9 сынып тоқсандық жиынтық бағалау жұмысы 2 тоқсан
Атмосфера және гидросфера тараулары бойынша
І нұсқа
1 тапсырма. Берілген гидронимдерді қолдана отырып, транслитерациясын жазып, мағынасын түсіндіріңіз. [2]
2 тапсырма. Қазақстан аумағына әсер ететін климат түзуші факторларға талдау жасаңыз.
a. Күн радиациясының республика аумағында таралуын түсіндіріңіз. [1]
b. Географиялық орнынына байланысты климаттың өзгеруін талдаңыз. [1]
c. Жер бедеріне байланысты климаттың өзгеруін талдаңыз. [1]
3 тапсырма. Климаттық ресурстарды бағалаңыз.
А) Климаттың ауыл шаруашылығына 2 жағымсыз жағын жазыңыз [2]
В) Аталған климаттық жағдайлар Қазақстанның қай аймақтарында кездесетіндігін анықтаңыз [1]
4 тапсырма. Атмосфералық құбылысты сипаттаңыз. Боран.
А) Қазақстанның қай аймақтарында кездеседі. [1]
b. Атмосфералық құбылыстың қалыптасу себебін түсіндіріңіз [1]
c. Осы атмосфералық құбылыстың зиянды әсеріне дәлел келтіріңіз [1]
d. Осы атмосфералық құбылыстан сақтанудың 2 жолдарын ұсыныңыз [2]
5 тапсырма. Қазақстанның өзендерін алаптарына қарай топтастыр.
А) Ертіс, Жайық, Үлбі, Тобыл, Аягөз, Іле, Талас, Лепсі[2]
В) Қазақстанда ішкі сулар қалай тараған, өз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз. [2]
Достарыңызбен бөлісу: |