11. 1 сынып оқушыларының дамуындағы тәрбиенің
педагогикалық – психологиялық әдіс - тәсілдері
Қоғамның моральдық нормалары мен талаптарына сәйкес келмейтін мінез-құлықты әдетте әлеуметтік жат деген терминмен белгілеу қабылданған. Ми патологиясына байланысты болатын балалардың аномал (кемісті) мінез-құлқынан айырмашылығы, әлеуметтік жат мінез-құлық әлеуметтік жағынан негізделген, жағымсыз шағын ортаның теріс ықпалымен, семьядағы дұрыс емес, өзара қарым-қатынастармен, семья мен мектеп тәрбиесінің олқылық-тарымен, қателіктерімен сабақтас оқудың да, жағымсыз қылықтарын жасыруға ұмтылудың да, өзін таныту, айналасындағылардың назарын өзіне аудару тілегінің де салдары болуы мүмкін. Балалардың жолдастықты өзінше бір түсінуі, жолдасының теріс қылығын жасыру амалы ретінде де өтірік айту жиі кездеседі. Біріншіден, бала өтірігінің нақты себебін анықтау, екіншіден өтіріктің барлық жағымсыз көріністерін, оның қорқақтықпен, екі жүзділікпен өзара байланысын сыпайы көрсете отырып, шыншылдық сенім, өзара құрмет және талап қоюшылық жағдайын туғызу үшін тәрбиешіге көп тер төгу қажет.
Балалардың кейбір бөлігінде, қандай да елеулі қажеттілігінің ұзақ уақыт орындалмауынан мінез-құлықтың аффективтік формасы дамиды. Оларды не шадырлық, агрессивтік, құр көкіректік, не көп өкпелеу, тез жәбірлену сипаттайды. Нәтижесінде талаптану деңгейі (негізінде өзін асыра бағалау немесе керісінше өзіне сенбеушілік туғызатын) мен баланың коллективтегі нақтылы жағдайы арасында пайда болады. Аффективтік толғаныстар мен мінез-құлықтың аффективтік формаларының ұзақ уақыт сақталуы балалардың басқа адамдарға, өзіне іске тиісті қарым-қатынастарының қалыптасуына әкеліп соқтырады. Балалардың ішкі тартыстарын шешу және мінез-құлқындағы аффективтік формалардың дамуын болдырмау үшін дер кезінде педагогтык араласуды талап етеді.
«Қиын» балалармен жұмыс істеу:
1) балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
2) оның жағымды қасиеттеріне сүйену;
3) оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену сияқты өте биязылықпен жеке-дара қатынасты қажет етеді.(Қосымша А)
Педагогикалық жағынан алғанда, бетімен жіберілген балалармен — тәртіп бұзушы жеткіншектермен тәрбие жұмысын жүргізу мейлінше күрделі. Бұл жеткіншектерге көбіне ырықсыз мінез-кұлық, жеке бас құрылымының бұзылуы, айқын көрінген әлеуметтік жат, оның ішінде жасына лайық емес қажеттіліктердің болуы, иемденуге бағдарланған қалыптан тыс, «тікелей» тілектердің болуы, достық, жолдастық, парыз, ар-намыс туралы теріс түсінікке алып келетін қарым-қатынастағы қажеттіліктің бұрмаланған бағыттылығы тән. Тәртіп бұзушы жеткіншектерде рухани, танымдық, эстетикалық қажеттіліктер деформацияланған. Атап айтқанда, оқуға деген ынта жойылған. Сонымен бірге тәртіп бұзушы жеткіншектер, зерттеулер көрсеткеніндей, қалыпты интеллектуалдық мүмкіндіктерді игереді, сондықтан көп салалы іс-әрекеттің берілген жүйесіне оларды мақсатты түрде тартып отыру интеллектуалдық жүгенсіздік пен енжарлықты жоюға көмектеседі.
«Қиын» балалардың көпшілігінде теріс кылықтар ересектікке бой ұрудан, өзінің правосын жете түсінбеуден, ересектердің оларды мойындауына жетуге ұмтылуының салдары болып табылады, Жеке адамды адамгершілік жағынан бұзылуға әкеліп соқтыратын қақтығысты ситуацияның түп тамыры семья тәрбиесінің кемшіліктерінде жатыр.
Семья тәрбиесіндегі кемшіліктер мектептің бағыттауын, түзеуін, үйлестіруін қажет ететін тек қана белгілі бір ағымды тудырады. Өкінішке орай, мектепте мұғалімдер: жүгіруге болмайды, шулауға болмайды және т. б. деген сияқты тыйым салу педагогикасына жүгінген кезде бұл кемшіліктер күшейе түседі. Қарадүрсін түсінілген тәртіп балаларды еркін де белсенді іс-әрекет жүргізу мүмкіндігінен айырады. Тәртіп бұзушы мектеп оқушыларының, әдетте, кластағы жолдастарымен, әсіресе екінші жылға қалып қою салдарынан жана коллективке келуіне байланысты, достаса алмауымен педагогтарымен де қақтығысты қарым-қатынастар тереңдей береді. Балаларға тән жолдастық қарым-қатынысқа, дербестікке, ересектер тарапынан сыйластыққа ұмтылысына қарамастан, «қиын» балалар III'—IV кластарға қарай құрбылар коллективінен тыс қалады.
Класта белгілі орын алуға ұмтыла отырып, бұл балалар дөрекілікке, күшіне сүйенген жалған беделділікке жүгінеді. Мектептен тыс уақытта өздеріне ұқсас жеткіншектермен байланыс жасай отырып, олар кейбір «кіші» топтарында қабылданған мінез-құлықтыц қоғамға жат формаларын мектепке әкелуге тырысады.
Мұндай бірлестікте баланың жағдайы өте ауыр болады да ол жас жағынан көбінесе ересек және өзінің «беделділігімен» (әдетте қорқытуымен) ықпал етіп, балаларды топқа біріктіретін «аула батырларының» ықпалына ереді. Бірақ бұл топта балалар жалған жолдастықтан туатын қарым-қатынастан қандай да бір қорғанышты сезінеді. Мұның бәрі өзіндік санада, өзін-өзі көрсетуде, өсіп келе жатқан адамның қарым-қатынасында табиғи қабілеттерінің аномалды бағыттылығын тудырады.
Қалыпты қарым-қатынастың, яғни, мүмкіншіліктер, мағыналылық, баланың қоғамға қажеттілігі ұғынылатын қарым-катынастың шет қалуы оны коллективке, қоғамға оның мүшелерінің қызметіне, алдымен қоғамдық пайдалы іс-әрекетке қарсы қарым-қатынас туғызады. Сондықтан, «қиын» мектеп оқушысының жеке басының қалыпты адамгершілік қасиеттерін, қалыптастыру үшін тәрбие ықпалдарының жүйесін құрудың алғашқы кезеңінің бірі — тиісті жағдай және, сөзсіз талаптылықты сақтай отырып, ересектердің ойластырылған, айқын керінген тілектестік қатынасын құру болып табылады. Бірақ, бастысы — балалардың өздерінің тек қана көп салалы іс-әрекеттерінде етек жая алатын, карым-қатынастарын қалыптастыру болып табылады. Және де барлық балаларды іс-әрекеттің мақсаттылықпен ұйымдастырылған көп жақты түрлерінің жүйесіне енгізу аса маңызды орын алады. Оның үстіне қоғамдық пайдалы іс-әрекетті ұйымдастыруға сүйену керек, тек сонда ғана балалармен ересектердің қарым-қатынастары, балалардың бір-біріне қатынастар, еңбекке көзқарастары неғұрлым жетекші түрге иеленеді. «Қиын» жеткіншектердің көпшілігі коллективте дербестік көрсетуі, белгілі орын алатын еңбектің түріне дұрыс көзбен қарайтындарын зерттеулер көрсетіп берді.
Әр түрлі балаларда берілген көп салалы іс-әрекет жүйесіне енудің ерекшеліктері түрліше. Олардың жолдастарымен және педагогтарымен қарым-қатынасы өзінше құрылады, тәрбиеге қарсылығы» да өзіне тән байқалады. Сондықтан да «қиын» мектеп оқушыларын, әсіресе жеткіншектерді типтерге бөлу маңызды, мұның өзі тәрбие жұмысы тәсілдерін типтерге бөлуді де белгілеуге мүмкіндік береді. Совет психологиясында «қиын» балардың жеткілікті дәрежеде талдап жасалған бірқатар бағдар беруші жіктеулері бар. Олардың бірі, мысалы, мінез-құлық типіне, балалардың қоғамдық пайдалы іс-әрекет жүйесіне ену ісіне сәйкес, олардың жеке басының адамгершілік өрісі туралы мәліметтердің бүкіл комплексін ескере отырып, жүргізіледі.
Бірінші топқа қоғамдық-жағымсыз, аномалды, моральға жат, қарадүрсін қажеттіліктердің тұрақты комплексі, ашықтан-ашық қоғамға қарсы көзқарастар жүйесі, қарым-қатынастардың, баға берудің деформациялануы тән. Бұл топтың балаларында жолдастық, батылдық туралы теріс түсінік қалыптасқан, ұялау сезімі өте нашар дамыған. Олар арсыз, дөрекі, төбелесқор болып келеді. Эгоизм, басқалардың күйініш-сүйініштеріне селқостық, жасалған тәртіп бұзушылықтарды жете түсінбеушілік, еңбек сүйгіштіктің болмауы, пайдакүнемдікпен уақыт өткізуге ұмтылыс, керенаулық пен ашкөзділік — бұл топтың типтік ерекшеліктері, міне осы.
Екінші топты деформацияланған қажеттіліктерді, ұждансыз ұмтылыстары бар мектеп оқушылары құрайды. Балалар мораль-жат қажеттіліктерінің тұрақты комплексі және қарым-қатынастардың, көзқарастардың ашықтан-ашық қоғамға қарсы бағытталғандығы байқалатын жасы кәмелетке толмаған тәртіп бұзушыларға еліктеуге ұмтылады. Асқынған индивидуализмнен, сыйымсыздығымен ерекшелене отырып, бұл топтың өкілдері артықшылық жағдайға ұмтылып, әлсіздерді, кішілерді қыспаққа алады. Олар тәртіпті оқтын-оқтын бұзып отырады.
Үшінші топқа деформацияланған және жағымды қажеттіліктердің, қарым-қатынастардың, мүдделердің, көзқарастардың аясындағы қақтығыс тән. Бұл топтың балалары өздері жасаған тәртіп бұзушылықтардың лайықсыздығын түсінеді. Алайда талардың бойындағы дұрыс адамгершілік көзқарастар наным-айналмаған, сондықтан, қанағат алуға деген эгоистік ұмтылыстар немесе тап болған жағдайға қарсы тұра білмеу қоғамға осы теріс қылықтар туғызып, моральға жат тәжірибенің жинақталуына алып келеді.
Төртінші топты нашар деформацияланған қажеттіліктері бар оқушылар құрайды. Балалар өз күштеріне сенбеуімен, жігерлі жолдастарының алдын - ала жағынумен сипатталады.
Бесінші топқа тәртіп бұзу жолына кездейсоқ түскен мектеп оқушылары кіреді. Олар жігерсіз әрі ықпалға берілгіш келеді.
«Қиын» балаларды осылай типке белгілі тәрбие ықпалы жүйесін тұтасымен түзетуге мүмкіндік беріп коймай, сонымен бірге, қиын қақтығыс жағдайында тұрған әрбір балаға жеке дара қатынас жасауды жүзеге асыруға жол ашады. Мұнда «қиын» мектеп оқушыларын жан-жақты қоғамдық пайдалы іске тарту жұмысының жүйесі ете маңызды. Бұл Қызметті ұйымдастырғанда олардың ерекшеліктерін ескереді, оны көп салалы коллективтің тарам-тарам жүйесі арқылы іске асырады. Дәл осындай мақсатқа сәйкес құрылған жүйе балалардың әлеуметтік жат мінез-құлықтарын бірте-бірте жойып, «қиын» мектеп оқушыларына тән жағымсыз қасиеттерді түзеп қана қойған, олардың бойында жеке адамның тұрақты моральдық-жігер сапасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. «Қиын» балалардың қоғамдық пайдалы іс-әрекетінің жүйесін ұйымдастыру мәні, негізгі мағынасы, принциптері мен тәсілдері «қалыпты» балалармен бірдей.
Достарыңызбен бөлісу: |