Оқушылар не болады екен деген оймен отырды . Жазған парақтарын жинап алып араластырып , оқушыларды шеңбер етіп отырғыздым . Оқушылардың ойларын білгім келіп «Ынтымақтастық атмосферасы» деген сөзді қалай түсінесіңдер деп ой қозғау мақсатында сұрақ тастадым. Олар ойланып өз ойларын айтып отырды. Нәби Нұрбосын өз ойын былай жеткізді . Ынтымақтастық ол ұйымшылдық, ауызбіршілік, бірін-бірі тыңдай білу деген сөзге келетін сияқты деді ал атмосфера ол ауа қабаты деп түсіндірді, яғни таза ауа бұл сыныптастар арасындағы достық қарым қатынас деп түсінемін деп айты . Басқа да оқушылар өз ойларын білдіріп жатты.
Мен барлығының ойларына қосылатынымды айта келіп қысқаша түсініктеме бердім. Олар бұрын мұндай сабақ өтпегендіктен түсінікті болу үшін қысқаша айтып өттім.
Сонымен олар шеңбер болып отырды мен араластырған қағаздарды араластырып әрқайсысына таратып бердім , таратылған қағаздарды әрқайсысы оқып бір бірі мен жақынан танысты.Олар бір-бірінің армандарын оқып, тыңдаған соң бір-біріне деген көзқарастары өзгергендей болды.
Достарыңызбен бөлісу: |