«Химия кеші» интеллектуалдық сайысы
Сыныптар: 8-9
Мақсаты: Оқушылар арасынан химия ғылымына ынталы, талапты, алғыр оқушыны анықтау және оларды ізденуге, тез ойлауға, алғырлыққа баулу.
Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытып, өз ойын еркін жеткізуді, нақты тез шешім қабылдау дағдысын дамыту.
Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлесіп жұмыс істеуге, өз-өзіне сенімді болуға тәрбиелеу
Тапқыр,білгір,дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Химия пәнін сүйсең сен,
Ортаға сал барыңды.
Таныстыру
І-кезең «Ақ тілек - жылы лебіз»
«Ақ тілек-жылы лебіз» кезеңінде оқушылар бір-біріне химиялық тілек айтады.
ІІ-кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр»
Бұл кезеңде мәтін оқылады. Сайыскерлер оқылған мәтінге жылдам жауап беруі тиіс.
1. Ең жеңіл газ? (Сутек).
2. Қай реакцияның нәтижесінде екі немесе одан да көп заттар бірігіп, жаңа бір күрделі затқа айналады? (қосылу)
3. Тірі организмдердің ауаны сіңіріп, көмірқышқыл газын бөлу кезіндегі процесті қалай атайды?(дем алу)
4. Суда еритін негіздер (сілтілер)
5. Екінші периодтағы элементтер саны (сегіз)
6. Литийдің нейтрон саны (4)
7. Сүттің ашуы қай құбылысқа жатады? (химиялық)
8. Периодтық кестедегі №12 қай элемент (Магний)
9. Әртекті қоспаларды қандай әдіспен тазартады? (тұндыру, сүзу)
10. Атомдық массасы 16 тең қай элемент (оттегі)
11. Периодтық кестені ашқан ғалым (Д.И.Менделеев)
12. Химиялық реакцияның басты белгілері (жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі).
13. Бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауын қалай атайды? (айырылу реакциясы)
14. Электртерістігі ең жоғары элемент? (фтор).
15. Реакцияға дейінгі заттардың массасының реакциядан кейін де өзгермей сақталатындығын көрсететін заң (зат массасының сақталу заңы)
16. Реттік нөмері № 17 қай элемент (хлор)
17. Күміс қасықтың қараюы қай құбылысқа жатады? (химиялық)
18. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі (атом)
19. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі(молекула)
20. Сүзу әдісімен бөлінген ерітінді (сүзінді)
ІІІ-кезең : «Бақытты сәт»
1-сұрақ
Ертеден белгілі жетеудің бірімін,
Электроника саласында ірімін.
Көптеген құймаларға кіремін,
Әдемілігім жөнінде алтынмен тең жүремін. Мыс
2-сұрақ
Күмістей түсі жылтыр өзі сұйық
Буланбас қайнатсаңда отынды үріп,
Көрсететін суықты, жылуды анық
Қандай зат құрал жасар соны құйып. Сынап
3-сұрақ
Химия ғалымдарының докторы,профессор,КазКСРҒА-ның академигі Қазақстан КСР-нің ғылымға еңбек сіңірген қайраткері М.Усанович қандай теорияны ұсынды? Қышқылдар мен негіздердің жалпылама теориясы
4-сұрақ
Дмитрий Иванович Менделеев отбасындағы нешінші бала? 17
5-сұрақ
Нобель қандай химиялық затты патенттеу арқылы байыды? Тринитроглицерин немесе динамит 6-сұрақ Бақытты сәт.
Білген сайын келеді біле бергім
Біле беру емес пе тілегі елдің
Бүгін осы сайыста жеңіске жет
Білімді әрі білікті жас жеткіншек.
IV-кезең «Мықты болсаң, тауып көр»
«Мықты болсаң, тауып көр» кезеңінде өздері ұпай қойып жауап береді,
жауап дұрыс болса ұпай қосылады,
егер қате болса шегеріледі.
1-сұрақ
Есінен танған адамға алғашқы көмек ретінде қолданылатын сұйықтық
Мүсәтір спирті
2-сұрақ
Адамның қай ағзасында секундына 100000 химиялық реакция жүреді
Мида
3-сұрақ
Адам ағзасында қандай элементтің жетіспеуінен иіс және дәм сезу қызметтері бұзылады? Мырыш
4-сұрақ
Асқазан ішек жолының қабынуы (гастрит),ұйқы безінің қабынуы (панкреатит) ауруларын емдеуге қолданылатын қышқыл Тұз қышқылы
5-сұрақ
Егер қай элемент жетіспесе бауырда қорланған темір гемоглобинмен
байланысқа түсе алмайды. Мыс
6-сұрақ
Өз жерінің қара тасын мақтай білмеген, бөгде жердің алтынын да мақтап жарытпас
Қай ғалымның сөзі?
Қаныш Сәтбаев
V-тур «Зерек болсаң,шешіп көр»
Есепте бар масса да,
Шығады ол сасса да
Жауабын сен табасың,
Қарамайсың басқаға.
Формуланы табуға,
Үлесші дұрыс тануға.
Талабыңды көрсетші
Ойың бар ма тануға
V-кезең «Зерек болсаң,шешіп көр»
Мұнда 9 ұяшық беріледі. Әрбір ұяшықта есептер жасырылған.Ұпайы көп топ ұяшықты таңдайды. Егер топ мүшелері есептің жауабын дұрыс таппаса,келесі топ есептің жауабын айтуға мүмкіндігі бар. Дұрыс жауап үшін 20 ұпай беріледі. Есепті шығаруға 1 минут уақыт беріледі.
1-ұяшық: Массасы 8 г оттек газы О2 (қ.ж.) 5,6 л көлем алады. Газдың молярлық массасын тап (Ж:32)
2-ұяшық: 3,5 моль көміртегі (ІҮ) оксидінің СО2 массасын тап (Ж:154 г)
3-ұяшық: 75 г азот (ІІ) оксидінің NO алатын көлемін есепте (Ж:56 л)
5-ұяшық: Масссасы 128 г күкірттің зат мөлшерін тап (Ж: 4 моль)
6-ұяшық: Fe---FeO---Fe(OH)2---FeCL2
7-ұяшық: 6,2 кг фосфор жанғанда неше грамм фосфор (Ү) оксиді P2O5түзіледі?(Ж:14,2 г)
8-ұяшық: Ca---CaO---CaCL2---Ca(OH)2---CaSO4
9-ұяшық: Масссасы 64 г оттектің зат мөлшерін тап (Ж: 2 моль)
VI-кезең «Ойлы болсаң, озып көр»
«Ойлы болсаң,озып көр» кезеңінде қышқыл,негіз,тұз,су екенін ажыратып,түсіндіріп өтеді.
Білекті бірді, Білімді мыңдыж ы ғ а д ы.
Бүгінгі «Химия кеші» атты химия пәнінен өткізілген танымдық сайысымызда,
жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар шыққан тобымызды марапаттаймыз.