Сынып оқушыларының дамуын тәрбиелеудегі ата – ананың атқаратын ролі



Дата12.05.2020
өлшемі14,71 Kb.
#67418
Байланысты:
10 лекция


10. 1 сынып оқушыларының дамуын тәрбиелеудегі

ата – ананың атқаратын ролі
1 сынып оқушыларына тәрбие беру ісін әрі қарай жетілдіру отбасы мен балабақшаның бірлескен жұмысын дамыта және нығайта түсу арқылы жүзеге асады.

Баланы отбасында және мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиелеу ортақ мақсат-міндеттерге негізделеді, ол — баланың ақыл-ойын дамыту, адамгершілік қасиеттерге баулу, көркемдік талғамын қалыптастыру, сондай-ақ денсаулығын нығайта отырып, ең негізгісі болашақта мектепке даярлау болып табылады.

Тәрбиеші отбасына бармас бұрын ата-анаға қандай сұрақ қояды, не жөнінде кеңес береді, нені ұсынады, соны өзі анық білуі тиісті. Бұл тәрбиешіге ең қажетті, маңызды мәселелерге зер салуға, отбасындағы тәрбиенің өзіндік ерекшеліктерін ата - аналармен жұмыс жүргізудің кең тараған түрі және ең тиімдісі — әңгіме, кеңес өткізу. Мұндай әңгіме ата-ананың өз баласы жайлы білгісі келген сұрағынан туып кетуі де, сондай-ақ тәрбиешінің жоспарлаумен де өрбуі мүмкін. Егер тәрбиеші баланың кейбір келеңсіз істері жөнінде айтар болса, ата-анамен бірге оны талдай отырып, баланың бұл ісіне не әсер етіп жүргенін анықтау нәтижесінде бұдан былай оны бол-дырмау жолдарын ақылдасқан жөн.

Ата-аналармен өткізілетін әңгіме, кеңес тақырыптарының ауқымы кең. Мысалы: «Балаларды мәдени мінез-құлық дағдылары мен әдеттеріне тәрбиелеу» ,«Тілалғыштыққа тәрбиелеу туралы», «Демалыс күнді қалай ұйымдастыруға болады?», «Ұқыптылық жөнінде», «Қандай кітаптар оқып беруге болады?», «Ұялшақтықты қойдыру жөнінде», «Баланы үйде мектепке даярлау үшін не істеу керек?», «Қиқарлық қайдан шығады?», «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі», «Жалғыз баланы тәрбиелеу туралы не білу керек?», «Баланы сыйлау деген не?» т.т.

Ата-аналар жиналысын өткізу жалпы отбасымен жүргізілетін жұмыстардың ішіндегі жиі қолданылатын және кең тараған ұжымдық формасының бірі, мұнда ата-аналар педагогикалық және ұйымдастыру мәселелерімен жүйелі таныстырады, Мысалы: «Балабақша мен отбасы тәрбиесі міндеттері мен мақсаттары — біртұтас», «Ата-аналар комитетін сайлау», «Балабақша жұмысының мазмұны», «Меңгерушінің есебі» т.б. Ата-аналар жиналысында ұйымдастыру ісін талқылаумен қатар, күн тәртібіндегі басты орын балалар тәрбиесіне бөлінуге тиіс.

Жалпы жиналыста ата-аналар бала-бақшаның барлық қызметкерлерімен кездеседі, өзара танысады. Кейбір ата-аналарды жиналыстарда сөз сөйлеуге тарту артық емес. Мысалы: ата-ана дәрігер болса, оған баланың гигиенасы туралы, мектеп, жасына дейінгі баланың денесінің даму ерекшеліктері, бала ауруының алдын алу жөнінде айтқызуға болады, осының нәтижесінде ортақ іске қызығушылық арта түспесе, кемімейді.



Ата-аналардың педагогикалық білімін тереңдету, педагогикалық насихат жүргізудің ең тиімді түрі - кезекшілік, ашық есік күндері мен ашық сабақтар өткізу. Байланыстың мұндай түрі ата-аналарға балабақшаның жұмысын көрсетуге, тәрбиелеудің балабақшада пайдаланылған әдістерін отбасында да іске асыруға болатынын ұйретуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ата-ана өз баласының ұжымда өзін-өзі қалай ұстайтынын байқайды, әрі педагог ата-ана назарын баланың ойында, сабақта, тұрмыстағы балалардың өзара қарым-қатынас сипатына, олардың еңбек пен гигиеналық дағдыларына назар аударып, көргендерін бірге талдайды, балалардың мінезінде кездесіп қалатын кейбір кемшіліктердің себебін іздестіреді. Балабақшадағы арнайы бұрыш ата-анамен байланыстың бірден-бір дәнекері. Мұнда жылжымалы папкалар қойылып, онда педагогикалық тақырыптарға «қысқа» текстер, кеңестер, ата-аналар сұрақтарына жауап, балалардың балабақшадағы және отбасындағы өмірін бейнелейтін фотосуреттер, балалар жұмыстары яғни салған суреттері, жасаған мүсіндері, т.б. оқуға арналған педагогикалық және балалар әдебиеттерінің тізімі орналастырылады.

Ата-аналар бұрышында тақырыптық көрмелерде, жылжымалы папкаларда, еңбекте, ойында, көркем әдебиет арқылы адамгер-шілікке тәрбиелеу, ата-ана үлгісі, отбасылық-дәстүрлер т. с. с. мәселелер қамтылып отыруы қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет