Сынып сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік жетістіктері»



бет1/6
Дата08.02.2022
өлшемі289,44 Kb.
#117989
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
30 жыл Тәуелсіздік
ESL-Brains-Good-news-or-bad-news-which-do-you-want-first-SV-1517

Сынып сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік жетістіктері»
Сынып сағатының мақсаты: оқушылардың бойында отансүйгіштік сезім ұялату, ҚР Тәуелсіздік кезіндегі жетістіктерімен таныстыру.
Мұз жастанып азаттықтың жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.

Отан үшін жанын қиды ұлдарың,


Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.

Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,


Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.

Тәуелсіздік – ата-бабамыздың аңсаған арманы. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Тәуелсіздіктің жолында талай қазақ жастарымыз құрбан болды. Еркіндікке жету үшін, қаншама қиын кезеңдерді бастан кешірді. 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16-желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Қаншама қазақ жастары қыршыннан қиылды. Олар әділдік үшін күресті. Олардың жасаған ерлігі мен қайрат-жігері мәңгілік біздің есімізде қалады. Желтоқсан оқиғасы – ұмытылған емес, ұмытылмайды да. Себебі, төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде тәуелсіздік таңы атты. Осы жылдар ішінде талай белестен астық, Қазақстанды әлем таныды.


1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан өзін тәуелсіз ел ретінде жариялады . Бар әлем қызыға да, қызғана да қарайтын ешкімге тәуелді емес мемлекетке айналдық. Әлемнің дамыған мемлекеттерімен терезесі тең болдық.
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!
Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл. Осы жыл ішінде Қазақстан талай жетістіктерге жетті . Бүгінгі тәрбие сағатымыз халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен қазіргі қазақстанның жетістіктеріне арналады.
«Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет