“Сыныптан тыс жұмыс технологиясы”педогогикалық практикасы бойынша есеп
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІШЕТ ТІЛДЕР КОЛЛЕДЖІ
Есеп берушінің аты-жөні:Абильда Адель Жанболатқызы
Қарағанды қаласы
Іс-тәжірбиенің мақсаты
Іс-тәжірбиенің мақсаты
Білім алушылардың тәрбие теориясымен, әдістемесі мен білімдерін кеңейту және бекіту, тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу бойынша педагогикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Іс- тәжірбиенің міндеттері
Мектептің тәрбие жұмысымен танысу;
Оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу бойынша білімдерін бекіту;
Сынып оқушыларымен тәрбие жұмысын жүргізу біліктерін қалыптастыру және оны талдау.
Қарағанды қаласы«№51 ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕП-ОРТАЛЫҒЫ»
Практиканы Қарағанды қаласы, «№51 Қосымша білім беру мектеп-орталығы» 4 "Ә" сыныбында өттім.
Өткізілетін тәрбие сағаттарының тақырыптары:
1.«Интернет дос па, әлде жау ма?»
2. «Танымдық экология”. “Өмір сүр,Жер»
3. «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік»
4.«Досыңа қуаныш сыйла»
5.«Мен және отбасым»
6.«Танымдық экология»«Қызғылт ғажайып-Фламинго»
“Интернет дос па,әлде жау ма?” Сабақ мақсаты: Оқушылардың уақытты үнемді пайдаланып, интернетті тек өз уақытымен пайдалануға дағдыландыру, ғылым-білімге жетелей отырып , өз денсаулығын сақтап, салауатты өмірге тәрбиелеу.
Өткізілген күні: 26.01.22
“Танымдық экология”. “Өмір сүр,Жер” Сабақ мақсаты:Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып,туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Өткізілген күні: 02.02.22
“Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік” Сабақ мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру. Жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға,орындауға баулу. Ой – өрісін дамытып, түсініктерін кеңейту. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп- тұруға, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Өткізілген күні: 09.02.22
“Досыңа қуаныш сыйла” Сабақ мақсаты: Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым - қатынасын нығайту. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір - біріне деген достық сезімдерін арттыру.
Өткізілген күні: 16.02.22
“Мен және отбасым” Сабақ мақсаты: Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.
Өткізілген күні: 23.02.22
”Танымдық экология”. “Қызғылт ғажайып-Фламинго” Сабақ мақсаты: оқушылардың жануарлар мен табиғатты қорғау туралы білімдерін кеңейту және тереңдету.Табиғатқа, жануарлар әлеміне ұқыпты қарауға тәрбиелеу, өзара көмек сезімін, табиғатты қорғау мәселесі бойынша белсенділікті арттыру.