3.«Денсаулық күні» іс-шара.
Іс-шара барысы: Командалар шығады, тұрады, жүргізуші жарысқа қатысушыларды, қазылар алқасы мен барлық қонақтарды қарсы алады! Жүргізуші: Бүгін бізде мереке – Денсаулық күні. Күн, апта, денсаулық айлықтары балаларда жыл бойы өтеді. Біз сіздермен белсенді түрде балаларда салауатты өмір салтын қалыптастырамыз және дамытамыз. Бүгін міне осы мәселеге педагогтар қалай қатысатынына көз жеткіземіз. Командалар кіруі. Жүргізуші: Шынықсан шымыр боласың, Сауығып айдай толасың. Спортты серік ете біл, Жақсы азаматы боласың. Жеңімпаз болу оңай ма, Арманға болған талайға? Болмасаң да ұқсап бақ, Жарысқа түсіп қалайда. Ал құрметті халайық, Жарысты енді көріңдер. Әділқазы алқасы, Әділ баға беріңдер. Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ баға беретін әділқазы алқасымен таныстырып кетейік. Әділ қазылар алқасы: Жарыс заңды ежелден, Жеңімпазды анықтау. Жеңімпаз болу шарты сол Еңбектену жалықпау Біздің көңілді жарыстарымызды бастайық. Бірақ бастау үшін бүгінгі жарыстардың ережелерін жариялаймыз: • Тек көрсетілген бағытта жүгіру оңға қадам, солға қадам ҚАШУ әрекеті болып саналады. • Ережелер рұқсат етілген аяқ қолдармен ғана ЖҮРУ • Олимпиада ұранын сақтау " Жылдам, жоғары, күшті!", ол бізде: желден жылдам жүгірмеу, төбеден жоғары секірмеу, қазылар алқасының қарсыласынан қатты ұрмау. • Спорттық құрал — саймандарды қатаң түрде мақсаты бойынша пайдалану қарсыластарына 16 кг нан астам гирьді лақтырмау • Жанкүйерлерден артық айқайламау, аяқ киімдерді оларға лақтырмау. • Спорт даңқында және өз командасының ар намысы үшін нағыз спорт рухында жарысу. Жүргізуші: Біз жиналдық, Біз мықтымыз! Жарысқа біз дайынбыз! Таныстыру: КОНКУРС "Құрсауға лақтыр". Участники соревнований обходят ряд препятствий, стараются попасть теннисным мячиком в обруч, побеждает команда, которая первой справилась с заданием, она получает одно очко, за меткое попадание в обруч дополнительные очки. «Ой жаттығуы» а) қысқы спорт түрлерін атаңыз; б) жазғы спорт түрлерін атаңыз; в) атақты спортшыларды атаңыз – әйел адам; г) атақты спортшыларды атаңыз – ер адамдар; (1 балл.) Жұмбақ: (Дұрыс жауап 1 балл) 1. Әлемде не қымбат (денсаулық) 2. Табанға қанжар байладым, Бетiнде айна ойнадым. (Коньки) 3. Қайқы тұмсық қос табан, Қос таяқпен ұштаған. Итерсең алға заулайды, Шойын жолдан аумайды. (Шаңғы) 4. Мiнсем, Төменге зу етем, Өрлесем, Оны өзiм сүйретем. (Шана) 5. Бала бiткен соғады, Жеңiл шарды домалақ. Ұрсаң Ұшып жоғары, Жерге түсер домалап. (Доп) 6. Таба алмай оң менен солыңды, Адассаң қапылыста. Дәлсiлтер көрсетiп жолынды, Шығысқа, Батысқа. (Компас) 7. Алпыс төрт бөлмеде, Отыз екі тұрғын бар, Ақ қарағып бөлгендер, Бірінбірі қуғандар, Ханы үшін де, жаны үшін де, Бермейді олар намысын. (Шахмат) 8. Екі атасы бар, Он сегіз анасы бар. Он сегіз анасының әр қайсысында, Тоғыз тоғыздан баласы бар. (Тоғыз құмалақ ойыны) Жүргізуші: Ептілік, жылдамдық, зейіндікті, Біздің жарыстар дамытады. Көңілді жарысты жалғастырайық, Командаларды орнымызға тұрайық. КОНКУРС "Мерген" Баскетбол сақинасына лақтыру. Әрбір ойыншыға үш әрекет, қанша ұпай, сонша балл беріледі. Жүргізуші: Уа халқым назар аудар денсаулыққа! Өмірде бақыттысың денің сауда , «Дене шынықтыру» паузасы. Жүргізуші қатысушыларға пантомиманың кез келген түрін бейнелеуді ұсынады. Ойыншылар карточкаларда жазылған спорт түрін көрсету керек, ал келесі команда табады (диск лақтыру, садақ ату, кедергілермен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, сырықпен секіру, трамплиннен секіру, футбол, хоккей). Дұрыс жауап және сапалы орындау бағаланады, 1 балл. Жүргізуші: Спорт біздің досымыз, Күш қайрат сыналған. Спорт біздің досыиыз, Бала кезден шындалған – дегендей келесі сайысымызға кезек берейік. КОНКУРС "Боулинг" Кеглдермен эстафета, жеңімпазға 1 балл. Жүргізуші: Басты байлық – денсаулық, Бабаң айтқан даналық. Ол үшін көп қозғалып, Таза ауа жұт көбірек деп келесі кезекке берейік. "Шай пауза" Емдік шөптерБіздің денсаулығымыз үшін қойма! Егер адам өсімдіктердің емдік қасиеттерін білсе, онда оған дәріхана қажет емес. Тиімді таңдалған тамақ өнімдерінің көмегімен кез келген ауруды ескертуге, басталған ауруды өтеуге болады. Салауатты өмір салтыбұл тек жаттығу, шынықтыру, спортпен айналысу ғана емес, сонымен қатар дұрыс тамақтану керек. Жұмбақтар: (дұрыс жауапқа 1 балл, кезекпен жауап) 1. Бұл өсімдікті жапапырағы жалпақ, жолдын бойында өседі, денедегі жараға ем. (Жол желкен) 2. Сырнайынан төгiп жыр, Күнге сәлем берiп тұр. (Күнбағыс) 3. Көп сабақты, тікенді кішілеу бұта, жемісі қызыл, дәндерін тікенді түк басқан (Итмұрын) 4. Бұл өсімдік бір жылдық шөптесін өсімдік, романтика, жастық шақтың белгісі. Ол қандай өсімдік? КОНКУРС "Тоннель кұрсаумен" Бұл эстафета спорттық қап арқылы өту, 1 балл. «Сиқырлы қапшық" пауза. Жүргізуші қапшықтан зат алуды ұсынады және жауап: «Ол сауықтырудың қандай түрін көрсетеді». Дұрыс жауапқа 1 балл. 1) бұршақ – құрсақ бассейн 2) шөбі бар жастық – фитотерапия 3) диск – музыкотерапия 4) апельсин – ароматерапия 5) сабын көпіршіктері игры на дыхание 6) қылқалам – арттерапия 7) қолғап – саусақ жаттығуы 8) гүл – гүлтерапиясы. Жүргізуші: Назар салыңыздар, назар салыңыздар! Сайысымызды жалғастырамыз! Келесі көңілді тапсырмамыз. Зейін мен есте сақтауды дамытады! КОНКУРС "Викторина" Сұрақтар: 1. Шынықтырудың табиғи құралдарын атаңыз. (Күн, ауа, су.) 2. Жалпы шынықтыру процедураларын атаңыздар (Душ, шомылу, күю.) 3. Қандай жаста шынығуды бастауға болады? (Туғаннан.) 4. Оны ешқандай ақшаға сатып алмайсың. (Денсаулық) 5. Ол бәрінен де тәтті? (Ұйқы) 6. Адамдардың жаппай ауруы. (Эпидемия) 7. Уақытты ұтымды бөлу. (Режим) 8. Денені суықпен жаттықтыру. (Шынығу) 9. Тазалық туралы ғылым. (Гигиена) 10. Инфекцияны тудыратын ұсақ ағза. (Микроб). Дұрыс жауапқа 1 балл. Жүргізуші: КОНКУРС 6 "Таяқтармен эстафета" 1 балл. «Түрлі – түсті қарындаштар» пауза. Жүргізуші: Мен өлең оқимын, ал сіздер мәтінге сәйкес тапсырмаларды орындайсыздар (сурет салу). Барлық команда мүшелері қатысады, бірбірден шығады және сурет салады. (Тапсырма ватмандары бар алдын ала дайындалған мольберттерде орындалады, қызыл маркерлермен сурет салады.) Үлкен шеңберді сызыңыз (1 ші сурет салады) . Жоғары жағына кішкентай шеңбер сызыңыз, (2 ші сурет салады) Төбесінде екі құлақ бұл бас болады (3 ші сурет салады) . Енді әдемілеп мұртты сызыңыз. (4 ші сурет салады) Құрығында ұмытпаймыз (5 ші сурет салады). (Бұл конкурсты бағаламауғада болады.) Жүргізуші: Ең батылымыз шығайық, Ортаға кел қорықпа! Өйткені біздің алаңда Жалғыз да болар жауынгер! КОНКУРС "Көңілді оқырман" Жүргізуші: әр командадан бір ойыншы шығады. Құрметті достар, балалық кездегі туған күндеріңізді еске түсіріңіздер. Сіздерді бала кездеріңіздерде ата – аналарыңыз ортаға шығарып, тақпақ оқытқан болар. Енді қазір біз соны көреміз. Кім мәнерлеп, дауыстап айтып береді? Ең жақсы оқыған ойыншыға – 2 балл. Жүргізуші: КОНКУРС " Допты бер " Бірінші қатысушы кеглдер арсымен жыланша жүгіреді, қолында доп, допты келесіге береді, өзі артына тұрады, бірге жүгіреді, сосын әрі қарай жалғасады, ең бастысы кеглдерді қағып кетпеу. 1 балл. Жүргізуші: Олар жайлы төреші, Көрермендер өздерің. Ақ қарасын айырып, Куә болды көздерің. Құрметті қауым сөз кезегін Әділқазы алқасына береміз. Әділқазылар шарт бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарда жария етеді. Мақтау қағаздарымен марапатталады. Жеңімпадарға сыйлық беріледі. Жүргізуші: Көңіл бөліп бұл жарысқа, Келгендерге көп рахмет. Шын сезінген көрерменге мың рахмет. Уа халқым назар аудар денсаулыққа! Өмірде бақыттысың денің сауда , Құр айтпаған ұлы Абай данамызда – дей отырып, барлығыңызға дендерңіз сау болсын деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге көп рахмет.
Достарыңызбен бөлісу: |