Социометрия жүргізу барысында сұрақтарға мынандай талаптар қойылады:
Ұсынылған критерий ұжым мүшелерінің барлығын да қызықтыруы тиіс.
Әріптестер арасындағы өзара қарым-қатынасты көрсетуі тиіс.
Қызметкер таңдауына нақты шынайы ситуацияларды елестетуі тиіс.
Критерийдің саны ұжымдағы адамдардың бір-бірін қаншалықты білуіне байланысты.
Социометрияны жургізуде аз дегенде үш критерий алынады.
- қызметтік-функционалды, моралдық - адами, қызметтен тыс.
Социометриялық зерттеуді екі формада жүргізуге болады. 1.Параметриялық емес форма - жауап беруші берілген критерийге байланысты қанша адам таңдаса, сонша адам таңдайды.
2.Параметриялық форма - ұжым ішіндегі нақты санаулы адамдарды таңдауды ұсынады. Параметриялық формада жүргізілген зерттеу қарапайым және қорытындылауға оңай келеді. Дайыңдық жақтан өткеннен кейін мәлімет жинақтау процедурасына көшіріледі.
1-ден, сауалнамаға қатысушылар біріккен әрекетте кем дегенде 3-4 тәжірибесі болуы тиіс.
2-ден қатысушылар саны 25 тен аспауы.
З-ден, қатысушыларға табиғи түрде жүргізілуі.
Сауалнаманы кіріспе сөзден жүргізуші бастайды. Кіріспе сөзден кейін зерттеушілерге барлығына бірден реттік номерлерімен берілген фамилиясының тізімі бар қағаз беріледі. Зерттеу жүргізу барысы мен таңдау құқы түсіндіріледі. Дайын социометриялық парақ немесе таза қағаз алынады. Жоғарғы жақ бөлігіне зерттеуші өзінің фамилиясы жазылған тізімдегі номерін жазады. Содан кейін әрбір критерий бойынша таңдау жасалады. Карточканы толтыру барысында таңдаған адамның фамилиясын емес, номерін жазады.
Мәлімет жинақталғаннан кейін зерттеуші оны қорытындылауға көшеді.
социометрицаны толтыру;
социограмма құрастыру;
социометриялық индексті есептеу.
Социометриялық сауалнама жүргізу. Социометрица ұжымдағы барлық таңдауды көрсететін таблица. Горизонтальды жолда ұжым мүшесінің санына сай кім таңдағанын, ал вертикальды жолда таңдағанын қарайды. Қолайлы таңдау «+», қолайсыз «-» белгісімен белгіленеді. Қолайлы дұрыс таңдау шеңбермен, ал қолайсызы үшбұрьпппен белгіленеді.