Білімділік мақсат: а) білімділік- 9 сыныпта алған білімдерінен өткендерді еске түсіру, жаңа мәтінмен таныса отырып, білімдерін әрі қарай ұштастыру. Құрмалас сөйлем туралы мысалдар арқылы түсінік беру, жасалу жолына тоқталу. шешендік өнердің алуан сипаттарын,шешендік сөздің түрлері, ерекшеліктері туралы мағлұматты тереңдете түсу.
Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би өмірлері жайлы мәлімет беру; олардың көркем сөзден «сарай салған» шешендіктерімен бірге қазақтың әйгілі де айбарлы билері екендігін таныту;
Дамытушылық мақсат: оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын дамытуға, шығармашылыққа баулу.оқушылардың шешендер сөздеріндегі оралымды өткір ойды анық танып,талдай білулерін жетілдіре отырып,ой белсенділігін дамыту;шығармашылық ізденіске бағыттау;оқылған жайға көзқарасын анық жеткізу дағдыларын,мәнерлеп оқу шеберлігін,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсат: қазақ халқының би, шешендердің сөздерімен таныса отырып, тапқырлыққа, әділ, отбасын құрметтеуге тәрбиелеу. Кемеңгер шешендердің – үлгі-насихатқа толы ғұмыр иелерінің даналық ой маржандарын, сырлы сөздерін бойға сіңіру, адамдық қасиеттерін үйрену, әділдікті ту етіп жоғары көтерген, ел тұтастығын сақтауға зор мағына берген билер келбетін үлгі тұту, істерін өнеге ету; халықтық мұра – шешендік сөздерді және халықтық салт-дәстүрімізді сақтап, шешендік өнерді қадірлеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ұжымдық, топтық оқыту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, жарыссөз, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, қанатты сөздер, әлем ойшылдарының шешендік өнер туралы пікірлері, билер суреттері
Техникалық құралдар: интерактивті тақта, дербес компьютер
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, халықтық педагогика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. ¨ Оқушыларды іс-әрекетке жұмылдыру.
¨ Сынып оқушылары жұптарға, топтарға бөлініп, өзара белсенді әрекет атқарады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Шешендік сөздер қанша түрге бөлінеді? Олар қандай?
Шешен адамдар болған кімдер? Олардың есімдері кім?
Қандай ұлағатты сөздерді білесіңдер? Олардың авторлары кімдер?
Қандай билердің сөздерін жатқа білесіңдер?
Өткен сабақта біз халқымыз ерекше қадірлеген шешендік сөздермен танысып, сырлы сөз шеберлерінің бірі – Жиренше шешенмен кездескен едік.
Бүгінгі сабағымызға қандай олжамен келгенімізді танытып, ортаға салайық.
ІІІ. Жаңа сабақ өту
Шешендік сөздер.Төле би. Қазыбек би. Әйтеке би.
Кіріспе кезең. Оқушылар назарын аудару (тақтада):
Ақыл ойлап білген сөз
Бойыңа жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз
Бар тамырды қуалар. (Абай)
Бүгінгі жаңа сабағымызды Абай атамыздың сөзімен бастағым кеп тұр.Бұл сөзді таңдау себебімнің сырын сабақ соңында сынға салармыз деп ойлаймын.Сабағымыз,өздерің біліп отырғандай,өткендегі сабағымыздың заңды жалғасы болмақ. Яғни сөз өнерін жоғары қойған, аталы сөзге тоқтай білген халықтың бүгінгі ұрпағы-сендер ғасырлар бойы тамсандырып келген шешендік сөздердің мән-мағынасын түсіне талдап, бабаларымыздың ұлағатын оқып, осыдан бойларыңа рухани азық жимақсыңдар.
А. Жаңа тақырыпқа шолу жасау; мағлұмат беру.Тақтаға назар аударайық (саяхатшы, зерттеуші А.Янушкеевичтің сөзін жатқа оқып беру)
Мен қазақ ақынының суырып салма өнерін, асқақтата салған әнін тыңдап, ерекше әсерге бөліндім,бұдан бірнеше күн бұрын екі ел егесінде шаршы топтың алдында сөз сөйлеген шешендерді көрген едім,сонда мен тумысында Демосфен, Цицерондарды естіп, білмеген жандардың жезтаңдай ділмарлығына таң-тамаша болған едім. Ал бүгін менің алдымда не оқи, не жаза білмейтін ақындар бұлбұлдай сайрап отыр. Жаратқан иесі мұндай өнер берген халық мәдениет әлеміне өгей болуға тиіс емес…
Атақты орыс зерттеушісін таң еткен шешендер мен ақындар сияқты Жиренше шешен айтып кеткен «жақсылар» қатарында бір-бірінен бөле-жара қарауға келмейтін әйгілі Төле,Қазыбек, Әйтеке билерге арналған бүгінгі сабағымызды бастайық.
Ә. Таныстыру. Әр топ капитаны өздерімен таныстырады, ұрандарын хормен жауап береді. Әр топта: капитаны, хатшысы, лингвист, тарихшы, географ және тайменджер сайланады.
Б.Топтық жұмыс түрін орындату /конверттегі карточка столдарына қойылады/
1-топ. Қазыбек би туралы не білесіңдер?
2-топ. Төле би туралы не білесіңдер?
В. Топпен жұмыс. Әр топ оқушылары жеке жауап береді. Келесі топтар ретіне қарай толықтырады. Ауызша жауаптары тыңдалып жатқанда билер суреттерін экранға шығарып қою. Жауаптар аяқталған соң тақтадан төмендегі деректерді жинақтай көрсету.Дәптерге жазғызу.
Төле би Әлібекұлы
*Қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзені бойында Әулиеата маңындағы «Жайсаң жайлау» деген жерде дүниеге келген.
* 1663-1756 ( XVII-XVIII )
* Жасынан араб, парсы тілдерін жақсы меңгерген.
* Шығыстың аңыз әңгімелері, қисса-дастандарымен таныс болған.
* Әке тәрбиесімен билікке ерте араласқан; Алғыр, тапқыр, әділ болған.
* Әнет бабадан бата алған. Көреген. Толғаулар шығарған.
* «Қарлығаш әулие»,«Бала би» атанған.
Қазыбек Келдібекұлы
*От ауызды,орақ тілді шешен.Ел намысын қорғаушы.Даңқы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған жоңғар басқыншылығына қарсы күрес жылдары қазақ даласына жайылды.
* 1667-1764 (1763) жылдары өмір сүрген.
* Жастайынан ел ісіне араласқан. Кемеңгер би, батыл елші, парасатты мәмілегер.
* «Қаз дауысты» атанған. Ұшқыр қиялды, ұрымтал ойлы, жалынды сөзді азамат.
* Қайсар, батыл, өжет, өткір, жаратылысынан дарынды, хас талант.
Әйтеке би Байбекұлы
* Тәуке хан тұсында (1689-1766 жылдар аралығында) өмір сүрген.
* Қазақ халқының іргелі ел болуына ісімен де, сөзімен де зор үлес қосқан айбарлы би болған.
* Тапқыр,тілмар шешен,кең ой-өрісті,алғыр ойлы,өжет,әділдікті ту еткен,жүйелі сөзге көп мағына сыйғызған дана.
Г. Шешендер сөздерін оқыту және талдату. Оқулықпен жұмыс жасау.
Әр әңгіме, толғау талданған кезде ішіндегі түсініксіз сөздер тақтаға жаңа сөздер шығарылады.
1. тәлім алу – воспитываться
2. әділ – честность
3. төбе би – главный би
4. майталман – красноречивый оратор
5. әділқазы– справедливый судья
6. аталы сөз – мудрые слова
7. басын біріктіру – объединить
8. кеңесші – советник
9. атсалысу – участвовать
10. үлес қосқан – внесший вклад
1-топ. Төле би Әлібекұлы
Жаңбыр жаумаса, жер жетім…
2-топ. Қазыбек Келдібекұлы
Тату болса –ағайын жақын...
Д. Сөз шеберлері. Мақал-мәтелдер. Тіл, сөз туроалы.
Е. Грамматикалық тапсырмалармен жұмыс:
1. Мәтінді түсініп оқып, 3 сұрақ құрастыру.
2. Құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау жасу.
3. Бір таңдаған сөзге фонетикалық талдау жаса.
4. Бір зат есім, сын есім, етістік сөздерге морфологиялық талдау жаса
Е. Жаңа тақырыпты бекіту
Бүгінгі білгенімізді ортаға салып, «Үш пайғамбар» атанған үш би туралы әңгімелер мен олардың нәрлі сөздерінен алған білімімізге сараптама жасайық.Ел мұңын мұңдаған,халқына қызмет еткен билер бойындағы қасиеттерден оларды тағы кімдер ретінде таныдық?
* елші, мәмілегер
* тәрбиеші
* саясаткер, қоғам қайраткері
* заңгер
* ақын
* ойшыл, ғалым.
* психолог
* шешен
Олай болса,«шынайы шешен-жарқын тұлға» демекші,билеріміздің қазақ елі төріндегі жарық жұлдыздардың бірегейлері екендігін де таныдық деп ойлаймын.Жиренше шешен айтқан «жақсылар» біздің рухы күшті аталған шешендеріміз екені даусыз.Ұрпағы – сендер ұмытпай, ұлағатты сөздерін жаттап,айтып жүрсеңдер,олардың аттарының көгімізде мәңгі шырқап тұрғаны емес пе?Мына өздеріңе жақсы таныс ескерткіш-мүсіндегі қияға көз тіккен бабалардың отырысы ел іргесінің мығым екенін аңғартатындай. Осындай төл тілімізде сөз кестесін төгілтіп, әділдікке жүгінген азаматтар арман еткен ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ баянды болғай.
ІV. Сабақты қорытындылау
-Міне,балалар,бүгінгі сабағымыз да мәресіне жетті.Төле би, ер Қазыбек, тілді Әйтеке
Асқар тау – Қазығұрттай білімді еді.Бірі күн, бірі туған айдай болып,Заманға сәйкесімен келіп еді, – деп бағаланған билердің тамаша сөз оралымдарынан тағылым ала білсеңдер, сабақ басындағы:
Ақыл ойлап білген сөз
Бойыңа жұқпас,сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз
Бар тамырды қуалар, – деген Абай атамыздың сөзінің сырын
түсіндіңдер деп ойлаймын.
V.Үйге тапсырма беру
Мәтіннің мазмұнын рөлдерге бөліп айту.
5 жаттығу 26 бет
Синонимдерді қатыстырып сөз тіркесін жазу
Мысалы: Өтірік айту, жалған сөз, бекер келу. ...
VI. Формативтік бағалау
VII. Рефлексия
Грамматикалық тапсырмалармен жұмыс:
1. Мәтінді түсініп оқып, 3 сұрақ құрастыру.
2. Құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау жасу.
3. Бір таңдаған сөзге фонетикалық талдау жаса.
4. Бір зат есім, сын есім, етістік сөздерге морфологиялық талдау жаса
Грамматикалық тапсырмалармен жұмыс:
1. Мәтінді түсініп оқып, 3 сұрақ құрастыру.
2. Құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау жасу.
3. Бір таңдаған сөзге фонетикалық талдау жаса.
4. Бір зат есім, сын есім, етістік сөздерге морфологиялық талдау жаса
Грамматикалық тапсырмалармен жұмыс:
1. Мәтінді түсініп оқып, 3 сұрақ құрастыру.
2. Құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау жасу.
3. Бір таңдаған сөзге фонетикалық талдау жаса.
4. Бір зат есім, сын есім, етістік сөздерге морфологиялық талдау жаса
Жәнібек пен Жиренше.
Жәнібек хан уазірлеріне: “Маған өтірік пен шынның арасы немен айырылады, соны тауып беріңдер”, - дейді.
Ханның қырық уәзірлері қырық күн ойланып, таба алмайды.
Мұны естіген Жиренше шешен үйіне келіп, Қарашашқа:
- Жәнібек ханымыз қырық уәзіріне: “Өтірік шынның арасын айырыңдар,”-деп қысым жасап жатыр,-дейді
Өтірік пен шынның арасы- бір-ақ тұтам жер.Оның мәнісі: көзбен көрген – шын, құлақпен естіген - өтірік.Құлақ пен көздің арасы бір – ақ тұтам ғой.Көзбен көрген – анық , құлақпен естіген – танық емес пе? – дейді.
