IV. Жоспардың нақтылы болуы.
Жоспар жасағанда орындалмайтын міндетті қоймаған жөн. Белгіленген жұмыстардың көлемі оқушылар коллективінің мүмкіндігіне сай болуы қажет. Барлық жұмыстарды қамтимын деп сынып жетекшісі көп шараларды белгілемегені жөн. Бірнеше ғана нақтылы міндеттерді белгілеп, мұғалімдердің көмегімен оқушылар ұжымы арасында және ата-аналармен әртүрлі жұмыстарды жүргізген жөн.
V. Жұмысты келісіп жоспарлау. Жоспарды жасамастан бұрын мектептің жоспарымен танысып, оқушылардың ұсыныстары мен тілектерін, сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен келісіп, олардың тілектерін ескеру керек.
- Сынып жетекшісінің қызметін жоспарлаудың формалары. Сынып жетекшісінің жоспары тек мақсат емес, бұл тәрбие жұмысының сапасын арттырудың құралы. Сондықтан жоспардың формасы ыңғайлы, икемді, сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастырудың нақтылы жағдайларын ескерген болуы керек. Жоспарға өмір талап ететін және ойдағыдай орындалатын шаралар болуы керек. Әрине, ол шаралар кездейсоқ емес, тәрбие жұмысы жүйесінде біте қайнасқан буындар болуы керек. Мектеп тәжірибесінде сынып жетекшілерінің жоспарлары түрліше құрылып, әртүрлі бөлімдерден тұрады. Себебі, әр сыныптың жұмыс жағдайлары бірдей емес, жаңа бастаған сынып жетекшісі жоспарды кең, көлемді етіп жасаса, тәжірибелі педагог қысқаша тұжырымдауы мүмкін. Қандай
жағдайда болмасын сынып жетекшілерінің жоспары, тәрбие жұмысының негізгі мазмұны мен бағытын, сынып коллективінің даму болашағын бейнелейтін болуы керек.
Сынып жетекшісі жоспарының үлгілі құрылымы. Сынып жетекшісінің жоспары әдетте төмендегідей бөлімдерден тұрады:
- Сыныптың қысқаша сипаттамасы және оқушылар жайында жалпы мәліметтер.
- Сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары.
- Сыныпта атқарылатын іс-шаралар міндеттері.
- Сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс (сынып ұжымын тәрбиелеу ісіне тартудың формаларын көрсетеді, сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдердің педагогикалық кеңестерінде талқылау үшін мәселелерді бөлгілейді). - Ата-аналармен жұмыс.
Сынып жетекшісінің жұмыс есебін жүргізуі. Тәрбие жұмысы нәтижелерінің есебін жүргізу – күрделі іс. Сынып жетекшісі жұмысының есебін жүргізудің маңызды және қажетті түрі күнделік дәптері, күнделік жүргізу міндетті емес, бірақ көп сынып жетекшілерінің күнделіктері бар. Оны тәрбие жұмысының нәтижелері ғана ескерілмейді. Сонымен қатар жұмыстарда талданып отырады, сыныптағы кемшіліктерді жоюдың нақтылы жолдары көрсетіледі. Күнделікте оқушылардың үлгірімі, қоғамдық тапсырмалар, тізімі және тұрақты мекен-жайы жазылады. Әрбір оқушыға бір-екі бет бөлінеді, онда оқушылардың мінез-құлқына жасалған бақылаулар нәтижелері жазылып, мінезінің ерекшеліктері, қызығушылығы мен бейімділігі көрсетіледі. Кейбір сынып жетекшілері тәрбие жұмысының есебіне жүргізетін ашық күнделік дәптер жүргізеді. Бұл сынып ұжымының шежіресі сияқты болады. Онда жалпы сынып және жеке мектеп оқушылары өміріндегі елеулі оқиғалар жазылып отырады. Сыныптың ашық күнделігін жүргізуге сынып жетекшісі оқушыларды, әсіресе сынып белсенділіктерін тартады. Бұл сыныптағы жүргізілген жұмыстың есебін беруге, бағалап отыруға үйретеді және сыныпта жақсы дәстүр қалыптастыруға көмектеседі.
- Сынып жетекшісінің есеп беруі өз жұмысының нәтижелері туралы сынып жетекшісі мектептің педагогикалық кеңесінің мәжілісінде немесе сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінде есеп беріп отырады. Кейде ол сыныптағы тәртіп пен үлгерімінің жайы туралы мектеп директоры немесе сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысының ұйымдастырушысы шақырған кеңестерде хабарлама жасайды. Оқу жылының аяғында сынып жетекшісі мектеп әкімшілігіне өз сыныбындағы тәрбие жұмысы туралы. Сынып ұжымы туралы жазба түрде есеп тапсырады. Мұнда сынып жетекшісі жұмысын талдап кемшіліктері мен табыстарын көрсетеді. Келесі оқу жылына қандай тәрбие жұмыстарын жүргізу керектігін қандай оқушыларға назар аудару керектігін айтады.