Сынып жетекшісі,оның міндеттері мен жұмысының мазмұны



бет5/15
Дата11.12.2021
өлшемі71,68 Kb.
#99461
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Диагностикалық қызметі сыныпта оқу – тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін , оның жетекшісі оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтап отыруды, соған сәйкес оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізуді;сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтап, оны болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыруды көздейді.

Сынып жетекшісі осындай жұмыстарды атқару барысындабіріншіден, өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден, диагностика, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін пайдалануда, оны баланың жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкіндігі туындайды.Бұл процесс оқушылардың жас ерекшелігі және сынып ұжымының қалыптасу дәрежесіне байланысты жүзеге асады.

Тәрбие жұмысының баланың жеке тұлғасының даму процесін басқару міндеттерін анықтайды.Сондықтан, сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.

 Жоспарлау – бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және ұжымының оқу – тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын.Жоспардың қызметі – педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, пндагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тимділігін қамтамасыз етуді көздейді.Жоспарлау – мақсатқа жетудің бірден – бір негізгі жолы.

Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін,болашағын болжау,оны жобалаудың да маңызы ерекше.А.С.Макаренко адамдағы жақсы қасиет әркезде оны жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назар аударған.Сол секілді В.А.Сухомлинский де ‘‘тәрбиені ғылыми тұрғыда алдын ала болжамау, онда ол қарапайым көрініске: тәрбиеші – сауатсыз күтушіге, педагогка – балгерлікке айналар еді’’ – дейді.Сондықтан, тәрбие процесінің нәтижесін алдын ала жобалау, болжау сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір буыны болады.Онсыз тәрбиедегі, біріншіден мақсаттылықтың, екіншіден, тәрбие процесінің өзі де болмаған болар еді.

Сынып жетекшісінің оқушылардың оқу және тәрбие  процесіне бақылау жүргізіп және оны түзетіп отыруы – бұл оның нәтижесін, сапасын қадағалауға мүмкіндік беріп, оны үнемі жетілдіріп отыруды қамтамасыз етеді.Бақылаудың нәтижесіне талдау жасау барысында сынып жетекшісі қажет болған жағдайда балалар ұжымы немесе жекелеген оқушылардың іс – әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге асырады.Дегенмен де, сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесін бақылауы және түзетіп отыру қызметі тек оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыстары барысында ғана іске асады.

Сынып жетекшісінің жоғарыда көрсетілген қызметі оның педагогикалық әрекетінің мазмұнын анықтайды.

Бүгінде сынып жетекшілері өздерінің педагогикалық қызметінің көлемінің тым ұлғайып бара жатқанын айтады.Ол, бір жағдайда, барлық жерде балалар ұйымы жұмысының тоқталуымен байланысты болса , ал екінші жағдайда, көптеген мектептен тыс балалар мекемелері қызметінің ақылы жүйеге ауысуы да кері әсерін тигізуде.

Дұрыс тәрбие – балаға өмір бойы азық.Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастырытын басты тұлға – мектептегі сынып жетекшісі.

Кеңес өкіметі орнағанға дейін патшалық Ресейдегі оқу мекемелерінде арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар болмады.Ол тек XIX ғасырдың 70 жылдары ғана пайда болды.

Дегенмен тәрбие мәселесімен кәсіби айналысушы адамдар ертерек пайда болды.Олар ақсүйек және ауқатты отбасыларында бастапқы кезде ‘‘күтушілер’’/няньки/, кейіннен ”гувернанткалар” ретінде қызмет етті.Ал оқу мекемелерінде, 1804 жылғы ”Университеттік мекеме Жарғысына” сәйкес оқушыларды тәрбиелеу ісі үйретуші ұстаздарға (ерлер гимназияларында), ханымдарға (әйелдер гимназияларында) өз оқушыларын бақылап , олардың тәртібіне жауап беру міндеті жүктелген.

 Сынып жетекшінің тәрбие жоспары.

Сынып жетекшінің тәрбие жоспары – міндетті педагогикалық құжат.Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.Тәрбие – қиын да күрделі процесс.Жоспар болмаған жағдайда тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет