Оқу сабақтарында оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмысы.Мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқу сабақта-ры оқушылардың өздіктерінен орындайтын жүмыстары-мен үштастырылып отырады. Балаларды өздіктерінен жұмыс жасауға үйретуде негізінен екі түрлі мақсат көз-деледі: 1) кітаппен жүмыс жасауға дағдыландыру, 2) тапсырманы өз беттерімен орындауға үйрету, өз ең-бектерінің жемісін көріп, «рахат» сезіміне бөленуге жағ-дай жасау.
Өздігінен орындалатын жүмыстың негізгі мазмүны оқушылардың ой белсенділігін арттыру.
Мүғалім оқу кітабындағы материалды толық оқып шығып, оның қандай бөлігіке басшылық керек, ал қан-дай бөлігін балалардың өздіктерінен орындауларына беруге болатынын анықтайды. Өздіктерінен орындайтын тапсырманың түрлерін, оның сабақтағы орнын белгілей-ді, мақсатын түсіндіреді, орындау барысын тексереді.
Тапсырманы ауызша да беруге болады, бірақ егер жүмыс бірнеше этаптан түратын болса, онда ол жұмыо тың орындалу тәртібін көрсетіп, тақтаға жазады.
Балалардың өздігінен орындайтын жүмыстарынық түрлері:
1. Кітаптың мазмұнымен (кітаптың ең соңында бе-рілген материалдардың тізімі) таныстыру: оқу кітабын-да қандай бөлімдер бар? Үй жануарлары туралы не оқы-ғандарыңды кітаптың мазмүнынан белгілеңдер.
2. Шығарманы балалардың іштерінен оқуы. Әдетте мүнда сұрақтар ойлап табады, белгілі бір оқиғаны су-реттейтін үзіндіні табады, мәнерлеп оқуға дайындалады т. б.
3. Жоспар жасау жүмысы: текстерді бөлікке бөлуг қандай суреттер салуға болатынын ойластыру, тексті мүғалімнің қойған аттары бойынша бөлу т. б.
4. Тапсырманы өңдеу. Мақаланың жоспарын жазу, жаңа сөздерді жазу, шығарманың қорытындысын жазу т. б. с. с.
5. Оқушылардың үйден орындайтын жұмыстарына көңіл аудару. Үйге текстің мазмүнын қайта оқып шығу-ды бермей, творчестволық тапсырма беру керек. Мыса-лы «... туралы айтылған жерлерді табыңдар, текске қандай сүрақтар қоюға болатынын ойластырыңдар» т. б.
Оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыстары-на көңіл бөлу — олардың белсенділігін көтереді.