Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен маңызы, ұйымдастыру түрлері


Спорттық жарыстар, спорттық жаттығу түрлерін секция жұмысының жоспарына енгізу



бет3/3
Дата25.12.2021
өлшемі17,69 Kb.
#105400
1   2   3
Байланысты:
f6024b1ff3f56b0

Спорттық жарыстар, спорттық жаттығу түрлерін секция жұмысының жоспарына енгізу.

Спорт жарыстар өткізу мен жарыс жоспарын құру. Секцияның әр мүшесі өзі таңдап алған спорт түрі бойынша жарыстарға қатысу міндетті болып есептеледі және секциядағы оқушы оқыған әр жылдың сынақ талаптарының; құрамына енеді. Секцияның оқу жоспарында оқу-спорт жұмыстарының белгілі бір кезеңін қорытындылайтын жарыстар да қарастырылады.



Барлық секциялар бойынша өткізілетін жарыстардың күні мен оларды өткізетін орын, қатысушылар мен өткізуге жауапты адамдар көрсетілген жарыстар тізімі спорт жарыс тарының кунтізбесі деп аталады. Жарыс күнтізбесін құрастыратын мұғалім оны мұқият ойластырып жасауы қажет. Олар бүкіл ұжымның және секциянын оқу жоспарынан туындағаны әрі мектептің сыныптан тыс жұмыстарының күнтізбесімен байланысты болғаны аса маңызды. Жарыстардың саны секциялардағы сабақтардың қалыпты өтуін бұзбайтындай және оқушыларға көп күш түсірмейтіндей болуы қажет. Оқу жылы ішінде секцияда 3-5 жарыс өткізілсе, онда ол қалыпты деп есептеледі.

Спорттық жарыстардың күнтізбесі негізіне мектепке белгілі болған аудандық, қалалық оқу бөлімдерінің спорттық жарыстарының күнтізбесі мен мектептің сыныптан тыс жұмыстарының күнтізбесі алынады. Жарыстарды жоспарлаудағы елеулі кемшіліктердің бірі - басқарушы органдардың өз күнтізбелерін мектептердің назарына уақтылы жеткізбеуінде. Осының салдарынан мектептер өздеріндегі жарыстардың күнтізбесін бұзуға мәжбүр болады және жарыстың белгіленген мерзімін өзгертеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет