыс
|
Жұмыс дәптері, қаламсап
Стикерлер
|
Сабақтың ортасы
6-минут
|
Пәнаралық байланысты есепке ала отырып «Миға шабуыл» әдісі арқылы осы тақырыпты меңгеруге қажет білімді еске түсіру
Модель дегеніміз не?
Моделді не үшін құрады?
«Есептің моделі» дегенді қалай түсінесің?
Есептің моделін құру үшін қандай білім қажет?
Оқулықпен жұмыс. Жаңа ақпаратпен танысу
Мұғалім тақырыпты түсіндіреді
|
Берілген сұрақтарға жауап береді
Есептің программасын құрастыру кезеңдерін дәптерге жазады
|
ҚБ: Тиімді кері байланыс
|
Оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап
|
6-минут
|
Практикалық жұмысты талдау
Қанат, Самал мен Айнұрда үш қорап бар. Әр қорапта a, b, c оң бүтін сандарымен шарлар бар. Балалар қораптағы шарлардың санын теңестіре ала ма? Теңестіру мүмкін болса, онда қораптағы неше шарды басқа қораптарға ауыстыру керек? Теңестіру мүмкін болмаса, онда экранға -1 ді шығар. Пернетақтадан a, b, c бүтін сандар ретімен енгізіледі.
|
Программалық кодына талдау жасайды
|
ҚБ: Тиімді кері байланыс
|
Оқулық
|
8-минут
|
Жеке жұмыс. 1-тапсырма
Үш санның үлкенін табу алгоритімімен және программасымен таныссың. Ал берілген a, b, c бүтін сандарының арасынан екінші үлкенін қалай табуға болады? 1-схемадағы программа құрастыру кезеңдерін толық пайдаланып, тапсырманың программасын құр. Тапсырмадағы проблеманы қою кезеңін қалай жүзеге асырдың? Нәтижені экранға шығар
|
1-тапсырманы орындайды
|
Дескриптор:
-Проблеманы қою кезеңін анықтайды.
- Тармақталған алгоритмді, шартты операторды пайдаланып, Python программалау тілінде программа кодын жазады
ҚБ: Тиімді кері байланыс
|
Жұмыс дәптері, оқулық, Python программалау ортасы
|
8-минут
|
Жұптық жұмыс. 2-тапсырма
Көп қабатты үйде N этаж бар. Ол үйде бір ғана кіреберіс, әр қабатта 3 перден бар. Лифт тек тақ санды қабаттарға ғана тоқтайды. Асқар К пәтерде тұрады. Асқар лифтіге мініп, өзінің пәтерінің К номерін басқанда, лифт тоқтауы керек қабаттың номерін баспаға бер
|
2-тапсырманы орындайды
Тапсырма бойынша жұптық жұмыс жасайды
Жұптық талқылау жасайды
|
Дескриптор:
-Проблеманы қою кезеңін анықтайды.
- Тармақталған алгоритмді, шартты операторды пайдаланып, Python программалау тілінде программа кодын жазады
ҚБ: Тиімді кері байланыс
«Екі жұлдыз, бір тілек» өзін-өзі бағалайды
|
Жұмыс дәптері, оқулық, Python программалау ортасы
|
|
Қарқыны жоғары оқушыларға қосымша тапсырма
Жұптық жұмыс. 2.1-тапсырма
А нақты саны берілген. А саны оң сан болса, оның квадратын, теріс сан болса оның кубын есепте
|
2.1.-тапсырманы орындайды.
Тапсырма бойынша жұптық жұмыс жасайды
|
Дескриптор:
- Проблеманы қою кезеңін құрастырады
- Тармақталған алгоритмді, шартты операторды пайдаланып, Python программалау тілінде программа кодын жазады
ҚБ:Тиімді кері байланыс
|
Жұмыс дәптері, Python программалау ортасы
|
Сабақтың соңы
5-минут
|
«Сұрақ-жауап» әдісімен сабақ материялын пысықтау және қорытындылау.
Есептің программасын құрастыру кезеңдерін ата
Есептің программасын құру кезіндегі ең маңыздыларының бірі
Мәселені қою кезеңінде қандай әрекеттер орындалады
|
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, ағымдағы сабақтан алған білімімен қорытындылайды.
|
ҚБ: Тиімді кері байланыс
|
|
Үй тапсырмасы
1-минут
|
Төрт таңбалы N саны берілген. Осы санның барлық цифры жұп сан немесе тақ сан екенін анықта. Егер барлық цифры жұп болса, онда экранға 0, әйтпесе тақ жауап шықсын.
|
Үй тапсырмасы шартын жұмыс дәптеріне жазып алады
|
|
Жұмыс дәптері
|