3. «Қызықты сұрақтар»
Таратылған парақтарға жауап жазу
1. Балаңыздың туылған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні?
3. Балаңыздың аяғының өлшемі?
4. Балаңыздың парталасы кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз?
9. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз түседі?
10. Балаңыздың ең жақын досы кім?
4. Оқушылардың оқу жетістіктері мен олардың жалпы көрсеткіштері.
ОЖСБ қорытындылары пмен таныстыра отырып ата –аналарға оқушылардың жалпы білім сапасы мен таныстыру және осы орайда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ. Боқушовқа сөз беріледі. Яғни оқушылардың жалпы ОЖСБ уақытындағы отырысы ережелері мен күтілетін нәтиже мен қоса алынған нәтиже жалпы мектептьің дайындық деңгейңімен таныстырылады.
5. Ашық әңгіме ....
Ата –аналар жиналысқа қатысып отырған пән мұғалімдеріне еркін өз ойларын жеткізуіне және сол барысында сұрақтар қоюына борлады. Мұғалімдер осы негізде ата –аналармен сөйлесе отырып әрбір оқушының ата –анасына бала туралы мектептегі қылығы әдебі туралы толық айтып ашық әңгіме жүргізіледі.
6. Ата –аналарға арналған кеңестер.
Оқушылар өтпелі кезеңде болғандықтан олармен жеке жұмыстар жасалуы керек және әрқашан көңіл бөлінуі керек!!!
Ендеше психологиялық - педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:
1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз - ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс - керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі - ақ айтады;
7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2 - 3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудің сәтті кезі.
9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;
10. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
12. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін - еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.
13. Балаңыздың көңіл - күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
14. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.
4. Қорытынды бөлім:
Құрметті ата - аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.
Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы отырмыз.
Қатысқандарыңызға рахмет! Жақсы әсер алдыңыз деп үміттенемін!
|
|
Cынып жетекші: Оңдабаева Ф.К
Достарыңызбен бөлісу: |