Синонимдер синоним



бет7/7
Дата07.02.2022
өлшемі21,72 Kb.
#95806
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мерзоянова Меруерт синонимдер

Оныншы сөз: «...Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды...»

  • Араб сөздері арқылы: ғибадат – табыну, құлшылық жасау

Он екінші сөз: «.. Бірақ оның екі шарты бар, соны білсе екен. Әуелі - иманның иғтиқатын махкамлемек керек, екінші - үйреніп жеткенше осы да болады ғой демей, үйрене берсе керек.».

  • Араб сөздері арқылы: иғтиқад – сені, нану

Махкамлемек – берік, мықты, орнықты
Отыз сегізінші сөз: «..Белгілі жәуанмәртлік үш хаслат бірлән болар деген, сиддиқ, кәрәм, ғақыл - бұл үшеуінен сиддиқ ғадаләт болар, кәрәм шафағат болар. Ғақыл мағалұм дүр, ғылымның бір аты екендігі. Бұлар әр адамның бойында алла табарака уатағала тәхмин бар қылып жаратқан. Бірақ оған рәуаж беріп гүлдендірмек, бәлки, адам өз халінше кәмәлатқа жеткізбек жәһәтінде болмақ».

  • Парсы сөздері арқылы: жәуанмәртлік – ізгі, жақсы

  • Араб сөздері арқылы: хаслат – түр, сипат, қасиет

Сиддық – шын, шындық
Кәрәм – жомарт, ақ иейіл
Ғақыл – ақылдылық, даналық
Рәуәж – тарату, өткізу
Жәһәт – ынта, жігер
Қырық бесінші сөз: «..Адамшылықтың алды - махаббат, ғадаләт, сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол - жаратқан тәңірінің ісі. Айғыр биеге ие болмақта да махаббат пен сезім бар. Бұл ғадаләт, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі - ғалым, сол - ғақил. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп.»

  • Ғадаләт- сезім, махаббат

  • Ғақил – ғалым, ойшыл

Синонимдердің мағыналық реңктері
Жиырма үшінші сөз: «..Жарым-жартысы аман қалғаны жақсы ма?»
Синонимдер сөз тудыруға қабілетті я қабілетсіз болып келеді. Мысалы, мына жерде жарым-жарты сөздерінің бір сыңары сөз жасауға қабілетсіз, екінші сыңары қабілетті.

Синонимдерді қолданудың бірнеше тәсілдері бар. Олар:

  • Алдыңғы сөйлемде немесе қатар тұрған тексте бір рет пайдаланған сөзді қайталамас үшін қолданылады. Қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен. /Бесінші сөз/. Көңілдері көкте, көздері аспанда. /Сегізінші сөз/.

  • белгілі бір ұғымды толық қамтып көрсету мақсатымен, бірнеше синоним қатарма-қатар қолданылады. Анттың, серттің бір тоқтаусыз кеткені ме? /Он бірінші сөз/.

  • Синонимдер жекелеп те, жұптап та қолданылады. Онша-мұнша қой жүнді қоңыршалар күнін де көре алмай жүр. /Он төртінші сөз/

  • Тілімізде екі мәндес сөз қатар келіп, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мұны тіл білімінде плеоназм немесе плеонастикалық сөз тіркесі дейді. Пәни жалған /жиырма үшінші сөз/



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Абай Қара сөз. – Алматы: Атамұра, 2016. – 200 б.

  2. Болғанбайұлы Ә., Қалиүлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы: оқу құралы. – Алматы, «Санат», 1997. – 256 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет