Сабақтың ортасы
8 минут
10 минут
3 минут
5 минут
|
(Ұ) 1 тапсырма «Әңгіменің астары» жаттығуы
Оқулықтың 82 бетіндегі мәтінді тыңда.
Сұрақтарға жауап бер. Негізгі ойын анықта.
Дескриптор
-Мәтінді тыңдайды.
- Сұрақтарға жауап береді.
- Негізгі ойын айтады.
ҚБ: Керемет! Тамаша! Ғажайып!
(Т) 2 тапсырма «Ғажайып театр» жаттығуы
Жақсылықты оймен, сөзбен, іспен қалай жасауға болатынын сахналап беріңдер.
1 топ – оймен
2 топ – сөзбен
3 топ - іспен
Дескриптор
-Әр топ тапсырманы талқылайды.
- Тапсырманы құрастырады.
- Тапсырманы сахналайды.
ҚБ: Керемет! Тамаша! Ғажайып!
Ширату жаттығуы
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
(Ұ) 3 тапсырма «Сөз ойла, тез ойла» әдісі
Жұмбақтарды шеш.
Жұмбақ шешіп, дамалайық!
Алуан түрлі із салғанның өзі еді,
Өзінен де пайдалысы өзегі.
(Қарындаш)
Бір малға екі бала мінгеседі,
Айлап-жылдап түспестен күн кешеді.
(Түйенің өркеші)
Бір қалтаның ішінде бірнеше шар,
Әрбір шардың өзіндік ұясы бар.
(Ас бұршақ)
Көлденең ілген ақ таяқ,
Тұтанар отпен жақпай-ақ.
(Күндізгі сәулелі шам)
Мұздай мөлдір жұмыртқа,
Жарық берер ымыртта.
(Электр шамы)
Дескриптор
-Әр жұмбақты тыңдайды.
- Шешімін табады.
- Қалай тапқанын түсіндіреді.
|