Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жоспарлау


Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері: Талдау қызметі



бет5/7
Дата07.02.2022
өлшемі29,5 Kb.
#89697
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
f5f9b75e1112760

Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері: Талдау қызметі:
• балалардың жеке дара ерекшеліктерін зерттеу;
• өр оқушының отбасындағы тәрбиесін зерттеп, талдау;
• оқушы мен ұжымның тәрбиелік деңгейін талдап, бағалау;
• сынып ұжымының қалыптасуы мен дамуын зерттеп, талдау;
• ортаның сынып оқушыларына ықпалын зерттеп, талдау;
• өткізілетін іс-шараның тәрбиелік құндылығын талдау; Болжамдық (прогностикалық):
• тәрбиелік ықпал мен жоспарланған іс-шараның нәтижесін болжау;
• оқушылардың жеке дара даму деңгейінің нәижесін болжау;
• ұжымның қалыптасуы мен даму кезеңдерін болжау;
• мектептің тәрбие жүйесіне сәйкес сыныптағы тәрбие жүйесінің моделін құру;
• ұжымдағы қалыптасып келе жатқан қарым-қатынастардың салдарын болжау (оқушылар арасындағы, ата-аналар оқытушылар арасындағы) ұйымдастыру-үйлестіру:
• әр оқушының даму ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық картада көрсету;
• оқушының оқу әрекетінде көмек көрсету;
• әрбір оқушыға және ұжымға жеке дара ықпал жасау;
• оқушыларға үйірмелер, клубтар, секциялар, бірлестіктер арқылы қосымша білім алуға көмектесу;
• оқушылардың дербестігі мен құқықтарын қорғау.
• оқушылардың отбасылары мен байланыс ұйымдастыру: ата-аналар жиналысын өткізу, оларға кеңес беру, т.б.;
• өз сыныбы оқушыларының үлгеріміне байланысты кіші педагогикалық кеңестер жұмысын ұйымдастыру, пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысу;
• көсіби бағдар беру, болашаң мамандығын таңдауға саналы көзқарас қалыптастыру;
• қажетті іс-қағазды жүргізу (журнал, сабаққа қатысуын қадағалау, оқушылардың күнделіктерін тексеру, жеке іс қағазды, сынып жетекшісінің жұмыс жоспары);
Коммуникативтік:
• оқушылар арасында өзара қарым-қатынас қалыптастыру, ұжымға үйренуге, қатарларының арасындаөзін қанағаттандыратын статусқа ие болуға көмектесу;
• "оқушы-оқушы, оқушы-ата-ана, ата-ана-оқушы арасындағы өзара қолайлы байланысты орнату;
• оқушылардың қоршаған ортамен қолайлы қатынас орнатуы;
• ұжымда әр оқушыға қолайлы психологиялық ахуал орнатуға үлес қосу.
Жеке шәкірттері жайлы сынып жетекшісі білуі керек мәліметтер:
• баланың денсаулығы;
• отбасындағы өмірі мен тұрмыс жағдайы;
• баланың ішкі жан-дүниесі, рухани байлығы;
• мінез-құлқы, темпераменті, қызығушылығы, еркі, зейіні, т.б. психологиялық ерекшеліктері;
• үлкендермен, кішілермен, ата-анасымен, жолдастарымен қарым-қатынасы;
• моральдық бейнесін, адамгершілік қасиеттері;
• еңбекке көзқарасы;
• әстетикалық талғамдары, қызығулары, өнерге, әдебиетке көзқарасы;
• интелектуалдық дамуы;
• саяси сауаттылығы, т.б.
2. Сынып жетекшісі тәрбие процестерінің ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие ісін мынадай бірізділікпен басқарса жұмыс нәтижелі болады:
• тәрбие ісінің негізгі мақсатын, міндеттерін, маңызын біліп, түсіну, өзекті мәселелерін көре білу. Оқу-тәрбие жұмысының тиімді әдістері мен қажетті түрлерін пайдалану әдістемесін меңгеріп алуы;
• талдау барысында тәрбие ісінің белгіленген мақсатқа сәйкестігін анықтау, кемшіліктерінің себептерін түсіну. Мұғалімнің тәрбиелік іс-шараны талдау шеберлігі, өзінің көзқарасын қорғап, дәлелдей алуы;
• тәрбие ісінің нақты бағдарламасын жасауы. Оқушылардың көзқарасын қалыптастыру жолдарын тереңнен ойластыруы;
• сынып жетекшісі іс-әрекетті ұйымдастырып қана қоймай, оқушылардың жақсы қасиеттерінің дамуына жағдай жасауға тиіс. Істі қорытындылағанда, оқушылардың жетістіктеріне аса көңіл бөлген жөн;
• тәрбиелеу барысында мұғалімнің өзінің күшті және әлсіз жақтарын ескеруі;
• тәрбие ісін жетілдіру мақсатымен мезгіл-мезгіл өз жұмысын өзі тексеріп, талдап, оқушылардың даму деңгейін зерттеп отыруы;
• оқушыларды зерттеу арқылы тәрбиелік міндеттерді анықтауы.
3. Сынып жетекшісі жұмысын ең алдымен оқушыларды, олардың арасындағы қарым-қатынастарды, оқушылардың отбасын зерттеуден бастайды. Зерттеу барысында сынып оқушыларының тәрбиелік дәрежесі анықталады. Соған байланысты тәрбиелік міндеттер мен мақсат айқындалады. Белгіленген мақсатқа сәйкес тәрбие жоспары жасалады. Сынып жетекшісі жоспар жасағанда сыныбының ерекшеліктерін (жас ерекшеліктері, тәрбиелік дәрежесі, қызығушылығы), өзінің қабілетін ескергені жөн.
Жоспар жасағанда ескерілетін жағдайлар:
- өткен жылғы жұмысты талдау;
- сыныпқа сипаттама беру;
- жоспарда тәрбиенің алдында тұрған міндеттерді айқындау;
Жоспардықң түрлері өте көп, бірақ мұғалім өзіне қолайлысын таңдағаны жөн.
Соңғы кезде "сөзбен", "ауызша" тәрбиелеу сыналып, оқушыларды іс-жүзінде, іс-әрекет арқылы тәрбиелеу қажеттігі көп айтылып жүр. Осыған байланысты, мына бір жоспардың түрін ұсынуды жөн көріп отырмыз. Бұл жоспарда нақтылы істер жоспарланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет