Үй тапсырмасына шолу ↓



Дата02.04.2020
өлшемі1,57 Mb.
#61366
Байланысты:
Касым Аманжолов

“Болашақ” университетінің жоғары колледжі Қасым Аманжолов «Ұлы Отан соғысы туралы жыр», «Байкал», «Орал», «Елге хат» өлеңдері . Дайындаған : Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ә.Б.Бақберді


Үй тапсырмасына шолу ↓

Ақынның өміріне шолу жасау ↓

Шығармаларын талдау ↓

Сұрақ- жауап


Үй тапсырмасын пысықтау

1. Ғабит Мүсірепов кім? 2. Ғабит Мүсірепов қай жылы, қай жерде дүниеге келген? 3. Өз өмірі жайлы қай әңгімесінде сипаттаған? 4. Қара сөзбен жазылған поэмасы қалай аталады? 5.Тырнақалды туындысы қай жылы, қай газетте жарияланған? 6. Қандай романдарын білесіңдер? 7.1917 жылы 2 сыныпты орыс мектебіне оқуға түскенде

кімнен дәріс алады? 8. Ғабит Мүсіреповтың 1941 жылы жазған тарихи туындысы қалай аталады? 9. Ақан сері Ақтоты трагедиясы алғаш рет нешінше жылы Қазақтың Мемлекеттік академиялық драма тератрында қойылады?

10. Ғабит Мүсірепов қай жылы, қанша жасында қайтыс болған?

Тақырыбы: Қасым Аманжоловтың «Ұлы Отан соғысы туралы жыр, Байкал, Орал», Елге хат» өлеңдері .


Жаңа сабақ

Қасым Аманжолов 1911 жылы 10 қазанда қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл ауылында дүниеге келген. Әке-шешеден жастай жетім қалған, ол біраз жыл ағасының қолында өседі. Алғашында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. Кейін, 1924 жылы, ағасы Қасымды Семей қаласындағы интернатқа орналастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленеді. Одан әрі қарай үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жазады. 1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт "Лениншіл жас" газетінде істейді. 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды. Бірақ, денсаулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласында "Екпінді құрылыс" газетіне қызметке орналасады.1933 жылы міндетті әскер қатарына алынып, оны сол Орал қаласында өтейді.

Қасым Аманжолов 1911 жылы 10 қазанда қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл ауылында дүниеге келген. Әке-шешеден жастай жетім қалған, ол біраз жыл ағасының қолында өседі. Алғашында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. Кейін, 1924 жылы, ағасы Қасымды Семей қаласындағы интернатқа орналастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленеді. Одан әрі қарай үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жазады. 1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт "Лениншіл жас" газетінде істейді. 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды. Бірақ, денсаулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласында "Екпінді құрылыс" газетіне қызметке орналасады.1933 жылы міндетті әскер қатарына алынып, оны сол Орал қаласында өтейді.

Алғашқы өлеңдерін Қасым Аманжолов Семейде жазған. Олар қабырға газетіне ғана басылып жүрген. Кейін ол дәптері жоғалып кеткен. Сондықтан 1930 жылдарға дейін жазған өлеңдері сақталмаған. 1930 жылы жазған өлеңдері өзі қызмет істеп жүрген "Лениншіл жас", "Қызыл әскер" және "Пионер" газеттерінде жарияланған. Қасым Аманжоловтың ақын, азамат болып қалыптасуына Орал қаласы үлкен әсер етті. Осы қалада ол ең алғашқы махаббат, жастық жырларын жазды. 1935 жылы әскер қызметінен босасымен Қасым Оралдың театр группасын ұйымдастырып, өзі көркем басқарушысы болады. Бұл группа тез өсіп, аз уақыт ішінде театр болып құрылды. Мұндағы ақынның еңбегі өте зор еді. Осы кездері Қасым Аманжоловтың ақындық, әншілік, артистік таланты жұртшылыққа танылды. 1936-1941 жылдары Қасым Аманжолов Алматыға барып, "Социалистік Қазақстан", "Лениншіл жас" газеттерінде, Жазушылар Одағында қызмет істейді. Бұл кездері ол өлеңмен қатар әр түрлі тақырыпқа мақала, очерк, фельетон жазады. 1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы "Өмір сыры" деген атпен жарық көреді.

  • Алғашқы өлеңдерін Қасым Аманжолов Семейде жазған. Олар қабырға газетіне ғана басылып жүрген. Кейін ол дәптері жоғалып кеткен. Сондықтан 1930 жылдарға дейін жазған өлеңдері сақталмаған. 1930 жылы жазған өлеңдері өзі қызмет істеп жүрген "Лениншіл жас", "Қызыл әскер" және "Пионер" газеттерінде жарияланған. Қасым Аманжоловтың ақын, азамат болып қалыптасуына Орал қаласы үлкен әсер етті. Осы қалада ол ең алғашқы махаббат, жастық жырларын жазды. 1935 жылы әскер қызметінен босасымен Қасым Оралдың театр группасын ұйымдастырып, өзі көркем басқарушысы болады. Бұл группа тез өсіп, аз уақыт ішінде театр болып құрылды. Мұндағы ақынның еңбегі өте зор еді. Осы кездері Қасым Аманжоловтың ақындық, әншілік, артистік таланты жұртшылыққа танылды. 1936-1941 жылдары Қасым Аманжолов Алматыға барып, "Социалистік Қазақстан", "Лениншіл жас" газеттерінде, Жазушылар Одағында қызмет істейді. Бұл кездері ол өлеңмен қатар әр түрлі тақырыпқа мақала, очерк, фельетон жазады. 1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы "Өмір сыры" деген атпен жарық көреді.

1939-1941 жылдар арасында Қасым Аманжоловтың шығармашылығы елеулі өрлеу дәуірі басталады. Осы кездерде жазған "Нар тәуекел", "Дауыл", "Көкшетау", "Орамал", "Заула, заула Турксиб", "Сұлтанмахмұт туралы баллада" сияқты өлеңдерінде өрісті ойлар, терең сезім қуаты, өткір тіл байлығы байқалады. Және де Пушкин, Лермонтов, Шевченко, Байрон, Маяковскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударуы Қасымның шығармашылық өнерінің өсу жолын анықтай түседі. Қасым қалың жұртшылыққа өзінің ақындығы, аудармасымен ғана емес, сонымен қоса әнімен, домбра, сырнай, скрипка, пианино тартатын әдемі өнерімен де танылған. Ол өз өлеңіне ән шығаруды өте қызық көрген. "Дариға", "Туған ел" атты өлеңдері бүгінгі жақсы әндер тізіміне қосылады. Қасым Аманжоловтың бірінші өлеңдер жинағы 1938 жылы "Өмір сыры" деген атпен шықты. 1940 жылы Қасым Маяковскийдің он шақты өлеңін аударып 1941 жылы "Бар дауыспен" деген атпен жеке жинақ етіп жариялады. Қасым Аманжолов тек қана лирик емес, сонымен қоса эпик ақын. "Дүние қандай жап-жарық", "Сақыпжамал", "Күйім тасып барады, күйім тасып", "Жаным сәулем, еркешім, қызыл гүлім" атты өлеңдері Қасымның лириктігін танытса, "Ақын өлімі туралы аңыз", "Боран", "Біздің дастан", "Жамбыл тойында" атты поэмалары оның эпиктігінің дәлелі.

  • 1939-1941 жылдар арасында Қасым Аманжоловтың шығармашылығы елеулі өрлеу дәуірі басталады. Осы кездерде жазған "Нар тәуекел", "Дауыл", "Көкшетау", "Орамал", "Заула, заула Турксиб", "Сұлтанмахмұт туралы баллада" сияқты өлеңдерінде өрісті ойлар, терең сезім қуаты, өткір тіл байлығы байқалады. Және де Пушкин, Лермонтов, Шевченко, Байрон, Маяковскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударуы Қасымның шығармашылық өнерінің өсу жолын анықтай түседі. Қасым қалың жұртшылыққа өзінің ақындығы, аудармасымен ғана емес, сонымен қоса әнімен, домбра, сырнай, скрипка, пианино тартатын әдемі өнерімен де танылған. Ол өз өлеңіне ән шығаруды өте қызық көрген. "Дариға", "Туған ел" атты өлеңдері бүгінгі жақсы әндер тізіміне қосылады. Қасым Аманжоловтың бірінші өлеңдер жинағы 1938 жылы "Өмір сыры" деген атпен шықты. 1940 жылы Қасым Маяковскийдің он шақты өлеңін аударып 1941 жылы "Бар дауыспен" деген атпен жеке жинақ етіп жариялады. Қасым Аманжолов тек қана лирик емес, сонымен қоса эпик ақын. "Дүние қандай жап-жарық", "Сақыпжамал", "Күйім тасып барады, күйім тасып", "Жаным сәулем, еркешім, қызыл гүлім" атты өлеңдері Қасымның лириктігін танытса, "Ақын өлімі туралы аңыз", "Боран", "Біздің дастан", "Жамбыл тойында" атты поэмалары оның эпиктігінің дәлелі.

Ақын 1941 жылы армия қатарына шақырылады. Сол қарсаңда "Мазасыз музыка", "Қоштасу", "Бейсекештің бес ұлы" секілді әсерлі, сыршыл сезімге толы, лепті өлеңдерін жазады. 1941-1943 жылдары Қиыр Шығыста болған Қасым 1943 жылы батыстағы майданға ауыстырылады, содан соғыс аяқталғанға дейін "қанды қырғын, қып-қызыл өрттің ішінде" болады. Намыскер, өр, қайсар Қасым жауынгерлік міндетін жан аямай атқарады, абыройлы болады. Қиыр Шығыс пен батыстағы майдан аралығындағы ұзақ сапар, атамекен – Қазақстанын қақ жарып өтетін жол әсершіл, ұшқыр қиялды ақын жанын қатты тебірентеді. Соның нәтижесінде "Орал", "Сарыарқа", "Байкал", "Өтіп бара жатырмын" тәрізді тек Қасымның ғана емес, сол кездегі бүкіл қазақ поэзиясынық жетістігі болып саналатын өлеңдері дүниеге келеді.

Ақын 1941 жылы армия қатарына шақырылады. Сол қарсаңда "Мазасыз музыка", "Қоштасу", "Бейсекештің бес ұлы" секілді әсерлі, сыршыл сезімге толы, лепті өлеңдерін жазады. 1941-1943 жылдары Қиыр Шығыста болған Қасым 1943 жылы батыстағы майданға ауыстырылады, содан соғыс аяқталғанға дейін "қанды қырғын, қып-қызыл өрттің ішінде" болады. Намыскер, өр, қайсар Қасым жауынгерлік міндетін жан аямай атқарады, абыройлы болады. Қиыр Шығыс пен батыстағы майдан аралығындағы ұзақ сапар, атамекен – Қазақстанын қақ жарып өтетін жол әсершіл, ұшқыр қиялды ақын жанын қатты тебірентеді. Соның нәтижесінде "Орал", "Сарыарқа", "Байкал", "Өтіп бара жатырмын" тәрізді тек Қасымның ғана емес, сол кездегі бүкіл қазақ поэзиясынық жетістігі болып саналатын өлеңдері дүниеге келеді.

Соғыс майданында жүріп Қасым көптеген лирикалы өлең жазған. "Үстімде сұр шинелім", "Мартбек", "Жеңіс дауысы", "Орал", "Ертіс", "Сибирь", "Сарыарқа" сияқты өлеңдері туған жердің сыр-сипатын, сұлулық бейнесін, соғыс өмірін суреттейді. Ал "Елге хат", "Достар қайда жүрсіңдер?", "Ағайға" деген өлеңдері туған елді, дос жорандарын, ағайын-туыстарын сағынған солдаттың сезім дүниесін жырлайды. 1943 жылғы сұрапыл кезеңде дүниеге келген Қасымның бір ерекше, өлмес туындысы – "Ақын өлімі туралы аңыз" атты поэма. Бұл поэма Қасымның атын аспандатып, ақындық даңқын шырқау шыңға шығарған тұлғалы туынды. Бұл поэма Ұлы Отан соғысының майданында жаудың қоршауында қалып қойып, ерлікпен қаза тапқан Қасымның жақын досы, жас ақын А.Жұмағалиев туралы. Ұлы Отан соғысы аяқталған соң Қасым майдан өлеңдерін газет-журналдарға көптеп бастырумен қатар жаңа өлеңдер жазды. Осы кездері оның "Біздің дастан" поэмасы жазылып, таңдамалары өлеңдер жинағы "Дауыл" деген атпен жарық көрді. 1949-1952 жылдары Қасым Аманжоловтың "Балбөбек", "Нұрлы дүние" жинақтары "Таңдамалы шығармалар" жинағы басылып шықты.

  • Соғыс майданында жүріп Қасым көптеген лирикалы өлең жазған. "Үстімде сұр шинелім", "Мартбек", "Жеңіс дауысы", "Орал", "Ертіс", "Сибирь", "Сарыарқа" сияқты өлеңдері туған жердің сыр-сипатын, сұлулық бейнесін, соғыс өмірін суреттейді. Ал "Елге хат", "Достар қайда жүрсіңдер?", "Ағайға" деген өлеңдері туған елді, дос жорандарын, ағайын-туыстарын сағынған солдаттың сезім дүниесін жырлайды. 1943 жылғы сұрапыл кезеңде дүниеге келген Қасымның бір ерекше, өлмес туындысы – "Ақын өлімі туралы аңыз" атты поэма. Бұл поэма Қасымның атын аспандатып, ақындық даңқын шырқау шыңға шығарған тұлғалы туынды. Бұл поэма Ұлы Отан соғысының майданында жаудың қоршауында қалып қойып, ерлікпен қаза тапқан Қасымның жақын досы, жас ақын А.Жұмағалиев туралы. Ұлы Отан соғысы аяқталған соң Қасым майдан өлеңдерін газет-журналдарға көптеп бастырумен қатар жаңа өлеңдер жазды. Осы кездері оның "Біздің дастан" поэмасы жазылып, таңдамалары өлеңдер жинағы "Дауыл" деген атпен жарық көрді. 1949-1952 жылдары Қасым Аманжоловтың "Балбөбек", "Нұрлы дүние" жинақтары "Таңдамалы шығармалар" жинағы басылып шықты.

1947 жылдан бастап Қасым сырқаттанып, ара-тұра жатып қалып жүрді. Бірақ қандай ауыр қалде жатса да, өлең жазуын тоқтатқан жоқ. Сырқаты дендеген кездерде Қасым өлеңдерінде өзінің ақындық өмірі туралы жазатын. Бұған дәлел оның "Өзім туралы" атты өлеңі. 1954 жылы қыркүйек-қазан айларында Қ. Аманжолов Қазақстан Жазушыларының ІІІ сьезінің ашылуына қатынасты. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап сырқаты мендей түсті. 1955 жылы 18 қаңтарда Қасым мәңгілікке көз жұмды.

  • 1947 жылдан бастап Қасым сырқаттанып, ара-тұра жатып қалып жүрді. Бірақ қандай ауыр қалде жатса да, өлең жазуын тоқтатқан жоқ. Сырқаты дендеген кездерде Қасым өлеңдерінде өзінің ақындық өмірі туралы жазатын. Бұған дәлел оның "Өзім туралы" атты өлеңі. 1954 жылы қыркүйек-қазан айларында Қ. Аманжолов Қазақстан Жазушыларының ІІІ сьезінің ашылуына қатынасты. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап сырқаты мендей түсті. 1955 жылы 18 қаңтарда Қасым мәңгілікке көз жұмды.
  • М. Лермонтовтың "Маскарад" драмасын, А. Твардовскийдің әйгілі "Василий Теркин" атты ұзақ та күрделі поэмасын өте шебер аударады. 1948 жылы да Қасым көп жазады, "Дауыл" атты жинағы жарық көреді. Осы жылдары Пушкин мен Лермонтовтың бірсыпыра өлеңдеріне қоса, Пушкиннің "Полтава" поэмасын аударады. "Балбөбек", "Нұрлы дүние" жинақтарын шығарады. 1952 жылы "Таңдамалы шығармалары" жарық көреді.

Өмірден ерте кеткенімен, Қасымның мәңгі жасайтын асыл жырлары қалды. Сол жырлары ақын атын өлтірмейді. Бұл күнде халықтың сүйікті ақыны Қасым Аманжоловтың жарқын бейнесі ел жүрегінде. Оның шығармалары орыс және басқа да халықтардың тілдеріне аударылған. Ақынның өлеңдерін қазақшадан орыс тіліне Дмитрий Снегин, Борис Слуцкий, Илья Сельвинский және басқалары аударған. Қасым Аманжоловтың үлкен жаңалығы – қалыптасқан қағидаларды жеңу, өлең саласындағы батыл тәжірибе, ол қазақ поэзиясына он буындық өлең жолын енгізді. Ақынның өлеңдері мен поэмалары қазақ әдебиеті бойынша барлық оқулықтарына енгізілген.

  • Өмірден ерте кеткенімен, Қасымның мәңгі жасайтын асыл жырлары қалды. Сол жырлары ақын атын өлтірмейді. Бұл күнде халықтың сүйікті ақыны Қасым Аманжоловтың жарқын бейнесі ел жүрегінде. Оның шығармалары орыс және басқа да халықтардың тілдеріне аударылған. Ақынның өлеңдерін қазақшадан орыс тіліне Дмитрий Снегин, Борис Слуцкий, Илья Сельвинский және басқалары аударған. Қасым Аманжоловтың үлкен жаңалығы – қалыптасқан қағидаларды жеңу, өлең саласындағы батыл тәжірибе, ол қазақ поэзиясына он буындық өлең жолын енгізді. Ақынның өлеңдері мен поэмалары қазақ әдебиеті бойынша барлық оқулықтарына енгізілген.

Қасым Аманжолов өзінің Туыстарымен


Қасым Сақыпжамал жұбайы мен Дариға қызы

Қасымның ағасы Ахметжан Рақымжанов, қарындасы Таукаң Атшабарова, күйеу баласы Қ. Нұрабаев

Қасым Аманжолов  қыздары Жанна, Дариға және  зайыбы Сақыпжамалымен бірге

Қасым Аманжоловтың  жас кезі

Қасым жас ақындарға  өлең оқып тұр

Қасым жас жазушылар арасында

Қасым Аманжолов майданда

Сақылжамал шешесімен, Жанна, Дариға

Қасым Орал қаласының  көркемөнерпаздары арасында

Қасым Аманжолов майдандастарымен


Қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі Қасым Аманжоловтың шығармашылығында ел мен жер,туған елге деген сүйіспеншілік тақырыбы ерекше орын алады.Тағдыры соғыспен бетпе-бет келгендіктен қазақ жауынгерінің ерлігі хақымда көп қалам тербеді.Сондықтан соғыс жылдары жазылған шоқтығы биік поэтикалық шығармалар Қасым Аманжоловтың еншісіне бұйырды. Ақын өлімі туралы аңыз туындысы,қазақ поэзиясының поэма жанрдағы зор жетістігіне бағаланды.Бұл поэмаға ақындық таланты үлкен үміт күттірген сөз шебері Абдулла Жумағалиевтің майданда көрсеткен ерлігі арқау болған. Қазақ жауынгері Отансүйгіштігі мен қайсарлығы мен дараланатын еді.Соғыста оның бөлімшесі жау қоршауына тұсып қалады.Жанындағы жолдастары түгел оққа ұшады, жау қоршауында қалған Абдулла жалғыз өзі автоматтан оқ жаудырып, неміс әскерінің біразын қырғынға ұшыратады.Немістер Абдуллаға өз еркімен қолға түссе, кінәсін кешейтінін айтады. Алайда өр рухта Отаншыл азамат ақтық демі қалғанша соғысып,немістер өртеген үймен бірге отқа оранады.Абдулланың бұл ерлігі батырлықтың шыңы еді. Поэма ақын өмірінің соңғы сәтін суреттеумен,қатар тұрапыл соғыстың қасіретін бейнелейді. Қасым Аманжолов Майданннан соққан жаңа леп деп жоғары бағалаған. Ақынның Ұлы Отан соғысы туралы жыр поэмасы соғыс зардабын суретттейді. Отанды шексіз сүюге , ержүректікпен қорғауға үндейді.

  • Қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі Қасым Аманжоловтың шығармашылығында ел мен жер,туған елге деген сүйіспеншілік тақырыбы ерекше орын алады.Тағдыры соғыспен бетпе-бет келгендіктен қазақ жауынгерінің ерлігі хақымда көп қалам тербеді.Сондықтан соғыс жылдары жазылған шоқтығы биік поэтикалық шығармалар Қасым Аманжоловтың еншісіне бұйырды. Ақын өлімі туралы аңыз туындысы,қазақ поэзиясының поэма жанрдағы зор жетістігіне бағаланды.Бұл поэмаға ақындық таланты үлкен үміт күттірген сөз шебері Абдулла Жумағалиевтің майданда көрсеткен ерлігі арқау болған. Қазақ жауынгері Отансүйгіштігі мен қайсарлығы мен дараланатын еді.Соғыста оның бөлімшесі жау қоршауына тұсып қалады.Жанындағы жолдастары түгел оққа ұшады, жау қоршауында қалған Абдулла жалғыз өзі автоматтан оқ жаудырып, неміс әскерінің біразын қырғынға ұшыратады.Немістер Абдуллаға өз еркімен қолға түссе, кінәсін кешейтінін айтады. Алайда өр рухта Отаншыл азамат ақтық демі қалғанша соғысып,немістер өртеген үймен бірге отқа оранады.Абдулланың бұл ерлігі батырлықтың шыңы еді. Поэма ақын өмірінің соңғы сәтін суреттеумен,қатар тұрапыл соғыстың қасіретін бейнелейді. Қасым Аманжолов Майданннан соққан жаңа леп деп жоғары бағалаған. Ақынның Ұлы Отан соғысы туралы жыр поэмасы соғыс зардабын суретттейді. Отанды шексіз сүюге , ержүректікпен қорғауға үндейді.

Ұлы Отан соғысы туралы жыр

  • Міне, менің алдымда жатыр Еділ –ер орыстың ежелден бесігі бұл. Рухындай аруақты ата-бабалардың Ойшыл бұлттар аспанда шомылып жүр. Саратов, Тамбов, Москва- байтақ елім Киінген қызыл әскер сұр шинелін, Қайнап аққан болаттай келеді ерлер. Қолбасшысы партия, Ұлы Ленин. Жау сұрқия тобыры жөндеттердің, Ажал досы, қырсығы көк пен жердің. Оның қанды қолынан, қанжарынан О, бауырым, аз қырғын болды, дер кім? Апат боп, өліктерді басып, таптап, Қасқыр боп, өрт боп дұшпан келді қаптап, Атаға да, балаға да ,сайлап бұғау Жыландай жанды жерден болды шақпақ.

1940 жылы Қасым туған жер табиғатына арналған көптеген лирикалық өлеңдер жазды. Әсіресе майданға аттанып бара жатқанда жазған Байкал, Орал өлеңдерінде ел табиғатының әсем көріністерін патриоттық сезіммен жырлайды. Орал өлеңінде ақын туған жерге деген ыстық махаббатын, ондағы өткізген балалық шағын, елге сағынышын жырға қосса, Байкал өлеңінде арғы өлке ақын жанның соншалықты іңкәрлігі құштарлығы сезіледі.

  • 1940 жылы Қасым туған жер табиғатына арналған көптеген лирикалық өлеңдер жазды. Әсіресе майданға аттанып бара жатқанда жазған Байкал, Орал өлеңдерінде ел табиғатының әсем көріністерін патриоттық сезіммен жырлайды. Орал өлеңінде ақын туған жерге деген ыстық махаббатын, ондағы өткізген балалық шағын, елге сағынышын жырға қосса, Байкал өлеңінде арғы өлке ақын жанның соншалықты іңкәрлігі құштарлығы сезіледі.

«Байкал», «Байкал», дегенге Тұрдым атып орнымнан; Ұйқылы ояу денемде, Талқи атты ыстық қан Қызыл вагон есігін Айқара ашып тастадық.... Соқты самал есіліп, Ақты бұлақ тас жарып. Торғын тұман жамылып, Байкал жатты көселіп; Таң сәріден сабылып, Жәрмеңкеге жосылып; Кернейлеткен көп өзен Жатты құйып тұс-тұстан.

  • «Байкал», «Байкал», дегенге Тұрдым атып орнымнан; Ұйқылы ояу денемде, Талқи атты ыстық қан Қызыл вагон есігін Айқара ашып тастадық.... Соқты самал есіліп, Ақты бұлақ тас жарып. Торғын тұман жамылып, Байкал жатты көселіп; Таң сәріден сабылып, Жәрмеңкеге жосылып; Кернейлеткен көп өзен Жатты құйып тұс-тұстан.
  • Ерте оянған Таң жеңгең Тұрды қарап шығыстан. Ой тастап бір Байкалға, Ғашық болған Таң сұлу Айнала асқар тауларға Қойды қадап алтын ту. -Шірікін, Байкал, Байкал -деп Біз келеміз шарқ ұрып, Кең бір дүние көкпеңбек Әлде қайда шақырып. Алғыс сапар асығыс, Аялдауға жоқ мұрша. Сықылданып таңғы түс, Қалмақ па бұл тамаша?...

Орал өлеңі

  • Оралым, шықтың алдымнан, Оралым менің, Оралым! Қол созып қызыл вагоннан, Үстіңнен өтіп барамын. Оралым, сенің қойнында Ойнақтап өткен жылдарым. Жарқылдап Жайық бойында Достармен сайран құрғамын. Шағанның бойы көк шалғын, Шалқамнан жатқам шаңқай түс. Гүл болып менің құшағым, Кеудеме қонған бұлбұл құс. Өмірдің алтын кесесін Тосқанмын айдың нұрына. Кезгенмін Совет көшесін, Кеудемді ашып құрбыма. Сонау бір шетте сонау үй Кетер ме, сірә, көңілден? Алушы ед тартып мені ылғи
  • Махаббат, жастық лебімен. Терезе алды - жас терек, Тұр екен кімдер сүйеніп? Жүр екен кімдер еркіндеп, Жүрегін ұстап үйге еніп?.. Сағындым сені, Оралым, Күндер жоқ бейбіт бұрынғы. Келгенше қайтып оралып, Алып қал осы жырымды. Сіркіреп жаңбыр жауғанда Байқарсың өзің анықтап. Жаным бір жүзер ауаңда, Ауанда сенің қалықтап. Қош болшы енді, Оралым, Күле бер шалқып, сайранда! Айтпақшы, қайда бораның? Кетейін алып майданға!

Ақынның шоқтығы биік дара жырларының бірі – «Елге хат». Өлең қан майданға аттанып, туған даласын сағынған ұлдың ішкі күйзелісін, елге деген өртті махаббатын сөз етеді. Ақын Атамекен деген бір ауыз сөзге жан бітіріп, өлеңнің өне бойында онымен тілдесіп отырады. Қасым «туған жер» деген ұғымның мәнін тың көркемдік шешіммен аша түседі. Мына жыр шумағы соған дәлел: Есімде жөнелгенім қанды жолға, Туған жер қимағандай мені сонда. Жалтақтап, жалпақ дала, қарай бердің, Жүгіріп еріп зорға эшелонға.  Атамекен мен адам арасындағы ұлы байланысқа, кіршіксіз сезімге тіл бітіру – Қасым Аманжолұлына тән поэтикалық ерекшелік ретінде әдебиетімізден өз бағасын алды. Өліммен бетпе бет келген жауынгер ақын: «Солдаттың етігіндей жаным сірі» деп, туған жер топырағына жетпейінше ажалға да дес бермейтінін жеткізеді. Ақын «Елге хат» деген осы өлеңі арқылы зұлмат соғысқа, қаһарлы кезеңге ақындық һәм адамдық уәжін айтқан.

  • Ақынның шоқтығы биік дара жырларының бірі – «Елге хат». Өлең қан майданға аттанып, туған даласын сағынған ұлдың ішкі күйзелісін, елге деген өртті махаббатын сөз етеді. Ақын Атамекен деген бір ауыз сөзге жан бітіріп, өлеңнің өне бойында онымен тілдесіп отырады. Қасым «туған жер» деген ұғымның мәнін тың көркемдік шешіммен аша түседі. Мына жыр шумағы соған дәлел: Есімде жөнелгенім қанды жолға, Туған жер қимағандай мені сонда. Жалтақтап, жалпақ дала, қарай бердің, Жүгіріп еріп зорға эшелонға.  Атамекен мен адам арасындағы ұлы байланысқа, кіршіксіз сезімге тіл бітіру – Қасым Аманжолұлына тән поэтикалық ерекшелік ретінде әдебиетімізден өз бағасын алды. Өліммен бетпе бет келген жауынгер ақын: «Солдаттың етігіндей жаным сірі» деп, туған жер топырағына жетпейінше ажалға да дес бермейтінін жеткізеді. Ақын «Елге хат» деген осы өлеңі арқылы зұлмат соғысқа, қаһарлы кезеңге ақындық һәм адамдық уәжін айтқан.

Елге хат өлеңі

  • «Менің бір бар еді ерке тентек  ұлым, Өлі ме, тірі ме екен сол құлыным?» Дейтіндей  болдың ғой сен, туған елім, Жоғалдым зым- зия боп, шықпай үнім.
  • Арада өтті үш жыл ойран – топыр , Теңіздей тебіренді қала мен қыр. Шарықтап аспанында жүрген шығар Қанатын өрт шарпыған өлең мен жыр.
  • Көре алмай содан менің қаршығамды, «Қан болып жатыр ма,- деп – құшып шаңды». Астынан алақанның алыс қарап, Іздер ме ата қазақ ақсақалды?
  • Бармын мен бұл дүиеде , жүрмін тірі , «Жоқсың» деп жала жабар қудың бірі. Түссем де отқа, суға тозар емен, Солдаттың етегіндей жаным сірі.

Екінші сөз

Екінші сөз

  • Есімде жөнелгенім  қанды жолға: Туған жер қимағандай мені сонда. Жалтақтап, жалпақ дала , қарай бердің, Жүгіріп , еріп зорға эшелонға. Сықылды сынып –құлап аққан жұлдыз, Мен кеттім қарауытып үнсіз – тілсіз. Білмедім қош дерімді , күт дерімді,- Елестеп екі жақтан мыстан мен қыз. Айнала нұрға  шомып бір керемет, Ашылды жайнап сол кез ғажап сурет. Бодым мен туып өскен тау , даламды Көргендей тұңғыш рет , не соңғы рет.
  • Үшінші сөз
  • Мен кеттім , сол кеткеннен кеттім ұзақ , Базарға келіп түстім қанды қасап. Бір долы от ауызды ,темір тісті Қыршып жас өмірлерді жатты асып.
  • Душар боп сол бір сойқан дүниеге жат, Кәсібім – соғыс болып , атым – солдат. Қан жалдап , шалпылдатып кете бардым Серігім болды менің азап- михнат.
  • Түкілеп жапырағын оқ жегенде, Қараушв ем аянышпен сорлы еменге: Жанымның жанат нуын жалын шарпып, Достарым, сол емендей бодым мен де.
  • Қан соқта арасында өліктердің, Ажалды өз көзімен талай көрдім. Достасып, бір ыдыстан тағам ішіп, Астында бірге ұйықтыдық сұр шинельдің.
  • Немене айтып- айтпай көрген азап, Қалмадым қирап- қаусап тек жалғыз- ақ. Мың есе білдірдің ғой қадіріңді, Атыңнан айналайын ,ата қазақ.

