Сабақтың тақырыбы Вирустар дүниесі. Жасушасыз тіршілік құрылымы. Сабақ негізделген оқу



Дата26.08.2017
өлшемі77,05 Kb.
#29146
түріСабақ

Пән: Биология

Мектеп: «№16ББОМ» КММ

Күні: 05.04.2017

Мұғалімнің есімі: Калдарбекова

СЫНЫП: 6А сынып

Қатысқандар

саны: 26

Қатыспағандар

саны:

Сабақтың тақырыбы

Вирустар дүниесі. Жасушасыз тіршілік құрылымы.

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

Вирустардың қызметі, құрылысымен танысуға жағдай жасалады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Вирустардың құрылысы мен пішінін анықтай алады.




Оқушылардың басым бөлігі: Вирус тудыратын аурулардың түрлерін біледі.





Кейбір оқушылар: Өсімдікте вирустар тудыратын ауру түрлерін біледі.

Тілдік мақсат

Оқушылар: Вирустардығ құрылысы мен пішінін атап, түсіндіре алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: Вирус, бактериофаг, ИТИС, иммунитет, тұмау, қызылша, фаг

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік

бірліктер: айтылым, жазылым

Талқылауға арналған тармақтар:

  • Вирустардың құрылысы мен пішіні

  • Жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары

  • ИТИС ауруының белгісі

Сіз неліктен вирустардың ауруларын қатерлі екенін айта аласыз ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар: терминмен жұмыс

Алдыңғы тақырып

Bilimland.kz сайтындағы тапсырмалармен үй тапсырмасын қайталау

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар


Басталуы


Психологиялық ахуал туғызу. Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу. Топ басшысын сайлау, бағалау парағымен жұмысты түсіндіру.Үй тапсырмасын тексеру.




Ортасы

Білу









Үй тапсырмасы «Өрмекші торы» әдісін пайдаланады. Оқушылар бір-бірімен сұрақ жауап арқылы диалог жасайды.

Жіп

«Ой қозғау» әдісімен сыни тұрғысынан ойлату мақсатында АКТ арқылы сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын аштым.




Түсіну



Оқушылар «Вирус» жауапты шығарып, топпен талқылап өзара пікірмен санады.

Сабақ барысында топтарға сұрақ қойылады:

1-топқа сұрақ. «Вирусты жұқтырған адам» дегенді қалай түсінесің?

2- топқа сұрақ. Иммунитет дегенді қалай түсінесің?

3- топқа сұрақ. Вирустарды кім ашты?





Қолдану



Оқушыларға «Жас ерекшеліктеріне сәйкес» тапсырма бердім. Бұл «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы көп нүктенің орнына тиісті сөйлемді қою.

  1. Бактерия жасушасына енетін вирустарды .... немесе ..... деп атайды.

  2. Вирустардың пішіні ...., ....., ....., ..... тәрізді. Вирустардың өлшемі ..... см.

  3. Аурудың жұқпа көзі ..... жұқтырған адам. ..... жасуша ішінде тіршілік ететін паразит.




Талдау


«Ойлан, Бірік, Бөліс» әдісі. Оқушылар суреттер қиындысынан қалқанша безінің суретін құрастырады.

«Бес саусақ» әдісі арқылы өсімдікте вирус тудыратын аурулар жаңалық болғандығы, олардың алдын алу шараларытуралы оқушылар толық түсіну үшін оған байланысты жұмыс топпен талқыланып, талданды.



Әр топтан талатты және дарынды оқушылар венн диаграммасы арқылы талдады.

Интербелсенді тақта

Жинақтау


1-топ. Вирустардың құрылысы мен пішіні туралы айтып өтеді. Вирус екі түрлі нуклейн қышқылынан, сыртында нәруызды қабығы бар заттан тұрады. Пішіні- шар, сопақ, таяқша, жіп тәрізді. Олардың өлшемі 0,0000002 см екендігін.

2-топ. Вирус тудыратын аурулардың белгісін айтып өтеді. Вирус ағзаның жасушасына еніп, тіршілігін бұзады, ауру тудырады. Олар: тұмау, балалардың сал ауруы, қызылша, сару ауру, шешек, ұшық екендігін атап өтеді.

3-топ. Жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары туралы айтып өтеді.

Бұл тапсырма оқушының ойлау қабілетін, есте сақтауын, тіл байлығын артыруға мүмкіндік береді.






Бағалау

Топ басшылары бағалау парағы бойынша топ мүшелерін бағалады.

«Бағдаршам» әдісі бойынша кері байланыс жасалады. Тақтаға оқушылар Бағдаршам плакатына стикер жапсырады.






Аяқталуы

Үйге тапсырма, бағалау, рефлексия.




Қосымша ақпарат

Саралау


Бағалау


Пəнаралық байланыс


Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Бүгінгі сабағымды «Блум» таксономиясы бойынша сабағымды жоспарладым. Оқушыларды топқа бөлуде геометриялық фигуралар арқылы бөлдім. Әр топ өздерінің  топтарынан  топ басшы  сайлады. Топ ережесін еске түсіріп, барлығы топ ережесіне  және топ басшыға бағынатынын  айтты. Топқа бөлу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын аштық.

Үй тапсырмасын сұрауда оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер бойынша «Өрмекші торы» әдісі арқылы сұрадым. Бұл әдіс оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытуға тиімді екен. Тапсырмада оқушылар бір-бірімен сұрақ-жауап арқылы диолог жасады. Кейбір оқушым сұраққа дұрыс жауап бере алмаған кезде, ол оқушыға сұрақты тарқатып, мысал арқылы қайта бағыттау сұрағын қойдым. Ал қай оқушым сабаққа белсене қатысып немесе қай оқушы үй тапсырмасына дайын емес, толық түсінбеген өзім бақылап тұрдым. Алдағы  тапсырмаларда  осы оқушыларды сабаққа көбірек тартуға әрекет жасадым. Бұл тапсырманың нәнижесінде есте сақтау қабілеті дамыды.

Оқушыларға  жаңа сабақты «Ой қозғау»әдісімен  сыни тұрғыдан ойлату мақсатында тақтадан сөз жұмбақ қою арқылы жаңа сабақ тақырыбын аштым. Сабақтың барысында топтарға сұрақ қойылды, сонымен бірге ойларын дәлелдеу үшін  плакат пен маркерлер бердім. Осы кезде байқағаным топ мүшелері  жан-жақты ойланып, өз бетінше ізденіп, жақсы  пікірлер айтып, бір-біріне үйретті. Әрине барлық оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланбаған.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісін орындаған кезде тапсырманың дұрыс орындалуын қадалаған кезде қателіктер жол берді, кейбір топтардың жауаптары дұрыс болды. Олардың  жауаптарын қабылдап, бағыт-бағдар бердім. Әр тапсырманы дер кезінде бағалау парағы  арқылы бағалап отырдық.

Одан әрі білімдерін дамыту үшін «Ойлан, бірік, бөліс» әдісін  қолдандым. Алған білімдерін жинақтау мақсатында «Кім жүйрік?» әдісін қолдандым.

Бұл тапсырмада оқушылардың  есте сақтау қабілеті,тіл байлығы, ойлау қабілеттері  дамыды деп ойлаймын. Тапсырманың дұрыс орындалғанын қадағалап отырдым.

Топ басшылары бағалау парағы бойынша топ мүшелерін бағалады.

«Бағдаршам» әдісі бойынша кері байланыс жасалды. Тақтаға оқушылар Бағдаршам плакатын стикер жапсырды. Сабақтарымда жеті модульді  кіріктіре отырып сабақ өтсем, ой-пікірін еркін айта алатын, өзіне сенімді, белсенді, сыни тұрғыдан ойлай алатын, жеке тұлға қалыптасады деп ойлаймын.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: «Өрмекші торы»

2: «Аяқталмаған сөйлем»

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушылар өз беттерінше ізденді.

2: Оқушылардың сабаққа қызығушылығы оянды.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Келесі сабақтарда басқа да әдіс тәсілдерді пайдаланып, сабақты қызықты етіп өткіземін деп ойлаймын.



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет