Сынып сағат мақсаты



Дата19.10.2019
өлшемі24,08 Kb.
#50299
Байланысты:
6 АА

ДТІЖОТақырыбы: Қарттарым аман - сау жүрші
Сынып сағат мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Көп жасаған қария
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты. Құрметті оқушылар!
Әдеби монтаж «Қарттарым аман - сау жүрші»
Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне, алдымызда 1 - қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан - жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға - апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Олай болса аталарымыз бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын!
Адамдар арасындағы қарым - қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата - анасын жан - жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым - қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?!
Көрініс «Қарттар үйі»
Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда. Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме. Қартаю – биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі. Қай жерде де ата - анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар. Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке - шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол - үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата - анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт - береке деп танысақ - ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата - ана әр кезде де бақытты.
1. Ардагер ұстаздар туралы үзік сыр
2. Ойтолғау Оқушылар өз апа - аталары туралы сөйлесін
«Менің атам...» «Менің әжем...»
Ән: «Әке туралы жыр»
Ән: «Шеше, сен, бақыттысың» 
Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары,
Жас баладай жаутаңдаған жанары,
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап......


Тақырыбы: «Ұстазым, ұлағатым, үлгі — өнегем!»

Мақсаты: Оқушы бойына халқымыздың асыл қадір-қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Мұғалім:  Армысыздар аяулы ұстаздар! Күздің тамаша шуақты күнінде, қазан айының алғашқы аптасында республика көлемінде тойланатын ерекше мереке- ұстаздар мерекесі құтты болсын!Сіздерге зор денсаулық Еңбектеріңізге шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз.

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,

Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған

Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар

Өздеріңмен бастау алар бар арман!

Алдамасын үміт бізді жетелесін арманға

Ұстаздардың қасиетін кемітетін жан бар ма.

Еліміздің келешегін тәрбиелеп отырған

Бас иіңдер, ұстаз деген қасиетті жандарға!

Көз алдыма елестейді бір алып

Келбеті де, тұлғасы да тұр анық.

Ақыл алып келе жатыр өзіңнен

Өзіңменен келе жатыр нұр алып-деп келесі сөз кезегін сынып оқушыларына береміз.
1.Ұстаз болу –жүректің  батырлығы,

Ұстаз болу-сезімнің ақындығы

Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы


2.Ұстазға керек үлкен жүректілік,

Ала алмас беделді ешкім тілеп тұрып.

Шын бедел ел таңдауы, халық сыйы,

Оны ешкім бере алмайды үлестіріп


3.Ұстаздар қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар,

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар!


4.Тұла бойың тұнған сабыр, кешірім,

Айқара аштың бізге білім есігін.

Өр тұлғаңды балап шыңға, ұстазым,

Мен өзіңе тәнті блсам, несі мін?!

Бала елдің болашағы болғанда,

Зор пайданы тигізесің қоғамға

Мамандығың –кәсіптердің абзалы

Адамдығың қымбат бізге одан да.


5.Жаққан білім шырағын,

Таққан ғылым тұмарын

Әліппені үйреткен,

Ол кім десең- мұғалім!

Баптап ойдың қыранын

Тапқан асқақ тұрағын

Жазуға да үйреткен,

Ол кім десең-мұғалім


6.Шырқап шаттық жыр — әнін,

Ашқан ақыл бұлағын.

Жақсылыққа үйреткен,

Ол кім десең – мұғалім!

Айтқаныңды ұғамын,

Білімді боп шығамын

Биіктерден көрінсем-

Сенің арқаң – мұғалім!


7.Сәбилік көңілден

Арналды бұл әнім

Баулитын өмірге

Ақылшым – мұғалім.

Тіліңді аламын

Айтқанды ұғамын

Мен сендей боламын

Ақылшым – мұғалім

Арқаңда өзіңнің

Адам боп шығамын

Бәрі алтын сөзіңнің

Ақылшым – мұғалім!


8.Данышпан да, дана да оқып сенен

Атақ – даңқын асырды бар әлемнен

«Ұстаз» деген аяулы, асыл жанды

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!


9.Аяулы ұстаз! Өлшемі жоқ бағаңның

Айтыңдаршы, таласады оған кім?

Еленуде елге істеген еңбегің,

Айтады алғыс шәкірттерің саған мың!



Ән:  «Ардақты мұғалім»

    Мұғалім: Иә, жаңа оқу жылымен қатарласа келетін мұғалімдер күні де осы күздің үлесіне тиіпті. Ендеше осы білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздарға деген құрмет арта бермек.  Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қиял-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.

   Мұғалім – оқушы үшін ең жоғары адамгершіліктің үлгісі. Сондықтан да ол оқушы жүрегінде ұмытылмас із қалдырады. Тыңдағандарыңызға рахмет. Осымен лездемеміз аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет