Идеал сыйымдылық элементі бар тізбек. Егер сыйымдылық элементке синусоидалы кернеу u = Umsin ω t берілген болса, ондағы заряд та синусоидалы заңдылықпен өзгереді:
q=Cu= СUmsin ω t.
Сыйымдылық элементпен жүретін ток
i = dq/dt = C .
Бұдан Im= UmCω = = Um/xc ,
мұндағы xC= сиымдылық кедергі.
Токтың әрекеттік мәні I= Uc/xc.
Фазалық ығысу φ = φ u - φ i =0-90o= -90o,
яғни векторлық диаграммада сыйымдылық
элементпен жүретін токтың I векторы кернеудің
U векторынан фаза бойынша 90о-қа озады
Лездік қуат: p = i u = Imsin(ω t+90o)Umsin ω t = (sin2 ω t) , яғни ол екі еселенген жиілікпен өзгереді Оның амплитудасын реактивті сыйымдылық қуат Qс деп атайды.
Qс = ; Өлшем бірлігі- [ВАр]
Конденсатор периодтың бірінші және үшінші ширектерде қоректендіргіштен энергия алып, бойына жинайды( яғни зарядталады ). Ал екінші және төртінші ширектерде бойына жинаған энергияны электр желісіне қайтарып береді . Сонымен конденсаторда энергия алмасу құбылыстары жүріп жатады. Период ішіндегі орташа қуат, яғни активті қуат нөлге тең (Р= 0).