Сынып жетекшісі,оның міндеттері мен жұмысының мазмұны


Тәрбие жоспары – сынып жетекшісінің шығармашылық лабораториясы



бет8/15
Дата11.12.2021
өлшемі71,68 Kb.
#99461
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Тәрбие жоспары – сынып жетекшісінің шығармашылық лабораториясы. Олай дегеніміз, жоспар бір күннің немесе бір оқу жылының нәтижесі емес.Бала тәрбиесі қиын болса, оны қоғамның, жеке тұлғаның талабымен ұштастыра құру – одан да қиындық туғызады.Мұндай жағдайда сынып жетекшісінен ерінбей, талмай ұзақ мерзімді зерттеу жұмыстарын жүргізүді қажет етеді.

Жоспар жарты жылға немесе тоқсанға арнап жасалынады.Тәжірибелі сынып жетекшісі тоқсандық жоспардан, айлық және апталық жоспар құрып алады.Бұлай жұмыс жасау жоспардың икемділігімен тиімділігін арттырады.

Мектеп тәжірибнсінде бүгінгі күні тәрбие жоспарының түрлері көп.Олардың ішінде сынып өміріне тиімдісі де тиімсізі де бар.Кеңестік дәуірде тәрбие жұмысының мазмұны коммунистик тәрбиенің салаларына негізделген (ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық, дене т.б.).Бүгінгі күнде олай емес.Жеке адам әрекет үстінде қалыптасып, дамитындығы бізге мәлім.Олай болса,тәрбиенің мазмұны оқушылар ұжымы мен жеке тұлғаның қалыптасуындағы, олардың сан алуан әрекеттің түрлерімен байланысты.

Мектептегі қолданылып жүрген және ғылыми педагогикалық әдебиеттер мен жұрналдарда шыққан еңбектердегі жоспардың түрлі формаларымен таныс бола отыра, тәрбие жоспарының төмендегі түрі болады.

Жоспардың бұл түрі сынып жетекшісіне тәрбие үрдісінде оқушылардың, пән мұғалімдері мен ата – аналардың әрекеттерін үйлесімді ұйымдастыруда, оның тұтастығы мен тиімділігін арттыруда әрі қарапайым әрі ыңғайлы формасы деп есептейміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет