Түсіндіру барысында орыс тілі пәні мұғалімі Сартаева Светлана Кембридж бағдарламасы жайлы өзінің ой пікірін айтып өтті. Осы курстан үйренетін жайттары көп екенідігін, жеті модульді өз тәжиірбесінде орынды қолданатынын ,осы бағдарлама бойынша жұмыс жасасақ нәтижеге қол жеткізе алатындығымызға көзі жететіндігін айтты. Мектебіміздің беделді ұзақ жылдар бойы осы мектепте еңбек етіп келе жатқан жоғары санатты ұстаз Анарбекова Бибігүл апай өз ойын білдіріп , алдағы уақыта сабағама қатысып , көмегін беретінін айтып өтті.
7-сынып жетекшісі Әбенова Айша апаймен кездесіп кеңесе отырып , сынып оқушылары туралы мағлумат алдым. Оқушылардың түгел қатысып отыруларын өтіндім.
Менен алдын 3 айлық осы бағдарлама бойынша оқып сертификатын қолына алып келген бастауыш сынып мұғалімі Алсейтов Айгул апайдан кеңес алып отырдым. Сонымен бірге әр күні сабақ өтіп болған соң кері байланыс жазып жүруімді айтып отырды .
Мектебіміздің барлық мүғалімдері осы бағдарламаға оң көзбен қарап , әдіс-тәсілдердің баршасын дүрыс және тиімді пайдалана алсақ мақсатымызға жететінімізді айтып өтті. Мақсатқа жету үшін аянбай іздену керек екендігін айтып өтті.Мектебіміздің бір қатар мұғалімдері осы бағдарлама бойынша 3айлық курсқа баратындарын айтты. Менің әріптестеріме және мектеп директорына алғысым шексіз , өйткені мені қолдап көмектерін беріп отырды.
Достарыңызбен бөлісу: |