Шоу – викторина «Герои английской литературы»
Назовите трех лучших переводчиков с английского на русский детских стишков и песенок? (Маршак, Чуковский, Михалков)
Что означает слово folklore? (народная мудрость)
В каком столетии были написаны стихи для песни «Вечерний звон»? (в XVI веке)
Кто был «великим драматургом всех времен и народов»? (Вильям Шекспир)
Сколько пьес написал Шекспир? (37 пьес)
Сколько сонетов? (154)
Закончите в рифму: Нет повести печальнее на свете,
Чем повесть о …
Кто написал «Робинзона Крузо»? Каких еще 5 «Робинзонов» вы знаете? (Даниэль Дефо; французский, датский, голландский, греческий, немецкий )
Назовите полное имя Гулливера. (Лемюэль Гулливер)
Кто из английских писателей наиболее широко издается в нашей стране? (Чарльз Диккенс)
Назовите псевдоним математика, поэта и сказочника Чарльза Доджсона.( Льюис Кэрролл)
Охарактеризуйте английским словом сказки об Алисе. (nonsense)
Кто из следующих писателей писал грустные сказки: Л.Кэррол, О.Уальд, Киплинг? (Оскар Уальд)
Что написал Майн Рид? («Всадник без головы»)
Что еще написал автор баллады «Вересковый мед»? («Остров сокровищ»)
Назовите трех мастеров детектива. (Эдгар По, Артур Конан Дойл, Агата Кристи)
назовите мультфильмы и фильмы, созданные по произведениям английских и американских писателей.
Что такое пенталогия? (роман из 5 книг)
Назовите названия романов о Кожаном Чулке. («Зверобой», «Последний из могикан», «Следопыт», «Пионеры», «Прерия»)
Какая книга первой рассказала о судьбе американских негров? («Хижина Дяди Тома»)
Что означает Марк Твен? (мерка два)
Назовите писателей, носивших псевдонимы. (Л.Кэррол, М.Твен)
Раунд 3 «По страницам английской литературы».
А. Знаете ли вы?
Время- 1 мин. 2 балла
Назовите настоящую профессию Артура Конан Дойла. (Врач)
Какую английскую писательницу называют «королевой детектива»? (Агата Кристи).
Какой писатель убил своего героя, но вынужден был вновь его оживить по требованию читателей? (Артур Конан Дойл)
Имя какой писательницы послужило названием русской рок-группы? (Агата Кристи).
Б. Назовите героя и произведение.
Время- 2 мин. 3 балла.
«…не занимался медициной. Он сам ответил на этот вопрос отрицательно, подтвердив тем самым мнение Стэмфорда. Я не видел также, чтобы он систематически читал какую-нибудь научную литературу, которая пригодилась бы для ученого звания и открыла бы ему путь в мир науки. Однако некоторые предметы он изучал с поразительным рвением и в каких-то довольно странных областях обладал настолько обширными и точными познаниями, что порой я бывал просто ошеломлен». (Шерлок Холмс из рассказов Артура Конан Дойла).
«Ее сиянье факелы затмило.
Она, подобно яркому бериллу
В ушах арапки, чересчур светла
Для мира безобразия и зла.
Как голубя среди вороньей стаи,
Ее в толпе я сразу отличаю».
(«Ромео и Джульетта» У. Шекспира).
«Вскоре я почувствовал, как что-то живое задвигалось у меня по левой ноге, осторожно пробралось мне на грудь и приблизилось к подбородку. Опустив глаза, я различил перед собой человека ростом не более шести дюймов, с луком и стрелой в руках и колчаном за спиной». (Д. Свифт «Путешествия в некоторые отдаленные
страны света Лемюэля Гулливера, сначала хирурга, а потом капитана нескольких кораблей»).
4.«Почти весь день я бродил по берегу, отыскивая удобное место для жилья. Больше всего заботился о том, чтобы обезопасить себя от ночных нападений диких зверей и людей. К вечеру нашел наконец подходящее место на крутом склоне холма». (Д. Дефо «Робинзон Крузо»).
СЦЕНАРИЙ торжественной линейки
Гимн РК
Достарыңызбен бөлісу: |