Төртінші сөз

  • Төртінші сөз
  • Жұлып жеп жер мен көкті от тұмсығы, Долының ұстағанда қояншығы. Қанатын ақша бұлттар қанға малып, Өртеніп күп- күрең боп таудың шыңы.
  • Сырылдап қос өкпесі , іздеп жемтік, Самолет сумаң етіп, келсе жетіп. Бұлттағы долы сайтан  найзасындай Қадалса қара бомба жерге кеп тік.
  • Жылытып бауырымды ып- ыстық қан, Кезімде өлі досты барып құшқан. Үстіме сен кеп төніп тұрғандай- ақ Болушы ем , атамекен Қазақстан!
  • Ес жиып тұрушы едім мен орнымнан , Қараушы ем жалын шарпып жанарымнан. Шегініп сен кетуші ең білдірместен, Бұлтқа ұсап аспандағы аударылған.
  • Жалын боп қалушы едім жерді шарпып, Көруші ем сонда анық көз құмартып . Алтын ту, арайлы таң төккен нұрын , Шұғыла боп аспанында жүзген шалқып.
  • Туған ел, бұл дүниеде сен болмасаң, Өзімді отқа атар ем әлдеқашан. Сен деген қасиетті бір махаббат Жүр сақтап , көкірегіме жуытпай шаң
  • Бесінші сөз
  • Кең далам – дастарқаным –атамекен, Зейінді асқар тауым көкірегі кең. Лебіңмен оттай ыстық тартасың кеп, Тіріліп іздегендей мені өкем.
  • Жалбар тон жетім болып жүргенімде , Көтеріп, қаратып ең мені күнге. Әкем де, анам да сен, туған елім, Сен үшін ырысым да , қасіретім де.
  • Білмеймін не күтіп  тұр мені алда, Ажал кеп жүр дер ме әлде осы таңда? Сені ойлап қиналам ғой, туған елім, Қызыл ет, жатсам- дағы батып қанға.
  • Алшы деп мен ажалға бермен арыз, Сен маған айтқан жоқсың «өл» деп уағыз. Талпынған жаңа ғана екеумізге Өлші деп әмір етер қандай жауыз?
  • Болғанда сен жас әке , мен сәбимін, Ашылған жаңа ғана гүлмін, күймін. Бәрібір құтылмайсын десе- дағы, Келмейді сұм өлімге еш бас игім.
  • Жанымды күйдірсем де жалынға сап, Қасқыр боп таласа да мені азап. Туған жер топырағында тіп-тік өскен, Қара емен қасарысқан мен бір қазақ.
  • Сағындым, туған елім! Өтті жылдар, Білмеймін достарымнан кім жоқ, кім бар? Құс болса, ұшырар ем жүрегімді, Ап кел деп туған елден сен бір хабар.
  • Сарыарқа самалды тау, сырнайлв өзен, Сағындың сен де мені , айтпай сезем. Айбарлы ақсақалым – Алатауым , Күт мені , сабырлы оймен, түңілме сен.
  • Құс болып ұшар жырым ой- қырыңда, Қонақтар сенің алтын тұғырында. Қымбаттым –халқым деген махаббатым, Сенемін қалмас шіріп қабырымда

Үйге тапсырма:

1.Қасым Аманжоловтың қандай шығармаларын білесіңдер? 2. Қасым Аманжоловтың «Елге хат» өлеңі қанша бөлімнен тұрады ?

3.Қасым Аманжоловтың тұңғыш өлеңдер жинағы қалай аталады?

4. Қасым Аманжоловтың монолог түрінде жазылған шығармасы

5. Қасым кім? Өзін қалай суреттеді?

6. Ұлы Отан соғысы туралы жыр поэмасының идеясы қандай?

7. Қасым Аманжоловтың көркем аудармасы қалай аталады?

8. Ақынның өскен ортасы

9. Байкал өлеңінің тууына себеп болған жағдайды атаңыз?

10. Ақын Орал атты өлеңін қандай сәтте жазды?

1. БЕРІЛГЕН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП ЖАЗЫҢЫЗ!

2. ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВТЫҢ БІР ӨЛЕҢІН ЖАТҚА ОҚЫП, ВИДЕО ТҮСІРІП WhatsApp ЖЕЛІСІ АРҚЫЛЫ ЖІБЕРІҢІЗ.

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет