2016-2017 оқу жылы
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған сыныптан тыс іс-шара
Тақырыбы: «Мың жаса, Тәуелсіз Қазақстан!»
Мақсаты: Оқушыларға тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, сұрақ-жауап арқылы Қазақстан Республикасының басынан қандай тарихи оқиғалар өткеніне шолу жасау.Отанға деген сүйіспеншілік, бірлік, ұлтжандылық сезімдері мен Қазақстанда тұратын барлық халықтарға құрмет сезімін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс-сабақ
Сабақтың әдістері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, портреттер, сызбалар, фломастер, асық,карта
Сайыстың барысы
I . Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгін Тәуелсіздік мерекесіне арналған сайыс-сабағымызды бастаймыз.Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз.
Тәуелсіздік он бір әріптен құралған
Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман
Талай дара, даналардың көз жасы
Қаныменен атты таң боп бізге алдан
Қазақ ұлты тарихында көптеген қиындықты бастан кешті, аяусыз шабуылға ұшырады, қырғыннан қырғынға ұшырыды, талай азап шекті.
Барлық қазақ осындай, бар қанында.
Сол ерлікпен ұстаған , сар даламды
Кіргізбеген жауларын,бір сүйем де
Ұрпағы үшін жан берген, бабаларым.
16 желтоқсан 1991жылы елімізде Тәуелсіздік жарияланды.Еліміз жаңа өмірдің есігін ашты. Тәуелсіздік барлық халыққа еркіндік, бостандық әкелді.Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл болады.Бүгінгі сайысымыз Тәуелсіздік мерекесіне арналған.
«Мәңгі жаса Отаным» орындайтын хор 4 м2 сынып оқушылары
Видео жазба
Сайыс болғандықтан бізге міндетті түрде әділқазылар алқасы керек.Әділқазылар алқасын қарсы алайық.
Ал енді, сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.
I топ «Білгіштер» II топ «Алғырлар»
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан - елім менің.
II Сайыстың кезеңдері
Сайысымыз алты кезеңінен өтеді.
I кезең «Танысу» Әр топ өздерін таныстырады
II кезең «Бәйге» Сұрақтарға жауап береді
III кезең «Сөзжұмбақ» Сөзжұмбақ шешеді.
IV кезең «Полиглот» Қазақша, ағылшынша, орысша тақпақ, өлең айту.
V кезең «Асық» Асық тастау
VI кезең «Постер» Тәуелсіздік сөзіне постер құру
Ал келіңдер, келіңдер
Біріңе бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп.
Ойынға қатысып көріңдер.
Сайысымызды бастаймыз.Екі топқа да сәттілік тілейміз.Бірінші топ өздерін таныстырады.
Екінші кезең «Бәйге» сұрақтарға тез, дұрыс жауап беру.
Сұрақтар
Қазақстан қандай мемлекет?
Қазақстан Тәуелсіздігіне неше жыл болады?
Қай жылы елімізде тәуелсіздік жарияланды?
Тәуелсіз сөзінің аудармасын айт
Қазақстанда неше облыс бар?
Қостанай облысы неге бай?
Қарағандыда не өндіріледі?
2017 жылы қаңтар, ақпан айларында Алматыда не өтеді?
Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?
2017 жылы Астанада не өтеді?
Үшінші кезең Сөзжұмбақты картаға қарап шешеді
Төртінші кезең «Полиглот» үш тілде өлең, тақпақ айту.
Бесінші кезең Асық жинау
Алтыншы кезең Тәуелсздік сөзіне кесте құрайды.
Тәуелсіздік
-Жарайсыңдар!
-Келесі сөзді әділқазылар мүшелеріне береміз.
-Біздің туымыз-тәуелсіздік, тілегіміз-бейбітшілік, тыныштық.Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтау-әрбір азаматтың борышы.
Атыңнан айналайын, егеменді ел
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер
Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе бер деп, барлықтарыңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз! Бүгінгі сайыс-сабағымызды аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |