Статья написана с целью анализа художественных произведений казахской литературы в виде эссе и дневника Summary



Дата25.01.2023
өлшемі15,75 Kb.
#166399
түріСтатья
Байланысты:
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЭССЕ


ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЭССЕ, КҮНДЕЛІК, ЕСТЕЛІК ТҮРІНДЕ ЖАЗЫЛҒАН КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАР
Жұматаева Г.М., Нысанбаева.М. – Шымкент қ., ОҚМПУ, 4 курс студенттері
Ғылыми жетекшісі – ф.ғ.к., аға оқытушысы Сапарбаева Қ.Ж.

Резюме
Статья написана с целью анализа художественных произведений казахской литературы в виде эссе и дневника

Summary
The article is written for the purpose of analyzing the artistic works of Kazakh literature in the form of an essay and a diary

Қазақ әдебиетіндегі эссе жанрының табиғаты сыршыл сезімге, интелектуалды байлыққа, тапқыр ойларға толы.Эссе арқылы жазушы өзінің тәжірибесіне сүйене отырып, ұсыныстары мен болжамдарын жасайды.


Қазақ әдебиетіндегі эссе дамыған, кемеліне жеткен жанр.Қазақ жазушыларының көбі эссе жанрында ой қозғап, естелік жазып осы жанрдың өсіп-өнуіне, қарыштап дамуына өз үлестерін қосып келеді.Қазақ әдебиетінде эссе жанры кешеуілдеп дамығаны анық.Дейтұрғанмен эссенің қазіргі таңда басқа жанрлар арасында өзіндік айырықша орны бар.
Эссенің көлемі кішкентай көрінгенімен, ойы терең, оқырманды жалықтырмайтын өміршең бірден-бір жанр.Қазақ әдебиетінде эссе жанрында қалам тартқан жазушылар мен әдебиеттанушы ғалымдарымыз мол.Атап айтар болсақ, М.Әлімбаев, Қ.Ергөбек, Ә.Ысқақ, М.Байғұт сынды т.б қаламгерлер эссе жанрының қарыштап дамуына үлес қосты.
М.Әлімбаевтың «Абайды қайталап оқығанда» эссесі, Қ.Ергөбектің «Парасат поэзиясы», Ә.Ысқақтың «Әкеге хаты», Мархабат Байғұттың «Ақтолағай» эсселері осы жанрдың қазақ әдебиетінде белең алғандығын айқындайды.Қазіргі таңда эссе әдеби жанр ретінде қалыптасып өзінің ғұмырлық жанр екендігін байқатып отыр.«Эссенің өміршеңдік танытуы оның көркем әдебиет пен ғылымның жақсы қасиеттерін юойына сіңіріп, оқырман ойын қозғай білуіне байланысты болуы керек»[1, 230б.]
Сыншы Қ.Ергөбек эссені талдап-таразылай отырып, тұжырым жасайды.Сол тұжырымға тоқталсақ, «Эссе-әр әдеббиетте бар қай-қай жанрмен де еншілес, будан жанр.Эссе-тәжірибе жиынтығы мен ой сығындысы.Эссе-көңілдің лирикалық бір сәтін пернелеуден ғаламдық ойлар, толғантқан проблемалар хақында ой маздатуға ерік береді»[2, 70б.]
Қазіргі таңда қазақ әдебиеті әлемінде туындап жатқан эсселер, сан түрлі сипатта көрініс тауып жүр.Көркем әдеби сипатта жазылған эсселерде түрлі көркем суреттеулер, толғаныстар мен талдаулар басым.
Қаламгерлер мен ғалымдардың, қоғам қайраткерлері мен саяхатшылардың күнделік жазу үрдісі әдебиетте бұрыннан бар.Күнделікте өмірлік тәжірибе, сан түрлі ой-сезімдер, қызықты оқиғалар мен алған әсерлер баяндалады.Шынайылықтың, деректіліктің басым болуы күнделікке тән негізгі қасиет.Әдебиеттанушы ғалым Казнова.Н.Н. естелік пен күнделіктің айырмашылығын ашып көрсетті.«Күнделік автодың бүгінгі күнімен байланысты.Ал, естелік өткен күнді еске түсіру арқылы жазылады.Яғни, естелікке қарағанда күнделікте нақтылық, шынайылық басым.Сонымен бірге автордың ішкі көңіл-күйі анық көрінеді.Күнделіктің естелікке қарағанда ерекшелігі де осында» [3, 137-143.б.].Байқап отырғанымыздай, күнделікте қаламгерлердің ішкі сезімдері мен көңіл-күйлері баяндалып, оқырманға сыр шертеді.Осы орайда әдеби үдерісте ақындық талантымен танылған, Мұзбалақ ақиық ақын М.Мақатаевты атап айтсақ болады.Ақын тек өлең поэмаларға ғана қалам тартып қойған жоқ, сондай-ақ прозаға да қалам тербеді.Мәселен, ақынның 1991 жылы шыққан «Күнделік» атты еңбегі оқырман қауымына, ақын шығармашылығын тануда, септескен шоқтығы биік шығарма болып танылды.
Қаламгер күнделік жазуда өзінің ішкі толғаныстарын, ешкімге айтпас көңіл-күй сырын ақ парақ бетіне түсіреді.Бұдан күнделік-жазбаның ішкі монологпен табиғаты жақын екендігін байқаймыз.Қаламгер өзінің эмоциясын, көңіл-күйін байқатып әртүрлі көркемдік құралдарды пайдаланатынын ескерсек, күнделік пен көркемдік құралдың жақындығы айқындала түседі.
Күнделік кез келген ғасыр оқырманы үшін мәңгі жаңа, өзекті, айтары мол ақиқаты анық, аса тартымды сөздер.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Ысқақұлы Д. Сын жанрлары (Оқу құралы ).Алматы, «Санат», 1999, 321 б.
2.Ергөбеков Қ. Баянғұмыр.Алматы: Жазушы, 1991, 232 б.
3.Казнова Н.Н. Днивники, письма, мемуары: к вапросу о взаимодействии жанров.Вестник Московского государственного обласного университета.Серия «Русская филология» -М.,2009. - №1, - 5.137-143.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет