Сынып
Күні:
Тақырыбы: Тірі табиғат дүниесі
Мақсаты: Оқушыларға тірі табиғат дүниесі туралы мәлімет беру. Ағзалық әлемнің маңызын көрсету. Тірі табиғат дүниесінің топтарға жіктелуін мәлімдеу.
Міндеті: Тірі ағзаның негізгі қасиеттерімен таныстыру. Өсімдіктер мен жануарлардың біртұтас ағза екенін қалай дәлелдегені туралы оқып үйрету
Құрал-жабдықтар: вирустар, саңырауқұлақтар, бытыраңықтар, қыналар, өсімдіктер, жануарлар суреттері. Электрондық көрсетілімдер.
Сабақ типі: жаңа сабақ түсіндіру.
Әдістемелік шешім: оқушылармен сұхбаттасу арқылы дәріс-сабақ жүргізу.
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу
ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:
Жүйелі жіктеу
1.Ағзалық әлем деген не?
2. Тірі табиғат дүниесі
3. Вирустар дүниесі
4. Бытыранықтар дүниесі
5. Саңырауқұлақтар дүниесі
6. Қыналар дүниесі
7. Тірі ағзалардың негізгі қасиеттері.
|
1.Бүкіл дүние жүзінде тіршілік етіп, өмір сүретін барлық ағзалар жиынтығы – ағзалық әлем деп аталады.
2. Тірі табиғат дүниесі дегеніміз – биологияда ағзалық әлемді жүйелеудің ең жоғарғы тобы. Дүние жүзінде ағзалық әлем, тірі ағзалар 5 дүниеге жіктеледі.
Тірі табиғат дүниесі
саңырауқұлақтар
вирустар бытыраныктар
өсімдіктер жануарлар
3. Вирус – “У” деген сөз. Бұл жасушасыз тірлік құрылымындағы затия
4. Бұлар микроскоп арқылы ғана көрінетін, жасушасында ядросы жоқ бактериялар мен көк-жасыл балдырлар жатады.
5. 1-ші қасиеті өсімдіктерге ұқсас. Олар қозғалмайды, жасушасы тығыз қабықшамен қапталған. 2-ші қасиеті – жанурларға тән. Жасушасында пластидтер болмағандықтан, ағзалық зат түзбейді, дайын ағзалық заттармен қоректенеді.
6. Қыналар – сирек кездесетін, құрам бөлігінде көк-жасыл балдырлар мен саңырауқұлақ үйлескен ағза.
7. Негізгі ерекшеліктері- тыныс алады, қоректенеді, зәр шығарады, қозғалады, көбейеді, өседі, дамиды, тіршілігін жояды.
|
Әсер етуші факторлар
1.Климат
2. Экология
3. Адам
Жаңа ұғым
|
ІІІ. Бекіту: кесте толтыру
Ағзалық әлем дүниелері
|
Өкілдері
|
Дүниеге бөліну себебі
|
1
2
3
4
5
|
|
|
ІV. Қорытынды: Жануарлардың өсімдіктерден айырмашылықтарына мысал келтіру.
V. Бағалау
VІ. Үй тапсырмасы: 1-параграф сұрақтарына жауап беру, оқу.
Сынып: 7
Күні:
Тақырыбы: Жасушасыз тіршілік құрылымы
Мақсаты: Тірі табиғатта вирустар өз алдына дербес вирустар дүниесін құрайтыны туралы мәлімет беру
Міндеті: Вирустар туралы толық ақпарат беру
Дамытушылығы: Вирустар ауру туғызытыны, олардан сақтану шараларын оқып үйрену
Білімділігі: ИТИС ауруының вирусы туралы оқыту, иммунитет – ағзаның қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті екенін дәлелдеу
Тәрбиелілігі: Вирустардан сақтану шараларын білу, өз гигиенасын сақтау
Құрал-жабдықтар:флипчарт, вирустардың суреттері, ауру туғызатын вирустар суреттері, электронды көрсетілімдер
Сабақ типі: аралас сабақ
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Ағзалық әлем деген не?
2. Тірі табиғат дүниесі туралы не білесін?
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:
Жүйелі жіктеу
1.Вирустарға жалпы сипаттама
2. Ауру туғызытын вирустар
3. Иммунитет
|
Вирус- жасушасы жоқ өте ұсақ бөлшекті затия. Ол екі түрлі неклеин қышқылынан және сыртында нәруызды қабығы бар заттардан құралады. Мөлшері 0,0000002 см.
Бактерия жасушасына енетін вирус – фаг немесе бактериофаг.
Вирус ағзаның жасушасына еніп, тіршілігін бұзады, ауру тудырады. Олар: тұмау, балалардың сал ауруы, қызылша, сары ауру, шешек, ИТИС.
Иммунитет- ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті.
|
Әсер етуші факторлар
|
ІV. Бекіту: Тірі табиғатта вирустар өз алдына дербес вирустар дүниесін құрайды. Олар бактериядан да кішкене, жай көзге көріндейді.
V. Қорытынды: Вирус – жасуша ішінде тіршілік етеін паразит. Олар ауру туғызады.
VІ. Үй тапсырмасы: 2 параграфты оқу, ИТИС жөнінде баяндама дайындау
VІІ. Бағалау
Сынып
Күні:
Тақырыбы: Бактериялар дүние тармағы
Мақсаты:Бактриялармен таныстыру, оның ашылу тарихын, зерттеген ғалымдарды көрсету
Міндеті: Микробиология ғылымының зерттеу саласын мәлімдеу.
Дамытушылығы:Микробиология ғылымы пайда болғаннан кейін, бактериялардың пішіні, құрылысы, тіршілік әрекеті толығырақ зерттелгені туралы білімін одан әрі толықтыру
Білімділігі: Бактерияларды өз қолымызбен өсіре алатынымызды көрсету
Тәрбиелілігі: айналадағы қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сүюге баулу
Құрал-жабдықтар: Флипчарттар, бактериялар суреттері, электронды көрсетілімдер
Сабақ типі: аралас сабақ
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Вирустар туралы не білесін?
2. ИТИС туралы әңгімеле
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:
Жүйелі жүктеу
1. Ашылу тарихы
2. Бактерияларға жалпы сипаттама
|
Антон Левенгук –микроскопты 150-270 есе ұлғайтқан.
Луи Пастер – ағзаларда ауру тудыратын, тағамдарды бүлдіретін ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеді.
Микробиология – көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, қасиетін, пайдасы мен зиянын зерттейтін ғылым.
Бактерия бір жасушалы ағза. Пішіндері: таяқша, шар, үтір, оралма.
Спора – тығыз қабықпен қапталған ерекше жасуша
Сапрофиттер - өлі ағза денесінде тіршілік ететіндер
Паразиттер – тірі ағзалар денесінде тірішілік ететіндер
|
Әсер етуші факторлар
|
ІV. Бекіту: Зертханалық жұмысқа қажетті бактерияларды өсіру.
V. Қорытынды: Әйгілі адамдар мен ғалымдар деректері микробиология ғылымын дамытуға үлес қосты. Солардың нәтижесінде бактериялардың пішіні, құрылысы, тіршілік әрекеті едәуір толыө зерттелді. Қоректеуіне қарай сапрофиттер және паразиттер тобына бөлінеді.
VІ. Үй тапсырмасы: 3 параграфты оқып, сұрақтарға жауап беру.
VІІ. Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |