Сандық анықтау ЖЭСХ
Қолданылуы - Ересектердегі артериялық гипертензияда;
- Коронарлық жүрек ауруларын, оның ішінде созылмалы ауруларды емдеуде;
- Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде;
- Бронх демікпесінде.
Сақталуы
Құрғақ, жарық түспейтін жерде сақтайды.
NIFEDIPINE
2,6-диметил-4-(2’-нитрофенил)-1,4-дигидропиридин-3,5-дикарбоксилат
Сипаттамасы: сары кристалды ұнтақ
Ерігіштігі: суда ерімейді, ацетонда оңай ериді, спиртте орташа ериді
Балқу температурасы: 171-175°С
Алыну жолдары Нифедипинді Ганч синтезі бойынша ацетосірке қышқылының метил эфирінің екі молі, о- нитробензальдегид және аммиактан алады.
Идентификация ИҚ-спектрлер
ЖҚХ әдісі: силикагель Ғ254 қабатты пластинкасы, қозғалмалы фазасы:
этилацетат – циклогексан.
КОН спирттік ерітіндісін қосқаннан кейін қызыл түске боялады (нитротопқа тән реакция).
Нитротоптың аминотопқа дейінгі тотықсыздану реакциясын, ары қарай диазоттау және N-нафтилэтилендиаминмен азобояу түзу реакциясы.
Қызыл түске боялады
Оптикалық сипаттамасы да қолданылады: хлорсутек қышқылының ерітіндісінде УК-спектрінде 238, 338 нм толқын ұзындығындажұтылу максимумдары бар, этанолда 237, 340 нм максимумдары болады, ал минимумдары – 218, 282 нм; ИҚ-спектрдегі жолақтары 1690, 1527,1496, 1310, 1225, 1120 болады ; масс-спектрдегі сәйкес шыңдары : 330, 329, 285, 284, 270, 268, 225, 224.
Тазалығы Нифедипиндегі тектес қоспаларды ЖЭСХ әдісімен анықтайды: хроматографияға арналған октадецилсилильді силикагель; қозғалмалы фазасы: ацетонитрил – метанол – су (9:36:55)
Нифедипин қоспалары: