Сынып: оқушылар саны: Мерзімі



Дата08.06.2020
өлшемі21,12 Kb.
#72696
Байланысты:
Жукенова Г.М.сыныптан тыс шара н



Оқудан тыс іс-әрекеттердің жоспары

Мектеп: «Май орта мектебі» КММ

Сынып: 8 Оқушылар саны: 6

Мерзімі: .02.2020

Мұғалім: Жукенова Г.М.

Оқудан тыс іс-әрекеттерді өткізу орны: Ата-әженің тұрғын үйі

Тақырыбы: «Жүрегім толы мейірім».


Мақсаты: оқушыларға көмекке мұқтаж, қамқорлықты қажет ететін қарттарға көмек көрсетудің өмірлік маңызын ұғындыру, жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу.

Міндеттері:

– оқушыларға үлкенге құрмет көрсетудің жолдарын үйрете отырып, қайырымдылықтың маңызын түсіндіру;

- қарттарға көмек көрсету арқылы оқушылардың бойында мейірімділік, жанашырлық қасиеттерін дамыту;

- оқушыларды қамқорлық жасау арқылы жауапкершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.



Ресурстары:

(жұмыс істеуге арналған құралдар)



Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасын өткізудің даярлық жоспары

1. Ұйымдастыру кезеңі.

- мектеп әкімшілігін хабардар етіп, рұқсат алу.

- ата-әжемен кездесу үшін алдын ала келісім жасау.

- оқушылардың ата-аналарын қайырымдылықты оқушылармен бірге іске асыру жайлы хабардар ету.

- 7-8 сынып оқушыларына дөңгелек үстел ұйымдастыру. Қайырымдылық жайлы қысқа видеоролик көрсету. Оқушылар ішінен фотокорреспондент және жауапты оқушы сайлау. Оқушыларға сұхбат жүргізуге дайындыққа тапсырма беру.

- ата-әжеге апаратын қолөнер бұйымын оқушылармен дайындау.

- ата-әженің үйіне барып, сұхбаттасып, көмек көрсету. (үй жинау, қар күреу, отын жару).


Талдау

Іс-шараның өткізудің жоспары

  1. «Жүрегім толы мейірім» ата-әженің үйіне бару.

  2. Ата-әжемен сұхбаттасу. Жағымды көңіл күй сыйлау.

  3. «Жүректен жүрекке» балалардың қолөнер бұйымын табыс ету.

  4. Оқушыларды топтастырып, атқарылатын жұмыстарды бөліп беріп, жұмыстарды жүргізу.

  5. Қариялардың батасын алып, естелікке суретке түсу.

  6. Қорытынды. Оқушылардың ой пікірлерін тыңдау. «Мен қандай ойға келдім» тақырыбында пікірлесу.




Мұғалім: Жукенова Г.М.



Мектеп директоры: Даукенов Р.Т.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет